Мазмұнға өту

Жаңа

Шын махаббат, ешқашанда солмайды

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Ф. Шопен «Мелодия рая»

Бейнематериал авторы – Rezonans TV “Love story”

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте –

Ақ сезімде, атты таңым арайлы,

Күн шуағы, шашу шашып баурайды.

Шын махаббат, ешқашанда солмайды,

Қанат бітіп, бақ сезімде самғайды.

Шын сүйгендер, іңкәр көзбен қарайды,

Гәкку сезім, қосағымен жайнайды.

Періштелер, сүйгендерді қолдайды,

Ақ жол сілтеп, пәк жолдарын жалғайды.

Қос жүректің, жетер ме екен тағаты?

Сағыныштың, ұрып жатса сағаты.

Сынамашы, ей тағдыр, махаббаты,

Салмағайсың, ауыр жүкпен салмақты.

Қиналады, шын сүйгендер өмірде,

Азап шегіп, мың жылайды көңілде.

Осындама, бұл тағдырдың мәні де,

Айып жоқ қой, бір көнбейтін Тәңірде.

https://www.youtube.com/watch?v=UldIwWlbg48

1
1
1227

Еріктілердің ерен істері

Қазір сіз осы постты оқып отырсыз. Дәл осы сәтте белгісіз бір ауылда жасы сексенге таяп қалған зейнеткер-апамыз жалғыз отыр. Жалғыз сүйеніші ұлын да бақытсыз бір жағдай алып кетті. Жары да көп жылдар бұрын дүниеден өткен болатын. Жалғыз зейтнетақыға күн көреді, жәрдем беріп, қолдау көрсетер еш жақыны жоқ. Келген жаны-жайсаң кейбір жандар азық-түліктерімен бөлісіп кетеді. 
Айналып тағы да күздің күрең күндері де келіп жетті. Жаз кезінде ауа-райының жылылығынан ба, тұрмыстың қиындығы білінбеп еді, ал қазір күн де суытып, әжеміздің мазасын алды.Тұрмыс қажеттіліктерін барынша жасауға тырысты, бірақ қайтсін күш-жігері барынша сарқылған!..
Сижу я с думою своею,
Зима подходит вот-вот-вот,
Как мне успеть все в доме сделать?
Да и просить кого, кого?
Ну вот же чудо!
Как будто бы из небес подъехали студенты группой
Их сколько было мне не счесть!
— Бабуся, мы пришли на помощь
Что сделать? Нам скорей скажи.
Покрасим дом, огород вскопаем,
Дровишек мы наколем впрок, — Бабулю словом утешают,
Здоровья долгого желают.
Такие дружные ребята!
— Покрасим кругом забор, — Я благодарна за заботу,
За труд, что вложен был в мой дом!
Спасибо Вам большое!
За заботу о стариках.
Всем Вам хорошего здоровья, успехов в учебе.
Баба Валя, 80 лет
Актюбинская область,
Мугалжарский район,
Покровка/Сагашили.
Блог - uljan-17: Ал сіз өзіңіздің қай әрекетіңізбен мақтана аласыз? 

Міне, осындай әсерлі өз өлең жолдарын әжеміз зейнеткерлерге, еңбек ардагерлеріне, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, барлық көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп жүрген еріктілерге арнады. Бұларды біріктірген — Қазақстан Жастар Конгрессінің «Казахстан- это Я» — «Менің Қазақстаным» Ұлттық жобасының алдыңғы қатардағыларының бірі- «Жаңа Дем» жобасы. «Казахстан- это Я» жобасының мақсаты — балалар мен жастардың құқықтарын қорғап, жастарда патриоттық және рухани сезімдерін қоғамға көмек көрсету, жас та болса саясатпен айналысулары арқылы дамыту болып табылады. Бұл үлкен жобаға «Жаңа Дем», «Жаңа белес», «Молодежный промоутер», «Молодежная трибуна», «Біргеміз» жобалары жатады.

Блог - uljan-17: Ал сіз өзіңіздің қай әрекетіңізбен мақтана аласыз?

