Мазмұнға өту

Жаңа

Универсиадаға 100 күн

 

Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан басталады. Осы жылы АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды. Универсиаданың бір мақсаты – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету.

Алдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадасына орай Қазақстан Республикасының оқу орындарында атақты спортшылардың қатысуымен оқушылар, студенттер арасында таңғы жаттығулар өтеді. Бүгін, дүйсенбінің таңында аталған іс-шара Павлодар қаласында  Инновациялық Еуразия Университетінің студенттерімен өткізілді.

2016 жылғы Рио-де-Жанейро қаласында өткен  олимпиада да еркін күрестен қазақ елінің намысын қорғаған Мамед Ибрагимов және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Қасамбаев Ерсайын таңғы жаттығуды көпшілікпен бірге жасады.

Осындай іс-шаралар жастар спортының имиджін көтеруге ықпал етеді және Қазақстанның заманауи спортын дамытудағы маңызды кең болып табылады.

0
0
887

Ф.Қуанғанов: ҚР Президентінің манифесінде жаһандық проблемаларды шешу әрекеттерінің тиімді алгоритмі ұсынылған

БҰҰ-ның Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитінде айтылған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде әлемге жаһандық қауіпсіздіктің қазіргі проблемаларын шешудің қарапайым және тиімді әрекеттері ұсынылған. Осы пікірімен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов «Әлем. ХХІ ғасыр» атты арнайы жастар сессиясының барысында бөлісті.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ХХІ ғасырдың сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлерін терең түсіне отыра, тәуелсіздік жылдары ішінде халықаралық өмірдің барлық салаларын қамтитын және әлем және адамзат тағдыры үшін терең алаңдаушылықты көрсететін бірқатар стратегиялық маңызды жаһандық бастамалармен сөз сөйледі. Халықаралық қатынастардағы шиеленіс жаппай қырып-жою қаруының ядролық, химиялық, биологиялық және кез келген басқа түрінің таралуына алаңдаушылық туғызады. Манифесте мемлекеттік тартыстардың кез келген нысандарын жоюға бағытталған жаһандық қауіпсіздіктің жаңа парадигмасы көрсетілген. Осы бастама аясында әлемге жаһандық қауіпсіздіктің қазіргі проблемаларын шешудің қарапайым, алайда, біздің ойымызша, тиімді алгоритмі ұсынылған», - деді Ф. Қуанғанов.

Ол Қазақстан ішкі саяси тұрақтылықтың және құрылған этносаралық және конфессияаралық келісім жүйесінің арқасында сәтті, тұрақты және беделді мемлекетке айналды деп қосты.

Қорытындылай келе, «Нұр Отан» партиясының хатшысы сессияға қатысушы елдердің жастар ұйымдарын жер бетінде бейбітшілікті нығайту үшін жастардың не жасай алатыны туралы ойлануға шақырды.

«Әлем. ХХІ ғасыр» арнайы жастар сессиясы 2016-2017 жылдары Қазақстанның ШЫҰ Жастар кеңесінде төрағалық етуі аясында жүргізіліп отыр. Арнайы жастар сессиясының мақсаты – Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Манифесі идеясының айналасында халықаралық жастар қоғамының бірігуіне жәрдемдесу.

Сессияға 9 елден: Ресей, Қытай, Қырғызстан, Германия, Түркия, Монғолия, Беларусь, Әзірбайжан және Тәжікстаннан жастар көшбасшылары қатысады. Арнайы сессия 27 қазанға дейін созылады. Кейін «Жас Отан» ЖЖҚ және Беларусь пен Түркияның жастар ұйымдары арасында екіжақты келісімдерге қол қойылады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
454

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Германияда «Қазақ кітапханасы» жобасының тұсаукесері өтті

