«Бай байға құяды, сай сайға құяды»
Әкесі, қызы, жиені, күйеулер, құдалар, нағашылар нағыз СПРУТТЫҢ өзі. Италияда СПРУТТЫ кино да көрсек, біз СПРУТТЫ өмірде көріп отырмыз. Билік СПРУТТЫҢ қолында. Аузыңды ашып, құқығыңды қорғағың келсе, топырлап темір тордың аржағынан бір шығасың! Қорғап көр сосын құқығыңды, біздің соттың алдында! Саясаткерлер сценарий бойынша сотталады. Қандай үкім шығарылатыны айтпаса да түсінікті, халықта оны біліп отырады. Ананың жан айқайын, баланың шырылын биліктегілер естімейді, естісе де « ит үреді, керуен көшеді» деп жүре береді. Алладан да қорықпайды бұлар. «Сыйынғаннан сүйенгенің күшті болсын» деген. Халық «батырымыз» деген екі жігітті билік соттап жатыр, «қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса». Миллиардтап ақша жегендердің айтқанға көнбей бұра тартқандары ғана тұзаққа түседі. Мемлекеттің ішіндегі мемлекет «Самұрық Қазына» леген халықтың миллиардтаған ақшасын оңды солды шашуды біледі. Міне тағы да миллиардтаған қаржыны шығын қылып шетел компаниясымен келісім шартқа отырмақшы. Бүгін оған еліміздегі IT мамандары қарсы шықты. Ондай шаруаға « аз қаражатпен өзімізде қол жеткіземіз» деп отыр, неге оларды қолдамасқа? Неге қолдамайтындары экономист емес маған да белгілі, откат арқылы қалтаға түсетін ақша. Құлқынды құртып отырған сол ақша! Айттың не, айқайладың не, билік өзгермей, жемқорлар құрымай ештеңе шықпайды