Қазақстан- бұл сен,
Қазақстан- бұл мен,
Қазақстан – біздің бәріміз!
Бәріміз- Қазақстан деген қоғамның белсенді мүшелеріміз! «Тамшыдан теңіз құралады» демекші, жақсы, игі істерді атқаруға келгенде, ешқайсымыз қолымыздан келгенше аянып қалмауымыз қажет. Сонда ғана ата-бабаларымыз армандаған тамаша коғамды қалыптастыра аламыз. Ал оның бәрі біздің, яғни жастардың қолында! 
Блог - uljan-17: Ал сіз өзіңіздің қай әрекетіңізбен мақтана аласыз?

Осы орайда, еріктілерді айта кеткеніміз жөн. Олар «Істерге ісі жоқ» дейтін адамдарға жақсы мысал болары анық. Себебі, олардың бар мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қоғамның дамуына, дұрыс қалыптасуына кішкене болса да, өз үлестерін қосу. Осының арқасында, міне, әжеміз қысты еш уайымсыз өткізетін болды.

Конгресстің тағы бір жобасы «Біргеміз» қиын жағдайға түсіп қалған отбасыларға бейқұрам қарамайтын, оларға қол үшін созуға дайын жастардың басын біріктірді. Олар құса болған әке- шешелеріне жоғалған ұл-қыздарын тауып беруге бар күштерін салады. Ешқандай туыстық қатынасы жоқ балалардың жанында сағат, тәулік бойы отырады, өйткені, ол- қоғамның баласы, бала жоғалса- жеке жандардың емес, қоғамымыздың ауруы. Бұл жерде де олар ақша алмайды. Және олар үшін бұл маңызды емес, маңыздысы- баланы аман-есен отбасына жеткізу. Бұл жоба аясында Қазақстанның облыстарында дәрістер өтуде. Қазіргі таңда Астана, Ақтөбе, Шымкент қалаларында өткізілді.
Блог - uljan-17: Ал сіз өзіңіздің қай әрекетіңізбен мақтана аласыз?Блог - uljan-17: Ал сіз өзіңіздің қай әрекетіңізбен мақтана аласыз?

Біздің жобамыздың мақсаты- біздің қоғамымыздың қандай екенін естен шығармау. «Біргеміз», «Жаңа Дем», «Жаңа белес», «Казахстан — это Я» — бұл, бәріміздің ортақ мақсатымыз – қоғамымыздың дамуы мен жандануына, бірлігіне шақыратын Жастар Дауысы.
Блог - uljan-17: Ал сіз өзіңіздің қай әрекетіңізбен мақтана аласыз?

«Жаңа Дем» көмекке көбірек мұқтаж облыстарда жүргізілуде. Ол облыстар қатарына: Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары жатады. Енді еріктілеріміздің арқасында облыстарымыз, ауылдарымыз гүлдене түсуде.