Халықаралық Франкфурт кітап көрмесі аясында «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – қазақ кітапханасының 25 кітабы» атты ұранмен «Қазақ кітапханасы» жобасының мерейтойлық тұсаукесері өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Тұсаукесерге Германияның қоғамдық-саяси және зияткерлік топтарының өкілдері, неміс сарапшылары мен журналистері, көрмеге келушілер қатысты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев өз сөзінде қонақтарды «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының маңызды кезеңдерімен, сондай-ақ елдің ұлттық рухани байлығын қамтамасыз ету және оның тұрғындарының ұлттық сана-сезімін нығайту саласындағы ұлттық саясаттың құрамына тарихты, философияны, этнографияны, тіл мен әдебиетті дамыту кіретін негізгі бағыттарымен таныстырды. Осыған орай, ҚР МСМ жауапты хатшысы «Қазақ кітапханасы» жобсының практикалық құндылығын атап өтті.

Қазақстанның Германиядағы елшісі Болат Нүсіпов неміс аудиториясына Германиядағы «Қазақ кітапханасы» жобасының іске асырылу тарихы, оның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып өтті. Қазақстандық дипломат ел басшылығының жан-жақты қолдауының арқасында Германияда да басқа неміс тілді елердегідей қазақстандық жазушылардың жиырма бес шығармасы жарық көргенін атап өтті, олардың жұмыстары неміс оқырмандарын Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен кеңірек таныстыруға және осылайша, біздің халықтарымызды рухани жағынан жақындатуға мүмкіндік берді.

Неміс журналистері одағының мүшесі Константин Далибор «Қазақ кітапханасының» тұсаукесерін өткізу үшін Франкфурт кітап көрмесінің бірегейлігін атап өтті. Ол екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға және кеңейтуге арналғанын және біздің елдеріміздің болашақ ұрпағы үшін мәдени ынтымақтастықтың аса маңызды екенін айтты, себебі, оның айтуы бойынша, ұзақ мерзімді болашақта көпшіліктің ақыл-ойы мен жүректерін тек әдебиет пен жазу өнері ғана жаулап ала алады. Кітап көрмесін ұйымдастырушы Юрген Верц компанияның ұзақ мерзімді болашаққа арналған жоспарларымен таныстыра отырып, Қазақстанды болашақта көрменің ресми әріптесі ретінде қатысу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Іс-шара барысында неміс әдебиеттанушысы Л. Кошут сөз сөйледі. Белгілі неміс жазушысы және әдебиет сыншысы  жобаның тарихи және рухани маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол соңғы елу жыл ішіндегі Қазақстан жазушыларымен өткен кездесулері мен әңгімелесуі туралы өз естеліктерімен де бөлісті. Неміс жазушысы қазақ әдебиетінің дамуы жөніндегі көптеген очерктердің және қазақ авторларының туындыларына пікірсараптардың авторы болып табылады. 2002 жылы Л. Кошут «қазақ әдебиетін насихаттауға және Қазақстан әдебиетін неміс тілінде басып шығаруға қосқан едәуір үлесі үшін» Михаил Дудиннің сыйлығына ие болды.

СІМ атап өткендей, «Қазақ кітапханасы» жобасын Қазақстанның Германиядағы Елшілігі 2006 жылдан бастап іске асырып келеді, оның аясында осы уақытқа дейін қазақстандық авторлардың 25 туындысы неміс тілінде жарияланған. Олардың арасында Мемлекет басшысының «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы» кітаптарын, сондай-ақ М. Әуезов, Т. Ахтанов, І. Есенберлин, М. Мақатаев. Ф. Оңғарсынова. Д. Досжан, Ә. Кекілбаев, Г. Бельгер, О. Сүлейменов сияқты белгілі қазақ авторларының туындыларын да ерекше атап өту қажет.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
482

Ет өнімдерінің өндірісі мемлекетаралық стандартқа сай болуы тиіс – сарапшы

Ет өнімдерінің өндірісі мемлекетаралық стандартқа сай болуы тиіс, деді Ресей Федерациясының Мемлекеттік федералды ет өнеркәсібі институты оқыту орталығының жетекшісі Михаил Трифонов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.

