Бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі МӘМС қоры арқылы қаржыландыруға 90% дайын
Бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі МӘМС қорына ауысады және Қазақстанның әрбір азаматын есепке алуды жүргізеді, бүгінгі күні жүйе МӘМС қоры арқылы қаржыландыруға 90% дайын, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы базасында ДСӘДМ ақпараттық жүйелерімен таныстыру жөніндегі отырыс барысында. «Бүгінгі күні біз МӘМС жүйесіндегі есепке алу, қаржыландыру қалай жүргізілетіні жөніндегі ақпараттық жүйелерді көрсеттік. Барлық ақпараттық жүйелердің негізгі әлеуеті іске асырылған, біз бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз. Бізде Қазақстан ішіндегі барлық жағдайларды әкімшілендіруді жүзеге асыратын медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті бар, ақы төлеу сол арқылы жүргізіледі, сәйкесінше, Қор оның…