0
0
760

Шейх Мұрат Хакім

Шейх Мұрат Хакім
Шейх Мұрат Хакім – бұл – Марат Смағұловқа Алтын мұрагерлік  Нақышбанди тариқатының  Шейхтары берген рухани есім. Ол Қазақстанда 1964 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. Мұрат Хакімнің рухани ілім дүниесіндегі алғашқы ұстазы әкесі «құдайы қонақ» деп үйіне ертіп әкелген бір дәруіш-шейх болыпты.
Үш жасар бала қырық күн бойы үйіне келген сол бір дәруіштің жанынан шықпай түрлі әңгіме, қисса-дастандар тыңдағанын, әлгі жүзі нұрлы қарияның кітап пен Құранды қалай оқығанын көргенін жадында сақтап қалады. Оның ерекше ықыласын байқаған дәруіш те кішкене баланың жүрегіне әр күн сайын рухани ілім құя береді. Осы бір сәт өміріне жарық сәуле болып жатталып қалғандығын Мұрат Хакім кейіннен үнемі есіне алып, көз алдына келтіруге тырысатын. Кетер кезінде әлгі дәруіш оған бір түйір  миіз ұсыныпты, таңдайында дәмі қалған «сондай тәтті мейізді  әлі күнге кездестірмедім» дейді ол.
Оразаны аяқтап, кетіп бара жатқан дәруіш, қоштасарда Мұраттың ата-анасына «Бұл бала кейін Хакім болады» деп айтыпты. Бұл әңгімені бізге Мұраттың анасы баяндап берген еді.
Бұдан кейін мектептің бастауыш сыныбында оқып жүрген кезде кеңес заманында ұстазы шейх Ахмет молда үшін 10 жыл итжеккенге айдалып, түрмеде отырған ел ішінде Пірадар ата атанған Кенесары молдадан діни ілімді үйренеді. Орта мектепті аяқтағаннан кейін Мұрат Хакім, Тәжікстандағы Әбді Сәми қариден шариғат пен тариқат танымын зерделеп, білім алады. Ал одан кейін Мысырдағы Әл-Азһар университетіне түсіп, ұзақ та мағыналы 10 жыл өмірін Исламның барлық ағымдарын танып-білуге арнайды. Ол сонда жүріп, Нақышбанди тариқатының шейхы Мұхаммед Амин Әл-Курдінің ізбасары болады. Қазақстанға келгеннен кейін ғылыми жұмыстармен айналысып, діннің заманауи проблемалары мен мүмкіндіктері жайында теолог-ғалым, дінтанушы ретінде еңбек етеді. Әрине, ғалымның діни сауаттылығы мен аса терең рухани зердесін танып-білгендер оны елімізде күн сайын тамырын тереңге тарта бастаған түрлі діни ағымдарға шақыра бастайды. Бірақ, Мұрат хакім жүрегі қаламағандықтан ғана олардың ешбірінің сапына тұрып, қатарына қосылмаған еді. 2015 жылғы сәуір айында тарихқа жазылардай таңғажайып бір оқиға болды. Қазақ жеріне қасиетті шейх Ахмет Яссауи Сұлтан шәріптің мақамына зиярат етуге сонау Кипрдан шейх Баһауиддин Әділ келеді. Ал бәз бір таныстары Мұрат Хакімді сол кісіге аудармашы болуға шақырыпты. Олар үш күн бойы өте жоғары деңгейде өзара сырласып, сұхбаттасты. Сапар соңында шейх Баһауиддин шейх Махмет Мәулянаны атынан шейх Мұрат хакімді Нақышбанди тариқатының Қазақстандағы өкілі етіп, тағайындайды. Ал, сол жылдың желтоқсан айында өмірлік сынақтарды басынан өткерген шейх Мұрат Кипрге қасиетті Мәуліт мерекесіне шақырту алады.
Кипрде Нақышбанди тариқатының 40-шейхы Мұхаммед Назым Әділ Әл-Қупруси, Әл-Хаққанидің мақамы бар.
Ол Шынайылық және Құпия Тазарушы адамдардың имамы болған. 20 ғасыр соңына қарай ол Нақышбанди тариқатының Аспан тәлімгерлігі және Пайғамбар оқулары арқылы қайта жаңғыртты.
Кипрде өзінің көп уақытын шейх Мұрат Хакім рухани тазаруда жалғыздықта жеке өткізді.
Кипрдегі 4 ай бойғы оқшаулану және рухани жетілу өз нәтижесін берді.
Көптеген ізбасарлар оншақты жылда жететін биіктік пен құпия ілімдерге шейх Мұрат Хакім қысқа ғана мерзімде қол жеткізді.
Нақышбанди тариқатының 41- шейхы әулие шейх Мухаммед Әділ Ар- Раббани, төрт ай бойы Мұрат Хакімнің жүрегіне ішкі және сыртқы жасырылған рухани ілімдерді құя берді.
Төрт ай уақыт өткеннен кейін шейх Мурат Хакім еліне жиналып жатқан кезде, Әулие оған өзімен бірге Стамбұлға халуат (40-күндік қылуетте оқшаулану) жасауға баруды бұйырды.
Бұл тарихи халуат еді.
Дәл мұндай үлкен халуатты соңғы рет Пайғамбар с.а.у жоғары өкілінің міндеттері (уәзипа) Сұлтан Мәуляна Хазрет шейх Абдулла Файыз Дағыстанидан Мәуляна Хазрет шейх Мұхаммед Назым Әл--Хаққаниге берілген кезде жасаған екен.
Қазір Пайғамбар с.а.у. қалауымен бұл уазипа шейх Мұхаммед Әділ Раббаниге өтті.
Әрине, мұндай маңызды халуатқа Шығыс Еуропа, Америка және басқа да көптеген елдерден ондаған муридтер баруға таласып-тармасып жатқан болатын.
Аллах Әлім, Пайғамбар сау және біздің Мауляна 11 муридті таңдап алды. Мұрат Хакім де солардың қатарында бар еді.
Бұл Мұрат Хакім үшін күтпеген оқиға және жаңа сынақ болды.
Алланың қалауымен ол халуатты табысты әрі жақсы өткізіп қайтты. Ақыр соңында Мауляна Хазрет шейх Мұхаммед Әділ оған жаңа рухани есім берді:
- Мабрук шейх Мұрат Хакім!
Өз отанына оралған соң Мауляна Хазрет шейх Мухаммед Әділдің Қазақстан мен Орта Азиядағы өкілі етіп тағайындалған шейх Мурат Хакім, рухани тәлімгерлік пен ислами оқуларды тарата бастады. Оған осы уақытқа дейін ТМД елдерінде ешкімге берілмеген құқықтар берілді. Оның оқымысты ғалым-шейх ретінде шариғат пен тариқат мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беруіне, адамдарды емдеуге, барлық ілімді таратуға және өз өкілдерін тағайындауға да құқығы бар. Көптеген ізбасарлар оған келіп, Нақышбанди тариқатын қабылдайды.
Адамдар одан рухани ілім үйренеді. Орта ғасырлардағы хазіреттер, ишандар мен шейхтар Исламның жандандырушы көзі, нұры болса, Мұрат Хакім де бабаларымыздың тамыры тереңге кеткен осы рухани таза жолын ұстанып, оны жаңғыртуды өз міндеті деп біледі.
Ол Аллаға апаратын ақ жолдың сапаршысы, жол көрсетушісі.
Оның қайда жүргені бәймәлім. Алайда, адамдар арасында екені, Орта Азия елдерін аралап жүргені айдан анық.
Қасиетті жолда Алла оның жолын оңғарсын және нығайта берсін!
Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.у. мен оның отбасына және де оның барлық ізбасарларына, барлық пайғамбарларға, әулиелерге және Нақышбанди жолының адал қызметшілеріне Алланың сәлемі мен нығметі болсын! Аумин!