«Қазақстанға тәжірибе алмасу мақсатында келдім, Қазақстандағы ет нарығының жағдайы мен Ресейдегі ет өнеркәсібінің дамуы туралы ақпарат алмасамын. Ет шикізатына қандай талап қойылатынын және Ресей аумағына ет тасымалдау үшін қандай талаптарды орындау керектігі жайында пікір алмасатын боламын», - деді ол.

Сарапшы айтып өткендей, қазір Қазақстанда ет өңдеу өнеркәсіптері бар, сондай-ақ, фермерлік  шаруашылықтардың саны да жеткілікті.

«Ет шикізатын Ресей аумағына жеткізу үшін өнім ресейлік стандартқа, не болмаса мемлекетаралық стандартқай сай болуы керек. Қазіргі таңда Қазақстан мен РФ-да  өнім нарығында  тауарлардың айтарлықтай көп түрін кездестірдім. РФ-да шошқа еті мен шұжық етін өнідіретін шаруашылықтардың қатары жеткілікті. РФ-да бұл өнім түрі нарықтың  10 пайызын құрап отыр. Ресей нарығын айтатын болсақ, ет өнімін жеткізу, халал өнімін жеткізу, тауар қатарын  өсіру үшін  шұжық етін көбейтіп, шошқа етін өңдеуді арттыру қажет», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ұлттық стандартты мемлекетаралық стандартқа көшіру қарастырылған. Бұл стандарттар әрбір елде қарастырылады.

«Әрбір мемлекет бұл стандартқа қосылатын болса, барлық талапты орындайтын болады. Барлық ел бірыңғай стандарт бойынша жұмыс істейді», - деді ол.

Ресейде де  отандық етті қолданады, қазір шикізатты Қытайға өткізу мүмкіндігі тұр.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспары шеңберінде агроөнеркәсіп кешені ел экономикасының маңызды бөлігі болып табылатынын еске сала кетейік, ол ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өңдеу және тұтынушыға жеткізу салаларын қамтиды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін өндіріс құралдарымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, АӨК халық шаруашылығының маңызды бөлігі болып табылады, бұл жөнінде Президентіміздің Жолдауында айтылған. Онда ауыл шаруашылығы АӨК басты бөлімі болып табылатын агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімділікті кемінде екі есе арттыру қажет делінген.  Ол оның негізгі өндірістік қорларының 70%-ға жуығына шоғырлана отырып, Қазақстан аумағындағы АӨК барлық өнімінің жартысынан астамын береді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
1530

Еліміздің колледж студенттерінің 20%-ы жұмысшы мамандықтары бойынша білім алады – ҚР БҒМ

Колледждерде 498,9 мың адам білім алады, соның ішінде жұмысшы мамандықтары бойынша не бары 97,7 мың адам немесе барлық құрамның 20%-ы білім алады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында.

«Елімізде 807 колледж, 29 оқу-өндірістік комбинаты, 58 кәсіпорындардың жанындағы оқу орталығы, ҚР Қорғаныс министрлігінің 15 әскери-техникалық мектеп филиалы жұмыс істейді. Даярлық 183 мамандық және 400-ден астам біліктілік бойынша жүргізіледі. Колледждерде 498,9 мың адам, соның ішінде жұмысшы мамандықтары бойынша 97,7 мыңға жуық адам немесе жалпы құрамның 20%-ы білім алады. Негізінен барлығы тегін оқиды, бұл 2016 жылы заңнама түрінде бекітілген. Орта буын мамандықтары бойынша 401,2 мың адам немесе жалпы құрамның 80%-ы білім алады, соның ішінде  144,6 мың адам – мемлекеттік тапсырыс бойынша (36%), 256,6 мың адам – ақылы негізде (64%)», — деп атап өтті Э. Суханбердиева «Нұр Отан» партиясының сайлау алды бағдарламасының «Білім және ғылым» сараптамалық тобының «Кәсіптік-техникалық білім» кіші тобы отырысында оқыған өз баяндамасында.

