Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауыспалы кубогіне арналған пікір-сайыс турнирі

2016 жылы 22 қазан күні «Жас Отан» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының XVI ауыспалы кубогіне арналған пікір-сайыстың облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Пікір-сайыс төрешілерінің қатарында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин болды. Қатысушылар арасында қызу пікір-талас тудырған қарардың бірі – «Бұл палата Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктердің жұмысын қадағалауды күшейту қажет деп есептейді».

Қазақ және орыс лигалары бойынша жеңімпаз атанған командаларға Астана қаласында өтетін республикалық пікір-сайыс турниріне қатысу үшін сертификат берілді.

 
0
0
338

Осы тақырып бойынша

Ауыспалы кубогіне арналған пікір-сайыс турнирі - Yvision.kz