мен үшін ең таза қала...
Әлі көптеген әлем шаһарлары мен әлемнің алпауыт елдерінде болмағандықтан, "ең керемет қала немесе ең керемет тағам" деп бір қорытынды жасай алмаймын. Алайда, мен үшін "ең таза қала" болып Францияың оңтүстігінде орналақан, Барселонадан 3 сағаттық жерде орналасқан Тулуза болып саналады (немесе "La ville rose" -француз тілінен аударғанда тура мағынасында "Қылғылт қала" дегенді білдіреді).

Ал, енді кішкене қала тұрғындарына жалпы шолу жасасақ. Франциядағы көлемі және халық саны жөнінен 4-ші ірі қала қатарына жатады, ал халық санының басым көпшілігі шеттен келген студенттер құрайды. Мұнда университеттер мен Grandes écoles (жоғары мектеп) жалпы саны 14 құраса, 5 ғылыми-зерттеу орындары бар. Жалпы студенттер қауымының 15% -ы ағылшын және француз тілдерін үйренуге келгендер болып табылады. Басқа әлем мемлекеттерімен салыстырғанда Францияда білім беру жүйесі кішкене ерекшеленеді. Франциядағы кез келген ЖОО- на түсу үшін Франция мемлекетінің бакалавр дипломының эквивалентіне сәйкес келетін дилпом болу қажет( British A level, American high school diploma). Білім беру жүйесіде екі бағытта жүргізіледі:
- Университеттік білім; (кез келген мамандық: медицина, педагогика, өнер, әлеуметтік ғылымдар, текникалық мамандықтар);
- The Ecoles (Француз академиялық іріктелген жеке университет): техникалық мамандықтар, бизнес, архитектура, ветеринария, агрономиялық білім сияқты мамандықтар оқытылады. Толығырақ ақпаратты төмендегі сілтемеден оқи аласыз.
http://www.diplomatie.gouv.fr/en/
Сәулет өнерінің кереметтілігіне таң қалмасқа болмайды. Оны қаланың қай бұрышынан қарасаң да байқайсың.






Қала халқының басым көпшілігі, Францияның басқа қалаларымен салыстырғанда, француздар болғандықтан, өзіңді "нағыз француз" ретінде сезінуге мүмкіндік аласың, сондай-ақ хылық санының ауқымды бөлігін жастар құрағандықтан, мұнда нағыз өмір кешкісін басталады.

Гарон өзәнінің жағалауы күндіз де түнде де адамға лық толы, себебі мұндағы ауа райы демалуға қай жыл мезгізі болмасын, өте қолайды әрі жайлы...








Сондай-ақ, мұнда студенттер қауымына өте жақсы жағдай жасалған. Егер сізде өзіңізбен бірге студенттік картаңыз болса, сізге музей, театр, асханаларда жеңілдіктер жасалады. Ең тойымды әрі қолжетімді тағамдар, университет асханаларында сағат 13:00 дейін ұсынылады.


Әр сәрсенбіде қала орталығында болатын үлген жәрмеңке жіберіп алмаңыз. Африкалық киім үлгісінде жасалған дүниелерден бастап, қытайда жасалынған естелік сыйлықтарын таба аласыз. Жәрмеңкеден іздегеніңіздің барлығын табасыз, 70-ші жылдардағы пластинкалармен қоса, түрлі жанрдағы кітаптарды да керемет бағамен ала аласыз.







Тулуза қаласында керемет әсер алғыңыз келсе, сол мезгізде болатын, концерттер мне фестивальдарды жіберіп алмаңыз. Толығырақ ақпаратты төмендегі сілтемеден оқып біле аласыздар.
http://www.cultures.toulouse.fr/
Bienvenue a Toulouse!!!!