Оның айтуы бойынша, мемлекеттік тапсырыс бойынша 242,3 мың адам немесе жалпы құрамның 48%-ы білім алады. Жастардың көпшілігі — 256,6 мың адам немесе 52%-ы — ақылы негізде білім алады. Осы ретте ақылы білім беру өндірістік базаға емес, гуманитарлық мамандықтарға бағдарланған.

«Біз бірінші нысаналы топты анықтадық: бұл экономикалық және заң мамандықтарын қоспағанда, ақылы негізде түсетін өткен жылдар мен 9 және 11 сыныптардың 4 мың түлегі, сондай-ақ жыл сайын біліктіліксіз қалатын 21 мың түлек. Олардың саны 65 мың адам — бұл қосымша. Біз техникалық және кәсіптік білім беруді тегін ұсынудың жаңа тетігін әзірледік. Егер бұрын мектеп бітірушілер жұмысшы біліктілігіне немесе орта буын мамандығына мемлекеттік тапсырыс бойынша немесе ақылы негізде түссе, жаңа модель кезінде жастарға жұмысшы мамандығын алу, сондай-ақ орта буын мамандығын алу шеңберінде жұмысшы біліктілігін алып, еңбек нарығына шығу мүмкіндігі беріледі. Алдымен, гранттар жұмысшы мамандықтары үшін беріледі, ал қалғандары басқа мамандықтарға бөлінеді», — деді вице-министр.

Болашақта жаңа модель бойынша қабылдау 160 мың адамды, жұмысшы мамандықтарына – 40 мың, 2 жұмысшы біліктілігін ала отырып, орта буын мамандықтарына – 80 мың, сондай-ақ экономикалық және заң мамандықтарына 20 мың адамды құрайды. Осы ретте ҚР БҒМ жұмысшы мамандықтары бойынша даярлықты 2 есе ұлғайтуды мақсат етіп қояды. Келесі жылы да ыстық тамақтану, стипендиялар, жол жүру ақысы және жатақханалар түрінде әлеуметтік қолдауды көздеу жоспарланып отыр.

«Жобаның екінші нысаналы тобы - 642 мың адам: бұл 550 мың біліктілігі жоқ жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, колледждер мен жоғарғы оқу орындарынан шығарылған 55 мың студент. Оларды кәсіптік оқыту колледждердің, оқу орталықтарының, әскери-техникалық мектептер филиалдарының базасында жүзеге асырылады. Жұмыспен қамту орталықтары мектептердің, колледждердің және жоғарғы оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтылуын тұрақты мониторингілеуі үшін  олардың ЖСН ақпараттық дерекқорын ықпалдастыру ұсынылады», — деп хабарлады Э. Суханбедиева.

Оқу мерзімі мамандықтардың күрделілігіне қарай 1 айдан 6 айға дейін құрайды. Курс аяқталғаннан кейін түлектер мемлекеттік үлгідегі куәлік, сертификат алады, ал әскери-техникалық мамандықтар бойынша білім алушылар жұмысшы біліктілігі туралы куәлік алады.

Еске сала кетейік, ҚР БҒМ қысқа мерзімді болашақта жұмысшы мамандықтары бойынша даярлықты жылына 40 мыңнан 80 мыңға дейін екі есе ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 2017 жылы гранттар бірінші кезекте жұмысшы мамандықтарына, соңғы кезекте, гранттар жетсе, экономикалық және заң мамандықтарына беріледі деп ұсынылады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
578

Р. Асанбаева: ЭКСПО-2017 жер шарын сақтау үшін болашақтың энергиясын пайдалануда барлық әлемді біріктіреді

«ЭКСПО-2017» көрмесі - бұл жер шарын сақтау үшін болашақтың энергиясын пайдалануға дайындықта әлем мен барша адамзатты біріктіретін оқиға. Бұл жөнінде «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК ілгерілету және туризм департаменті директорының орынбасары Роза Асанбаева Strategy2050.kz АА-ға берген сұхбатында айтты.

