Мазмұнға өту

Жаңа

Конгрестің оңды жобалары

Мен бүгінгі және алғашқы блогымды Қазақстан Жастар Конгрессінің атқарып жатқан істерін жазудан бастағым келеді. Негізінде, өзімнің бұл Конгреске еш қатысым болмаса да, сол Конгресс құрамында жүрген құрбымнан көп естимін. Құрбымның да Конгресс құрамында  жүргеніне  көп уақыт бола қойған жоқ,бірақ осы аз уақыт ішінде атқарған оңды істері де жетерлік. Солардың бірі "Казахстан- это Я"- "Менің Қазақстаным"  Ұлттық жобасының бірі "Жаңа дем" жобасы.Бұл жоба негізінде Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Батыс Қазақстан,  Павлодар облыстарының  ауылды жерлерінде көмекке мұқтаж өздігінен қиын жұмыстарды жасай алмайтын ата-әжелерімізге еңбек ардагерлеріне көмек көрсетілуде. Ал бұл облыстарды таңдаудағы себеп: мұнда басқа облыстарға қарағанда көмекке мұқтаж отбасылар саны анағұрлым көп болғандықтан. Тағы да басқа оңды жобаларымен келесі блогтарымда таныстыратын боламын.

2
0
271

Үлгі боларлықтай іс

Қазақстан Жастар Конгрессі "Казахстан- это Я"- "Менің Қазақстаным" Ұлттық Жобасы "Жаңа Дем" жобасының бастамашылығымен болып жатқан істер: Ауылды жерлердегі күш-қуаты сарқылған, жалғыз қалған қарт кісілерге жастардың көмек көрсетуі. Қазір бұл бағдарлама көлемінде Астана, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе облыстарында жұмыстар жүргізіліп келеді. Ең бастысы, мұндай шараны ойластырып отырған да,іске асырып отырғанда- жастар. Ешқандай да ақшаға емес, бар ойлары, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу.

1
0
364

Ерінбеген еріктілер

Осыдан біраз уақыт қана бұрын осы сайттын бір блогын оқыдым. Онда ауылды жерлердегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз калған ата-әжелерге көмек көрсетіп жүрген жастар, еріктілер, олардың ұйымдары туралы жазылған болатын. Соны оқып, ол ұйым туралы тереңірек білу мақсатында іздей бастадым. Қазақстан Жастар Конгрессі "Казахстан- это Я"- "Менің Қазақстаным" Ұлттық Жобасының "Жаңа Дем" жобасы. Бұл жоба қазірдің өзінде Астана, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жүзеге асып келеді. Ол ұйымның басшысы- Айдын Сәбитов. Және көмек көрсетіп жүрген еріктілердің бәрі студенттер бола тұра, өздерінің қалалауларымен тегін жұмыс жасап жүр.Үйлерінде "Істерге іс таппай" құр жатқан жастарға, орта қауым өкілдеріне үлгі боларлықтай іс.

1
0
373

ХХІ ғасыр жастары

Осыдан біраз бұрын ғана Павлодарға туған-туысқандарымның үйіне , ауылдың шаңына аунап, бір демалып келейін деп барған-дым. Біздің ауылда жалғыз қалған ардагер бір апамыз бар еді. Халін білу мақсатында, үйіне кіріп шығуға бел байладым. Үйіне барғанымда үйінің іші абыр- сабыр, бір топ жас балалар- студенттер жүр. Сұрап қарасам, апамызға көмек көрсетуге, үйін әрлеп, сәл де болса көңілін аулауға келген екен. Жастардың басын жинап, бұлай дұрыс бағытқа салып отырғанын білгім келіп сұрағанымда, Қазақстан Жастар Конгрессінің "Казахстан- это Я"- "менің Қазақстаным" жобасының бұл бір бағыты ғана деп жауап берді. Солай бұл студенттер- еріктілердің апамызға тегін, ең бастысы өздерінің қалауларымен көмек беріп жатқандарына таң қалып, өзім де іштей алғысымды білдірдім.

Қазақстанымыздың  осындай жастары көп болса, "Қарты бар үйдің қазынасы бар" демекші, үлкен ата-әжелеріміздің қадірін түсінер болса, қарттар үйлері бос немесе мүлде болмайтын еді...

