Ерінбеген еріктілер
Осыдан біраз уақыт қана бұрын осы сайттын бір блогын оқыдым. Онда ауылды жерлердегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз калған ата-әжелерге көмек көрсетіп жүрген жастар, еріктілер, олардың ұйымдары туралы жазылған болатын. Соны оқып, ол ұйым туралы тереңірек білу мақсатында іздей бастадым. Қазақстан Жастар Конгрессі "Казахстан- это Я"- "Менің Қазақстаным" Ұлттық Жобасының "Жаңа Дем" жобасы. Бұл жоба қазірдің өзінде Астана, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жүзеге асып келеді. Ол ұйымның басшысы- Айдын Сәбитов. Және көмек көрсетіп жүрген еріктілердің бәрі студенттер бола тұра, өздерінің қалалауларымен тегін жұмыс жасап жүр.Үйлерінде "Істерге іс таппай" құр жатқан жастарға, орта қауым өкілдеріне үлгі боларлықтай іс.