«Қазақстанда әлем бойынша ұқсастығы жоқ көрікті жерлер бар. «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы, өз кезегінде, елдің туристік кластерін шетелде таратып түсіндіретін болады. Біз көрменің жер шарын сақтау үшін болашақ энергиясын пайдалануға дайындықта әлем мен барша адамзатты біріктіретін оқиға екенін көріп отырмыз, себебі біздің көрмеміз «Болашақтың энергиясы» қамқорлығымен өтуде», - деді ол.

Оның айтуы бойынша, бүгінгі күні туризм әлемі географиялық таптаурыннан алыстап бара жатыр, енді көптеген туристер белгіленген тур-бағдарларды таңдайды.

«Әлемнің туроператорлары туристік бағдарларға адамдардың жаңа тәжірибе мен әсер алу жүйесі ретінде қарайды. Бүгінгі таңда туристерді Алматы, Алматы облысы, Бурабай, Байқоңыр, Маңғыстау, Балқаш көлі қызықтырады. Біз  Жапониядағы көрмеге қатыстық, жапондық тур-операторлардың біреуі Жапония бойынша «ЭКСПО-2017» көрмесіне билет сату жөніндегі бас агент болуға ниет білдірді, Кореядағы туроператорлармен де дәл осындай келісушілікке қол жеткізілді», - деді Р. Асанбаева.

Ол атап өткендей, мұндай үлкен қызығушылық «ЭКСПО-2017» көрмесіне байланысты туындаған.

«ЭКСПО-2017» - бұл барша ел болып қолға алынған ұлттық жоба. Қазір біз осы қарқынды үзбей, біртіндеп, көрмеден кейінгі әсерді қалай сақтап, жалғастыру керектігін үлгі ретінде көрсетіп жатырмыз. Еуропада біз аса танымалдылыққа ие болдық, себебі Қазақстанның Миландағы павильоны танымал болғаны соншалықты, тіпті адамдар қазақстандық павильонға қатысу үшін 8 сағаттан кезекте тұрған», - деді Р. Асанбаева.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
558

Астанада сегіз елдің жастар ұйымы әлем қауіпсіздігін нығайту тетіктерін талқылады

Астанада 2016-2017 жылдары Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының жастар кеңесінде төрағалық етуі шеңберінде өткізіліп жатқан «Әлем. ХХІ ғасыр» арнайы жастар сессиясының ашылуы өтті.

Сессияның негізгі мақсаты – халықаралық жастар қоғамын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі идеясының төңірегінде біріктіруге жәрдемдесу.

«Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Шахмардан Байманов атап өткендей, «бүгін дүние жүзіне бейбітшілік қажет».

«Бүгін біз негізгі міндеті Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі бастамасын қолдау болып табылатын арнайы жастар сессиясын өткізіп жатырмыз. Манифесте айтылғандай, «бүгін дүние жүзіне бейбітшілік қажет». Сегіз елдің жастар ұйымдары елдер арасындағы келісімді нығайту тетіктерін бір сұхбат алаңында талқылады. Жастар арасында ешқандай шекара жоқ. Осы іс-шара арқылы біз жастардың бейбітшілік үшін ынтымақтастық жасап, бастамаларды қолдау алатынына дайын екенін көрсеткіміз келді», - деді Ш. Байманов сессияда.

Сессияға Ресей, ҚХР, Қырғызстан, Германия, Түркия, Беларусь, Әзірбайжан және Тәжікстаннан жастар ұйымдары қатысты.

Сессия аясында жастар ұйымдарының көшбасшылары «Нұр Отан» партиясының басшылығымен кездесіп, өңірдегі және дүние жүзіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, «Жас Отан» ЖҚ және Беларусь пен Түркияның жастар ұйымдары арасындағы екіжақты келісімдерге қол қойылды.

Арнайы жастар сессиясы 27 қазанға дейін созылады. Сессия қорытындылары бойынша оған қатысушылар дүниежүзілік қоғамның жер бетіндегі зорлық-зомбылық пен дауларға қарсы күш біріктіруіне бағытталған Жастарға үндеу қабылдады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
417

Н.Ерімбетов: Мемлекет пен ҮЕҰ өзара байланысы тең құқылы серіктестік негізінде құрылады

Мемлекет пен ҮЕҰ өзара байланысы тең құқылы серіктестік негізінде құрылады, деді баспасөз конференциясы барысында «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ Президенті Нұрлан Ерімбетов.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 25 қарашасында VII Азаматтық Форумын өткізу бойынша дайындыққа арналған баспасөз конференциясы өтті.