2
0
1193

Еліміздің болашағы жастар қолында

Мен жақында ғана құрбымнан  жастар жайлы бір жақсы қуантарлық жаңалық естідім. Қазақстан Жастар Конгресінің бастамашылығымен еліміздің белсенді жастары "Казахстан-Это Я"- "Менің Қазақстаным" жобасы аясына бірігіп, облыстар ішіндегі, аудан- қалалар ішіндегі ауылдардың әлеуметтік-жағдайы төмен отбасыларына көмек беріп, қол ұшын созып жүр екен. Және бұл бағдарлама қазірдің өзінде Павлодар,Ақтөбе,Астана, Батыс Қазақстан, Қарағанды олыстарында өз бастауы алды.

0
0
928

мен үшін ең таза қала...

Әлі көптеген әлем шаһарлары мен әлемнің алпауыт елдерінде болмағандықтан, "ең керемет қала немесе ең керемет тағам" деп бір қорытынды жасай алмаймын. Алайда, мен үшін "ең таза қала" болып Францияың оңтүстігінде орналақан, Барселонадан  3 сағаттық жерде орналасқан Тулуза болып саналады (немесе "La ville rose" -француз тілінен аударғанда тура мағынасында "Қылғылт қала" дегенді білдіреді).

Ал, енді кішкене қала тұрғындарына жалпы шолу жасасақ. Франциядағы көлемі және халық саны жөнінен 4-ші ірі қала қатарына жатады, ал халық санының басым көпшілігі шеттен келген студенттер құрайды. Мұнда университеттер мен Grandes écoles (жоғары мектеп) жалпы саны 14 құраса, 5 ғылыми-зерттеу орындары бар. Жалпы студенттер қауымының 15% -ы ағылшын және француз тілдерін үйренуге келгендер болып табылады. Басқа әлем мемлекеттерімен салыстырғанда Францияда білім беру жүйесі кішкене ерекшеленеді. Франциядағы кез келген ЖОО- на түсу үшін Франция мемлекетінің бакалавр дипломының эквивалентіне сәйкес келетін дилпом болу қажет( British A level, American high school diploma). Білім беру жүйесіде екі бағытта жүргізіледі:
- Университеттік білім; (кез келген мамандық: медицина, педагогика, өнер, әлеуметтік ғылымдар, текникалық мамандықтар);
- The Ecoles (Француз академиялық іріктелген жеке университет): техникалық мамандықтар, бизнес, архитектура, ветеринария, агрономиялық білім сияқты мамандықтар оқытылады. Толығырақ ақпаратты төмендегі сілтемеден оқи аласыз.
http://www.diplomatie.gouv.fr/en/

Сәулет өнерінің кереметтілігіне таң қалмасқа болмайды. Оны қаланың қай бұрышынан қарасаң да байқайсың.

Le capitole de Toulouse, қаланы басқару орталығы

Қала халқының басым көпшілігі, Францияның басқа қалаларымен салыстырғанда, француздар болғандықтан, өзіңді "нағыз француз" ретінде сезінуге мүмкіндік аласың, сондай-ақ хылық санының ауқымды бөлігін жастар құрағандықтан, мұнда нағыз өмір кешкісін басталады.
Гарон өзені, Астанамыздағы Есіл өзені іспеттес қаланы екі бөлікке бөліп тұрады...

Гарон өзәнінің жағалауы күндіз де түнде де адамға лық толы, себебі мұндағы ауа райы демалуға қай жыл мезгізі болмасын, өте қолайды әрі жайлы...


Сондай-ақ, мұнда студенттер қауымына өте жақсы жағдай жасалған. Егер сізде өзіңізбен бірге студенттік картаңыз болса, сізге музей, театр, асханаларда жеңілдіктер жасалады. Ең тойымды әрі қолжетімді тағамдар, университет асханаларында сағат 13:00 дейін ұсынылады.

Әр сәрсенбіде қала орталығында болатын үлген жәрмеңке жіберіп алмаңыз. Африкалық киім үлгісінде жасалған дүниелерден бастап, қытайда жасалынған естелік сыйлықтарын таба аласыз. Жәрмеңкеден іздегеніңіздің барлығын табасыз, 70-ші жылдардағы пластинкалармен қоса, түрлі жанрдағы кітаптарды да керемет бағамен ала аласыз.