1016

Еуразиялық экономикалық комиссиясында алдын ала ақпараттандыру бойынша шешімді әзірлеуге кірісті

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік реттеу инфрақұрылым департаменті ұйымдастырған отырыста Одақ аумағына көлікпен әкелінетін тауарлар туралы алдын-ала ақпарат беруге байланысты мәселелер талқыланды.

«Біз биыл Еуразиялық Экономикалық Одақта Кедендік кодексінің қабылдануын күтіп жүрміз, жобағда алдын ала ақпарат беруді  нормасын жетілдіру қарастырылған.  Жаңа кодекс жобасы  дайындықтың жоғарғы сатысында тұр. Сондықтан нормативтік-құқықтық актілерді дайындап, кодекс әлеуетін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді», - деді Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік инфрақұрылым  департаментінің  кедендік ақпараттық технологиялар бөлімі басшысының орынбасары Алексей Гавричев.

Технологияларды іске асыру үшін қажетті жағдайлар айқындалды, қазіргі жағдай сараланып, болшақта іске асырылу керек қадамдар қарастырылды. Сценарийлердің нұсқалары әзірленді, оның барысында автоматты түрде тіркеген және автоматты түрде шығарған кезде кеден органының ақпараттық жүйесі шешім қабылдаған кезде жауапкершілік кімге жүктеледі деген сұраққа жауап берілетін болады.