Форумға ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылығы, ҚР Парламенті депутаттары, ҚР орталық және жергілікті атқарушы органдары өкілдері, өңірлік және республикалық ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар өкілдері, дипломатиялық миссиялар басшылары, сарапшылық қоғамдыстық және БАҚ өкілдері қатысады.

Аталған шараның алдында облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында ҮЕҰ-ның өңірлік Форумдары өтуде. Өңірлік Форумдарда өңір алдында тұрған мәселелерді шешу жолдары анықталатын болады, республика масштабындағы ұсыныстар пысықталады, Қазақстанның VII Азаматтық Форумына делегаттар сайланады.

Сонымен қатар, «Тәуелсіздіктің 25-жылдығына ҮЕҰ-ның 25 бастамасы!» республикалық акциясы өткізіледі. Әр өңірлік форумда бір бастамадан ұсынылатын болады, оның шеңберінде ҮЕҰ-лар бірге бірлесе отырып, өңірдің нақты проблемасын шешуді өздеріне алатын болады. Өңірлердің 16 бастамасына қосымша, 9 республикалық ҮЕҰ әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша 9 бастаманы ұсынады. Осылайша, «Тәуелсіздіктің 25-жылдығына ҮЕҰ-ның 25 бастамасы!» Республикалық Акциясы басталады.

Шара барысында Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі.  Конкурс әлеуметтік проблемаларды шешудегі инновациялық тәсілдерді анықтауға бағытталған. Жәрмеңке 15 қазан мен 15 қараша аралығында өтеді. Жобаның үздік идеясының авторы 1 млн. теңге көлеміндегі сыйлықпен марапатталады.

Сондай-ақ, «Таным» республикалық конкурсы басталған. Конкурс ҮЕҰ жетістіктерін көпшілікке мойындатуға бағытталған. Конкурс жеңімпаздар онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. 14 номинация бойынша марапттау салтанаты Форум шеңберінде өтеді.

Форум бағдарламасына ҮЕҰ жетістіктерінің көрмесі, Қазақстанның VII Азаматтық Форумының пленарлық отырысы еніп отыр. Отырыс барысында «Қазақстанның ҮЕҰ-ның этика кодексін» қабылдау және VII Азаматтық Форумы ұсыныстарын пысықтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Н.Ерімбетовтың айтуынша, Қазақстанның Азаматтық альянсы Қоғамдық кеңестерді дамыту мақсатын алға қойып отыр.

Жоба өңірлік Қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша олармен серіктестік өзара іс-қимыл жасауға, халықты Қоғамдық кеңестер арқылы шешімдер қабылдау процесіне тартуға бағыталған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
435

Ақтөбе облысында ШОБ-тің 50 мыңнан астам субъектісі тіркелді

Ақтөбе облысында 2016 жылдың 9 айы бойынша шағын және орта бизнестің 50,8 мың субъектісі тіркелді.

«Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығында хабарлағандай, облыста шағын және орта бизнес дамуда, бөлшек тауардың  көлемі  215, 7 млрд теңгені құрады.

Облыстың негізгі капиталына  211,2 млрд теңге инвестиция құйылды. Инвестиция көлемінің төмендеуі Ырғыз, Темір, Мұғалжар, Ойыл, Алға аудандарында байқалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 94 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, облыста 21672 адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде  тұрақты жұмыс орнымен  7591 адам, маусымдық – 682 адам, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа  қоғамдық жұмыстармен 7604 адам қамтылды.