Тулуза қаласында керемет әсер алғыңыз келсе, сол мезгізде болатын, концерттер мне фестивальдарды жіберіп алмаңыз. Толығырақ ақпаратты төмендегі сілтемеден оқып біле аласыздар.

http://www.cultures.toulouse.fr/
Bienvenue a Toulouse!!!!

0
0
971

Серпіндік студенттер арасында дебат сайыстары өтті

Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында "Мəңгілік ел жастары-индустрияға" "Серпін2050" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған "Аламан" өңірлік дебат сайысы өтті. Аталған шараға С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодармемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар техникалық колледжі және де Ақсудан "Жаяу Мұса" оқу орнынан келген топтар қатысып, бақ сынасты.

Іс-шараның негізгі мақсаты: Республикалық Аламан фестиваліне Облыстың ең мықты фракцияларын анықтау және пікірталас технологиясы арқылы тіл дағдыларын дамыта отырып жеке көзқарастарын қалыптастыру.Сайыстың барысында ПМПИ атынан шыққан дебатшылар өз сөз шеберліктерімен ерекше көзге түссе, ПМУ қарсыластық əдісімен төрешілерді таң қалдыра білді.

Сайыста қарсыластық болса да оқу орындары арасындағы достық бұрынғыдан да нығайып, арадағы байланыс күшейе түсті деген сенімдеміз.

Аталмыш іс-шараның қортындысын Жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы, Павлодар облысының Серпін студенттерінің жетекшісі, өткізілген байқаулардың әділқазы төрағасы Ғабит Хафиз мәлімдеді.

-Сайыс қорытындысы бойынша ПМПИ қанжығасына I орынды байлап, республикалық сайысқа жолдама алса, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті II және де Павлодар техникалық колледжі III орындарды иеленді-деді Ғабит Хафиз.

 
1
0
1815

Қазақша киноцитаталар 2

Құрметті оқырман! Алдыңғы постымызда жарияланған қазақша киноцитаталардың жалғасын ұсынамын. Әлемдік кинодағы есімізде қалған және қанатты сөзге айналып кеткен цитаталардың аз ғана бөлігін  өз тілімізде “cөйлеттік”.

Қабыл алыңыздар! Аударма жүзіңізге күлкі ұялатып, қызық көрінер бәлкім. “Етіңізді”  үйрете беріңіз, әлі талай қызықтар бар!)
Таңғы асты жақсылап дайындап, тойынып ішіңдер. Бүгін кешкі аспен Тозақта тамақтанамыз!
“300 Спарталық”.

Маған бірде бір адамның былай дегені бар: “Өлім бәрімізге күлімдейді. Адамның қолынан келетін жалғыз шарасы  – жауап ретінде өлімге күлімдеп қарау”.   “Гладиатор”

Жақсы немесе жаман деген түсінік жоқ.Тек қана қоғамдық пікір деген бар.
“12 маймыл”

- 40 жастан кейін тұрмысқа шыққаннан террористің жемтігіне айналған оңайырақ.
- Бұл жалған!
- Бұл статистика .
“Сиэтльдегі ояу жандар”

- Біз қайда бара жатырмыз?
- Мексикаға.
- Ол жерде кімдер бар?
- Мексикандықтар.
“Күн батқаннан таң атқанға дейін”

Сенің сыртқы келбетің маңызды емес, ішкі жан дүниең де кімсің, міне бұл бастысы. “1+1”

Жайлы және бәрі оңай болады деп күтпе. Болмайды. Қиындықтар әрдайым кездеседі. Дәл осы сәтте бақытты болуды үйрен. Әйтпесе, үлгермейсің.
“1+1”

Қорқыныш сені өз тұтқынына айналдырады. Үміт оты саған еркіндік береді. “Шоушенктен қашу”

Әр адамға шамасы келетін, көтере алатындай мөлшерде сынақ жіберіледі. “Гладиатор”

Ақылымды арттырамын десең – өзіңнен де ақылды қарсыласпен ойна.
“Револьвер”

Жауыздықтың жеңісі – жақсы адамдардың әрекетсіздігінен.
“Шиндлердің тізімі”

Бастысы -  сенің қалай соққы жұмсағаның емес, соққыны калай тосқаныңда. “Рокки”