Тауарларға арналған декларацияларды беру және тіркеу шарттарын автоматты түрде тіркеудің, тауарларға арналған декларацияларды автоматты түрде тіркеген кезде бақылаудың бірқатар түрлерін жүргізу, тауарларды автоматты түрде шығару мақсатында кедендік рәсімдерді таңдаудың артықшылығын және тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктерін ескере отырып, мәлімделген кедендік рәсімге сыйғызу жағдайын сақтаудың бірегейлендірілген алгоритмдері әзірленді.

Атап айтқанда, Ғылыми зерттеу жұмысы барысында деректерді іске асыру мәселелері бойынша Одақ мемлекеттерінің әрқайсысында нормативтік базаларға талдаулар жүргізілді. Соның ішінде, Еуразиялық Экономикалық Одақ Кеден кодексінің жобасын ескере отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланған кезде кедендік операциялар жүргізудің заңи мәнін қамтамасыз етуге қатысты жүргізілді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
561

Астанада телекоммуникация саласына қытайлық инвестицияны тарту мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «ChinaTelecommunicationsCorp. Ltd.» төрағасы Янь Джимен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы, телекоммуникация саласына инвестиция тарту және жаңа технологияларды дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

Министр Жеңіс Қасымбек атап өткендей, біздің елдер бірлескен ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Қытай біз үшін стратегиялық серіктес болып табылады. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру мәселесінде толық қолдау көрсетуге дайын.

Екіжақты кездесу аясында China Telecom Global Limited пен «Транстелеком» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. «ChinaTelecommunicationsCorp. Ltd.» төрағасы Янь Джидің айтуынша, аталмыш келісім қазақстандық тараппен тығыз өзара ынтымақтастық орнатуға және телекоммуникация саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қытайдың «ChinaTelecommunicationsCorporation»  мемлекеттік телекоммуникациялық компаниясы 2002 жылы құрылған. Бұл компания Қытайда ірі телефон байланысының операторы және ұялы байланыс операторлары арасында ірілігі жағынан үшінші компания болып табылады.

Компания 216 миллион абонентке сым телефоны мен мобильді байланыс қызметтерін көрсетеді. Сонымен қатар, 38 миллион абонентті кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етеді. Яғни, Қытайдың 62% (46 Гб/с) жуық интернет арнасын қамтиды. China Telecom Шанхай, Гуанчжоу, Шэньчжэнь, Наньнин, Ханчжоу, Чэнду, Далянь, Куньмин, Ухань, Чунцин және Сиань сияқты Қытайдың 250 ірі қаласын қосқанда ресторандар мен көлік тораптарында және қонақ үйлерде қосылатын 30 мыңға жуық нүктеге қолжетімді болатын ең үлкен сымсыз WiFi желісіне иелік етеді.

2015 жылғы кірісі 52,7 млрд. Америка Құрама Штаты долларын құрады. Компания G2000 рейтінгінде 124 орында тұр.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
527

ОҚО-ның Сарыағаш ауданында Тәуелсіздік жылдары өнеркәсіп өнімінің көлемі 140 есе өсті

Сарыағаш ауданында Тәуелсіздік жылдары өнеркәсіп өнімінің көлемі 140 есе өсті.Бұл туралы бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев Оңтүстік Қазақстан Облысының Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Сарыағаш ауданында жалпы халық саны егемендік алған жылы 201 мың 187 адам болса,  2016 жылы 323785 адамға жетіп отыр. Адам санымен қатар шаруашылық та алдыға ілгерілегені, халықтың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлініп жатқандығы осы брифингте тілге тиек етілді. Ал ауданның  экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – ауыл шаруашылық саласындағы өндірілген өнімнің көлемі 1991 жылы 521,5 млн. теңге болса, 25 жылда 125 есеге өсіп, 60 200 млн. теңгені құрап отыр.