Сонымен қатар, Ақтөбеліктер 9 ай ішінде 844,2 млрд теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірген. 2016 жылдың басынан бастап Ақтөбе облысындағы өнеркәсіптік өнім көлемі 844,2 млрд теңгені құрады, деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов Ақтөбе облысының 2016 жылғы 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша кеңейтілген жиналыс барысында. 2016 жылдың басынан бастап өнеркәсіптік өнім өндірісі 844,2 млрд теңгені құраған. Өңдеу өнеркәсібінде 245,1 млрд теңгеге өнім өндірілген. Осы ретте, сусындар, қағаз және қағаз өнімі, мұнай өңдеу, химия, қара металлургия, машина жасау өнімдері өндірісінің көлемдері өскен.

«Өңірлік Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде үш жүзден астам жұмыс орны ашыла отырып, 6,5 млрд теңге сомасына 4 жоба іске асырылуда», - деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары.

Одан басқа, әкім орынбасарының деректері бойынша, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі  132,4 млрд теңгені құраған.

«Физикалық көлем индексінің өсуі облыстың барлық аудандары бойынша байқалады, ІҚМ басы 432,8 мыңға дейін, жылқы басы 109,4 мыңға дейін, қой мен ешкі басы 1256,9 мыңға дейін, түйе басы 16,7 мыңға дейін ұлғайды», - деп атап өтті А. Биахметов.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
318

Қазақстанда 14 жыл ішінде денсаулық сақтау саласының 320 мыңнан астам маманы өз біліктілігін арттырды

2002-2015 жылдар аралығында Қазақстанда біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарында денсаулық сақтау саласының 330 466 маманы (2002 жылы –9500, 2015 жылы – 47 512), оның ішінде 2572 адам шетелде оқытылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мамандарды шетелде даярлау 2005 жылы басталды. Осы уақыт аралығында қазақстандық мамандар диагностикалаудың жаңа әдістері мен кардиохирургия, нейрохирургия, онкология, гематология, акушерлік және гинекология, педиатрия, фтизиатриядағы және т.б. жаңа емдеу тәсілдерін үйренді.

Денсаулық сақтау жүйесінде жылдан жылға жаңа технологиялар енгізіліп, жаңа дәрілік заттар мен жабдықтар жасалуда. Сондықтан, мамандарды оқыту сапасына, оның ішінде қосымша білім беру бағдарламаларына деген талап артып келеді.

Мамандарды кәсіби тұрғыда үздіксіз дамыту мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ДСӘДМ бірқатар кешенді шараларды қарастыруда. Жыл сайын республикалық бюджеттен денсаулық сақтау саласы ұйымдарының кадрларын қайта даярлау мен олардың біліктілігін ел ішінде арттыруға; мемлекеттік денсаулық сақтау саласы ұйымдарының кадрларын қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру шараларын шетелдің жетекші мамандарын шақыру арқылы отандық білім және ғылым ұйымдарында өткізуге, сонымен бірге, жоғары білімді және ЖОО-дан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға қаражат бөлінген.

Сонымен қатар, ЖОО-дан кейінгі білім беру бағдарламасының аясында жоғары мамандандырылған кадрларды резидентура, магистратура мен докторантурада дайындау жүргізілуде.

Жаңа формат мамандарын – денсаулық сақтау саласы магистрлерін дайындау 2003 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Қазақстанның Болон конвенциясына қол қоюының аясында 2008 жылдан бастап Phd докторантурасы мен резидентурасында даярлау жүргізіліп келеді. Осы жылдар аралығында 2 мыңнан астам жоғары мамандандырылған ғылыми кадрлар даярланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдан бастап ҚР денсаулық сақтау саласы кадрларының ресурстарын дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылып келеді. Оның мақсаты – денсаулық сақтау саласының сапалы қызметтерін қамтамасыз ететін тиімді кадрлық саясатын қалыптастыру. Ол бірқатар шараларды, оның ішінде кадрларды үздіксіз кәсіби дамыту әдістемесін қарастырады. Мамандарды дипломнан кейін дайындауды жетілдіру бойынша қабылданатын шаралар мамандардың біліктілігін арттырып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
435