Қырсықтық- ақымақтықтың бірінші белгісі.
“Кездесетін жерді өзгертуге болмайды “

Үйге оралу – қызықты нәрсе. Таныс бейнелер, дыбыстар, иістер... Жалғыз  өзгеріс  –  өзің ғана.
“Бенджамин Баттонның құпия оқиғасы”

Нағыз махаббатта жарамдылық мерзімі деген болмайды.
“Джульеттаға хат”

Абырой өмір бойы жиналып, бір - ақ сәтте төгіледі.
“Жұлдызды тозаң”

Ең керемет сезім – сүйетініңді және сүйікті екеніңді білгеніңде.
“Мулен Руж”

Сұлулық – әлемнің қарғысы. Ол бізге нағыз құбыжықтарды көруге  мүмкіндік бермейді.
“Шерлок”

Серілік қадам. Бұл ақылды адамдарды басқалардан үнемі ерекше көрсетеді. “Темір Адам 3”
 
2
0
734

Қорықпа, балам. Өлім деген — өмірдің бәрі бастан өткізуі тиіс бір бөлігі ғана. (Форест Гамп)

Киноны бәрі көреді. Біреу оқиға қуалайды, біреу саясат табады. Қатыгездік те, мейірім де бар онда. Іздегенің табылады. Оның таптырмас құрал болатыны да сондықтан.

Әсілі, кез-келген нәрседе ақиқаттың үлесі болмаса, ол қабылданбайды, болмыспен қабыспайды. Кинода ақиқат та айтылады. Әсіресе, диалогтарда. Мұндағы ақиқат деп отырғанымыз – жаратылыс заңдарын дөп басқан, адам болмысының үстінен түсетін, әрі тапқыр, әрі тосын ойлар тізбегі.

Төменде сондай ерекше цитаталардың бір парасын жинақтап, аударып, назарларыңызға ұсынамыз.

Бұл өмірде барлық істеген ісіңнің, жасаған таңдауыңның салдары болады. Сен таңдау жасап жатасың, сол сәтте таңдаулар сені жасап жатады. (Байкерлер)

 

Бастауы болған нәрсенің соңы да болады. (Бэтмен: Бастау)

 

Қорықпа, балам. Өлім деген - өмірдің бәрі бастан өткізуі тиіс бір бөлігі ғана.  (Форест Гамп)

 

Кейде өзің айырылып қалудан қатты қорқатын нәрселердің жоғалуына жол беріп, өзіңді жаттықтырған дұрыс. (Жұлдыздар соғысы)

 

Екі тышқан кілегейге түсіп кетіпті. Бірінші тышқан өлген жерім осы деп ойлапты да, ыдыстың түбіне батып өліпті. Екіншісі берілгісі келмей тырбаңдай беріпті. Ақырында тоқтаусыз шайқалған сұйық кілегей қою майға айналыпты да, әлгі тышқан аман қалыпты. (Рататуй)

 

Әр күнді өзінің мақсатымен баста. (Күзгі түс)

 

Мақсатымыз болмаса, біз де болмас ек. (Матрица)

 

Не істе, не істеме. Көрейін деген сөз жоқ! (Жұлдыздар соғысы)

 

Кездейсоқтықтар кездейсоқ емес! (Куң фу Панда)

 

Өмір деген кәмпиттің қорабы тәрізді – саған қандайы түсетінін ешқашан білмейсің. (Форест Гамп)

 

Иттің адамнан айырмасы, олар “күл болмасаң, бүл бол” деген сөзді білмейді. (Ақтүтек)

 

Тоқтай алатын кезде, тоқтағың келмейді; ал тоқтағың келгенде, тоқтай алмайсың. (Кэнди)

 

Өмір – үлкен сый, оны бүгін бағалау керек, өйткені ертең не болатынын болжау мүмкін емес. Өмір қандай, оны сол қалпымен қабылдаған дұрыс. Сүрілген әр күн маңызды…  (Титаник)

 

Үнсіздік – ең қатты дауыс. (Өмір керемет)

 

Бір нәрсе есіңде болсын, балам. Әлемде екі-ақ түрлі адам бар. Жақсылық істейтіндер, яғни, жақсы адамдар және жамандықпен айналысатындар, яғни, жаман адамдар. Осы адамдар арасындағы жалғыз айырма. Одан басқа айырма жоқ. (Менің атым - Хан)