«Тамшылатып суару әдісі арқылы суарудың жалпы көлемі 5035,0 гектарға жетті. Сарыағаш ауданында ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1991 жылы ауданда 30 елді мекен ауыз сумен қамтылған болса, 2016 жылы 69 елді мекенге ауыз су кіргізіліп, 44,8 пайызға өскен. Ал табиғи газбен егемендік алған жылы аудандағы 10 нысанға ғана газ құбырлары жүргізілген болса, бүгінгі күні 154 елді мекеннің ішінде табиғи газбен 66 елді мекен қамтылып, 42,9 пайызды құрап отыр», - деді Қайрат Әбдуәлиев.

Тәуелсіздік жылдарындағы аудан жетістіктері бойынша өзге де салаға тоқталған аудан әкімі, қазіргі таңда аудандағы емдік сауықтыру орындары шипажайларына келушілердің саны жыл санап артып, туризм саласы 7,3 есеге артып отырғанында қоса айтты.

Білім беру саласына тоқтала кетер болсақ, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, бүгінгі күнге дейін аудан көлемінде 54 мектептің құрылысы жүргізілген. Бүгінде ауданда 28 мемлекеттік және 162 жекеменшік балабақша өз деңгейінде жұмыс жасап, 2016 жылға аудан бойынша балаларды балабақшамен қамту 83,4 % құрап отыр.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік, құрылыс, мәдениет, әлеуметтік және денсаулық секілді өзге де салаларда жеткен жетістіктері бойынша баяндаған аудан әкімі алдағы уақытта да жұмыстардың өз деңгейінде алға жалғасатындығын жеткізді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
982

Қазақстан халал индустрияны дамыту саласында Малайзия тәжірибесін қолдануға мүдделі

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Данияр Сарекеновтың малайзиялық халал индустрияның дамыту Корпорациясының (HDC) Бас атқарушы директоры Джамаль Бидинмен кездесуі өтті, деп хабарлады СІМ.

Әңгіме барысында Джамаль Бидин Малайзия халал индустриясы, экономикалық өрлеудегі жетекші компоненттердің бірі екендігін атай келе, инвестиция үшін ең тартымды болып қала беретіндігін және елдің сыртқы сауда көлемін арттырып отырғандығын жеткізді. 2016 жылы халал өнімдердің экспортының көлемі шамамен 12,5млрд. АҚШ доллар болады, ал өнеркәсіп үлесі Малайзияда ЖІӨ-нің 7,5%-ына құрайды деп күтілуде. Экономиканың осы сегментін дамыту өткен жылы елдегі шамамен қосымша 100 000 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.

2015 жылы, әлемде халал өнімдерді тұтынудың жалпы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,5%-ға өсті және шамамен 2 трлн. АҚШ долларын құраған. Сонымен бірге фармацевтикалық және косметикалық, сондай-ақ жеке күтімге арналған халал стандартты өнімдерді тұтынудың әлемдік көрсеткіші де артқан. Аталмыш сектордың орташа жылдық өсімі алдағы жылдары 10,8%-ға жетеді деп болжануда, ал жалпы көлем 2019 жылдары
3,7 трлн АҚШ долларына жетеді.

ҚР-дың жоғарыда аталған индустрияның дамуына айтарлықтай әлеуеті бар екені атап етілді. Джамаль Бидин Қазақстан болашақта Орталық Азия аймағының «халалдың хабы» бола алатынын атап өтті. Оның пікірінше, экономиканың көптеген секторларын қамтитын тиісті мемлекеттік «экожүйені» қалыптастыру барысында жүйелі тәсілдерді қолдануы осы бағыттың табысын дамытуына негізі болып табылатын.

Кездесудің қорытындысы бойынша, Малайзиялық табысты тәжірибесімен таныстыру мақсатында, халал индустрияны дамыту Корпорациясының делегациясын Астанаға жіберу туралы келісімге, сондай-ақ Қазақстанда осы бағытты дамыту Жол картасын жасап шығару барысында ҚР-дың мемлекеттік органдарына көмек көрсетуіне қол жеткізілді. Ол, әрине, мемлекеттік экономикасынын өсуіне қосымша драйвері әрі көзі болуы мүмкін.

