Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қорықпа, балам. Өлім деген — өмірдің бәрі бастан өткізуі тиіс бір бөлігі ғана. (Форест Гамп)

Киноны бәрі көреді. Біреу оқиға қуалайды, біреу саясат табады. Қатыгездік те, мейірім де бар онда. Іздегенің табылады. Оның таптырмас құрал болатыны да сондықтан.

Әсілі, кез-келген нәрседе ақиқаттың үлесі болмаса, ол қабылданбайды, болмыспен қабыспайды. Кинода ақиқат та айтылады. Әсіресе, диалогтарда. Мұндағы ақиқат деп отырғанымыз – жаратылыс заңдарын дөп басқан, адам болмысының үстінен түсетін, әрі тапқыр, әрі тосын ойлар тізбегі.

Төменде сондай ерекше цитаталардың бір парасын жинақтап, аударып, назарларыңызға ұсынамыз.

Бұл өмірде барлық істеген ісіңнің, жасаған таңдауыңның салдары болады. Сен таңдау жасап жатасың, сол сәтте таңдаулар сені жасап жатады. (Байкерлер)

 

Бастауы болған нәрсенің соңы да болады. (Бэтмен: Бастау)

 

Қорықпа, балам. Өлім деген - өмірдің бәрі бастан өткізуі тиіс бір бөлігі ғана.  (Форест Гамп)

 

Кейде өзің айырылып қалудан қатты қорқатын нәрселердің жоғалуына жол беріп, өзіңді жаттықтырған дұрыс. (Жұлдыздар соғысы)

 

Екі тышқан кілегейге түсіп кетіпті. Бірінші тышқан өлген жерім осы деп ойлапты да, ыдыстың түбіне батып өліпті. Екіншісі берілгісі келмей тырбаңдай беріпті. Ақырында тоқтаусыз шайқалған сұйық кілегей қою майға айналыпты да, әлгі тышқан аман қалыпты. (Рататуй)

 

Әр күнді өзінің мақсатымен баста. (Күзгі түс)

 

Мақсатымыз болмаса, біз де болмас ек. (Матрица)

 

Не істе, не істеме. Көрейін деген сөз жоқ! (Жұлдыздар соғысы)

 

Кездейсоқтықтар кездейсоқ емес! (Куң фу Панда)

 

Өмір деген кәмпиттің қорабы тәрізді – саған қандайы түсетінін ешқашан білмейсің. (Форест Гамп)

 

Иттің адамнан айырмасы, олар “күл болмасаң, бүл бол” деген сөзді білмейді. (Ақтүтек)

 

Тоқтай алатын кезде, тоқтағың келмейді; ал тоқтағың келгенде, тоқтай алмайсың. (Кэнди)

 

Өмір – үлкен сый, оны бүгін бағалау керек, өйткені ертең не болатынын болжау мүмкін емес. Өмір қандай, оны сол қалпымен қабылдаған дұрыс. Сүрілген әр күн маңызды…  (Титаник)

 

Үнсіздік – ең қатты дауыс. (Өмір керемет)

 

Бір нәрсе есіңде болсын, балам. Әлемде екі-ақ түрлі адам бар. Жақсылық істейтіндер, яғни, жақсы адамдар және жамандықпен айналысатындар, яғни, жаман адамдар. Осы адамдар арасындағы жалғыз айырма. Одан басқа айырма жоқ. (Менің атым - Хан)

 

Бәрі өледі, бірақ бәрі бірдей өмір сүрмейді.  (Батыл жүрек)

 

Уақытты ысырап етпе. Өйткені уақыт - өмірді жасайтын материал. (Жел әкеткендер)

 

Біліп қой, тәуелсіздік деген ақша тұрады. (Шиндлердің тізімі)

 

—   Шын айтам, Карлсон, бақыт деген балкүлшеде емес…

—   Денің сау ма өзі? Басқа неде сонда? (Шатырда тұратын Карлсон)

 

Біреудің қолыңнан келмейді дегенін тыңдаушы болма. Тіпті, менің де. Ұқтың ба? Арманың бар ма, қорға. Әдетте әлденеге әлі келмейтін адамдар “сен де жасай алмайсың” деп сені де сендіруге тырысады. Мақсат қойдың ба, жет. Нүкте! (Бақыт жолында)

 

Өз отбасын ұмытқан еркек – еркек емес. (Өкіл әке)

 

Бір нәрсенің соңына жетсең, басын ойлай бастайсың. (Мистер және Миссис Смит)

 

Кейде жеңесің, бірақ жеңілесің. Кейде жеңілесің, бірақ жеңесің. (Армандар қайда апарады)

 

Өмір сүре біліңдер. Өлу бәрінің қолынан келеді. (Трасса 60)

Біз жақсылық арқылы қастандық жасаймыз, бұл – біздің стратегиямыз. (Ібілістің адвокаты)

 

Мсье, саусақ аспанды көрсетсе, нақұрыс саусаққа қарайды. (Амелия)

 

Кішкентай өтірік үлкен күмән тудырады. (Көктемнің он жеті сәті)

Барлық ақылгөйлерге тән классикалық қателікке ұрына көрме: ол – менен асқан ақылды адам жоқ деп ойлау. (Түнек мекені)

 

Даңққұмарлық – менің ең сүйікті күнәларымның бірі. Өйткені ол сондай фундаменталды. Ал өзімшілдік – табиғи есірткі. (Ібілістің адвокаты)

 

Тәжді кигісі келетін адам оның салмағына да шыдау керек. (Мұрагерлер)

Әзірге алғашқы  киноцитаталар топтамасы осы.  Жалғасы бар, күтіңіздер!

 
1
0
792

Осы тақырып бойынша

Қорықпа, балам. Өлім деген — өмірдің бәрі бастан өткізуі тиіс бір бөлігі ғана. (Форест Гамп) - Yvision.kz