 

Бәрі өледі, бірақ бәрі бірдей өмір сүрмейді.  (Батыл жүрек)

 

Уақытты ысырап етпе. Өйткені уақыт - өмірді жасайтын материал. (Жел әкеткендер)

 

Біліп қой, тәуелсіздік деген ақша тұрады. (Шиндлердің тізімі)

 

—   Шын айтам, Карлсон, бақыт деген балкүлшеде емес…

—   Денің сау ма өзі? Басқа неде сонда? (Шатырда тұратын Карлсон)

 

Біреудің қолыңнан келмейді дегенін тыңдаушы болма. Тіпті, менің де. Ұқтың ба? Арманың бар ма, қорға. Әдетте әлденеге әлі келмейтін адамдар “сен де жасай алмайсың” деп сені де сендіруге тырысады. Мақсат қойдың ба, жет. Нүкте! (Бақыт жолында)

 

Өз отбасын ұмытқан еркек – еркек емес. (Өкіл әке)

 

Бір нәрсенің соңына жетсең, басын ойлай бастайсың. (Мистер және Миссис Смит)

 

Кейде жеңесің, бірақ жеңілесің. Кейде жеңілесің, бірақ жеңесің. (Армандар қайда апарады)

 

Өмір сүре біліңдер. Өлу бәрінің қолынан келеді. (Трасса 60)

Біз жақсылық арқылы қастандық жасаймыз, бұл – біздің стратегиямыз. (Ібілістің адвокаты)

 

Мсье, саусақ аспанды көрсетсе, нақұрыс саусаққа қарайды. (Амелия)

 

Кішкентай өтірік үлкен күмән тудырады. (Көктемнің он жеті сәті)

Барлық ақылгөйлерге тән классикалық қателікке ұрына көрме: ол – менен асқан ақылды адам жоқ деп ойлау. (Түнек мекені)

 

Даңққұмарлық – менің ең сүйікті күнәларымның бірі. Өйткені ол сондай фундаменталды. Ал өзімшілдік – табиғи есірткі. (Ібілістің адвокаты)

 

Тәжді кигісі келетін адам оның салмағына да шыдау керек. (Мұрагерлер)

Әзірге алғашқы  киноцитаталар топтамасы осы.  Жалғасы бар, күтіңіздер!

 
1
0
835

Отандық электромузыка?! Әрине!

Музыка...
“Музыка – сезімнің стенографиясы”
Ұлы жазушы, Адамзаттың Арыстаны атанған  Лев Толстойдың берген бағасымен келіспеске амалымыз жоқ. Шынында дәл қазіргі уақытта біздің өмірімізде музыканың алатын орны ерекше.  Өмір мен өлімді,  Шаттық пен қайғы,  Жетістік пен құлдырауды, тағы басқа  санасақ алақанымыздағы саусағымыз жетпейтін, тілмен жеткізе алмағанымызды  әуен тілімен суреттейміз.
Біздің бүгінгі мақаламыз өзіміздің отандық өнімге арналған кішігірім жарнама жұмысы десек те болады. Құрметті оқырмандар , назарларыңызға “Electric child”  есімімен белгілі еліміздің талантты жас музыканты Виталий Угайды ұсынамыз. Шетелден білім алған, Қазақстанға қарағанда Москва мен Санкт – Петербургта танымалдыққа ие жас музыкант біздің еліміздегі музыка саласына жаңашылдық ала келді. Оның жанды тербейтін, түрлі көңіл-күйге сай келетін, сапалы электроникалық әуендері  Ресейде өткен Bosco Festival да көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Америка мен Европаның музыкасына “лық тойған” жас буынға өз өнерпазымыздың әуенін тыңдаса деген тілек қой біздегі. Өзімізде барды төбеге көтеріп, арамызда  таралуына иненің жасуындай да болса көмек қолын созайық достар!
Электроника,  биге арналған  синтипоп және “жылы” вокалды жанына жақын тұтатындарға ұнайтынына кепіл боламыз).  Отандық өнімнен “дәм татып”, бөлісіңіздер!)
P.S. https://vk.com/electricchild  осы сілтеме арқылы әсем әуенмен таныса аласыздар.
 
0
0
446