Ақпарат көзі:strategy2050.kz

0
0
638

Таба алмасам балама, бүгін уақыт «Аудио өлең» Бала — бауыр етің

Өлең авторы - Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған - Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы - Secret Garden "Aria"

1 Бейнематериал авторы - Популярные видео в Казахстане "Ата-ана"

2 Бейнематериал авторы - Самые лучшие видео "Новая Зеландия"

Фотоматериал авторлары - Түрлі жүйелерден алынған "Белгісіз"

Өңдеген - Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте - https://vk.com/public56982889

Қатты ауырды-ау жүргегім, естігенде,

Отыр екен сөйлесіп суреттермен.

Кенжетайым, бауырым, ботам менің,

Сұрағына, жауап беріп өзінің.

О, тағдырым, сұрап едім жүрекпен,

Аналықты армандап, жылап, тілеп.

Түкке тұрмас, мың тілектің ішінен,

Бір тілекті, қабыл алдың, сен естіп.

Көз алдымнан, өтіп жатыр сөздерім,

"Қоя тұршы, бара тұршы, ия, сосын"

Өкініш, өкініште мынау көңілім,

Бағаламай қалғаным ба, Жаратқанның мен сыйын?

Құшып жатып, жүрегіме баламды,

Сезіп тұрып, жүрегінің дүрсілін.

Үнсіз айғай, өртеп жатыр жанымды,

"Мен мындамын, мен бармын, кешір" дедім.

Таба алмасам балама, бүгін уақыт,

Қартайғанда таба ала ма, ол маған.

Мынау ұямнан, үркіп ұшар бар бақыт,

Құнсыз өмір, ылтипатсыз бос болған.

Дүние кезек, дүние кезек шіркін-ай,

Кәрі жасқа, жас кәріге, бұрылмаған.

Беу адамзат, ойланайық, бос қалмай,

Өмір өзен, әкелгенде жағаға.

2
1
3223

Сиыр етінен дайындалған ет өнімдерінде шошқа ДНҚ-сы анықталды

2016 жылғы қыркүйекте РФ-ның «Калининградский тарный комбинат» ААҚ («Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті» стерильденген кесек ет консервілері, өндірілген күні 2015 жылғы 13 ақпан), «Орелпродукт» ЖАҚ («Сиырдың бауырынан дайындалған паштет» ет-өсімдік консервілері. «Стерильденген паштет» консервілері, өндірілген күні 2015 жылғы 15 желтоқсан) және ҚР-ның «Рубиком» ЖШС («Астана» піскен шұжығы, өндірілген күні – 2016 жылғы 10 тамыз)  өндірушілерінің тұтынушыларды алдағаны белгілі болды.

Сөрелерге сиыр еті деп шығарған өнімнің аталған түрлерінде   шошқаның ДНҚ-сы анықталды.

Бұл ретте өнімнің қаптамасында құрамында шошқа етінің бар екендігі туралы мәлімет жоқ, өнім сиыр етінен жасалған болып мәлімделген.

Сәйкессіздікті анықтау фактісі бойынша жоғарыда көрсетілген Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының өндірушілеріне бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарлама жіберілді.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=5924

0
0
543

Әділет министрлігінің сайты мемлекеттік органдар арасында үздіктердің бірі болып танылды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына жүргізілген мониторингті қорытындылады деп хабарлайды Today.kz(link is external) тілшісі.
Министрдің айтуынша, төрт министрлік пен өңірлердегі үш әкімдіктің интернет-ресурстары толық болып табылады.
«Біз орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының 16-бабында белгіленген 52 индикатордың болуына үнемі мониторинг жүргізіп отырамыз. Сонымен қатар мемлекеттік органдарға интернет-ресурстың мазмұнына сәйкес ұсынымдар беріледі. Ағымдағы жылдың қазан айында жүргізілген соңғы мониторинг көрсеткеніндей, әділет, энергетика, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің, ШҚО,ОҚО, Алматы облыстарының интернет-ресурстары едәуір толық» - деп атап көрсетті Дәурен Абаев.
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
0
0
510