Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Отандық электромузыка?! Әрине!

Музыка...
“Музыка – сезімнің стенографиясы”
Ұлы жазушы, Адамзаттың Арыстаны атанған  Лев Толстойдың берген бағасымен келіспеске амалымыз жоқ. Шынында дәл қазіргі уақытта біздің өмірімізде музыканың алатын орны ерекше.  Өмір мен өлімді,  Шаттық пен қайғы,  Жетістік пен құлдырауды, тағы басқа  санасақ алақанымыздағы саусағымыз жетпейтін, тілмен жеткізе алмағанымызды  әуен тілімен суреттейміз.
Біздің бүгінгі мақаламыз өзіміздің отандық өнімге арналған кішігірім жарнама жұмысы десек те болады. Құрметті оқырмандар , назарларыңызға “Electric child”  есімімен белгілі еліміздің талантты жас музыканты Виталий Угайды ұсынамыз. Шетелден білім алған, Қазақстанға қарағанда Москва мен Санкт – Петербургта танымалдыққа ие жас музыкант біздің еліміздегі музыка саласына жаңашылдық ала келді. Оның жанды тербейтін, түрлі көңіл-күйге сай келетін, сапалы электроникалық әуендері  Ресейде өткен Bosco Festival да көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Америка мен Европаның музыкасына “лық тойған” жас буынға өз өнерпазымыздың әуенін тыңдаса деген тілек қой біздегі. Өзімізде барды төбеге көтеріп, арамызда  таралуына иненің жасуындай да болса көмек қолын созайық достар!
Электроника,  биге арналған  синтипоп және “жылы” вокалды жанына жақын тұтатындарға ұнайтынына кепіл боламыз).  Отандық өнімнен “дәм татып”, бөлісіңіздер!)
P.S. https://vk.com/electricchild  осы сілтеме арқылы әсем әуенмен таныса аласыздар.
 
0
0
402

Осы тақырып бойынша