«Іштен шыққан жау жаман „
"Іштен шыққан жау жаман ". Қазақ тілінің дәрежесін көтеруге кедергі болып отырғандар қазақтың орысшылдары, бірінші кедергі солар! Қазақ өзімен өзі тіл жайлы қырқысып жатса, басқа ұлт не істемейді? Орыс тілді қазақтар! Сендерді намыс деген бар ма, жоқ па? "Ұлтыңыз кім? " деп сұраса не деп жауап бересіңдер? "Гибридпін " немесе "мутантпын " дейсіңдер ме? Намыстарың болса, үлгі алыңдар қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар ағаларыңнан! Оқыңдар Тоқтар ағаларыңның не үшін қайтадан үйренгенін! Намыс үшін, намыс! "Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді ". Түбінде қазақ елінде қазақ тілі женіске жетеді, сонда ұрпағыңа не айтасың? Өз ұлтыңның тілін біл, сені дүниеге әкелген анаңның тілін біл, басқа елдің тілін құрметте! Әлде аналарыңды да сыйламайсыңдар ма, онда "сорпа, саған сөз жоқ". Сендерді біраз тербеттік, босатыңдар биліктегі орындарыңды! Жұмсақ орындық, жайлы ел табыңдар басқа жақтан!
