Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Серпіндік студенттер арасында дебат сайыстары өтті

Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында "Мəңгілік ел жастары-индустрияға" "Серпін2050" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған "Аламан" өңірлік дебат сайысы өтті. Аталған шараға С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодармемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар техникалық колледжі және де Ақсудан "Жаяу Мұса" оқу орнынан келген топтар қатысып, бақ сынасты.

Іс-шараның негізгі мақсаты: Республикалық Аламан фестиваліне Облыстың ең мықты фракцияларын анықтау және пікірталас технологиясы арқылы тіл дағдыларын дамыта отырып жеке көзқарастарын қалыптастыру.Сайыстың барысында ПМПИ атынан шыққан дебатшылар өз сөз шеберліктерімен ерекше көзге түссе, ПМУ қарсыластық əдісімен төрешілерді таң қалдыра білді.

Сайыста қарсыластық болса да оқу орындары арасындағы достық бұрынғыдан да нығайып, арадағы байланыс күшейе түсті деген сенімдеміз.

Аталмыш іс-шараның қортындысын Жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы, Павлодар облысының Серпін студенттерінің жетекшісі, өткізілген байқаулардың әділқазы төрағасы Ғабит Хафиз мәлімдеді.

-Сайыс қорытындысы бойынша ПМПИ қанжығасына I орынды байлап, республикалық сайысқа жолдама алса, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті II және де Павлодар техникалық колледжі III орындарды иеленді-деді Ғабит Хафиз.

 
1
0
1760

Осы тақырып бойынша

Серпіндік студенттер арасында дебат сайыстары өтті - Yvision.kz