Қазақша киноцитаталар 3
Назарларыңызға - Үшінші топтама. Ал кеттік!
Айтпақшы, өзіңізге таныс цитаталарды таптыңыз ба?)
1.Жеккөрушілік – ауыр жүк. Өмір қамшының сабындай қысқа, сондықтан оны зұлымдыққа жұмсама.
“Американдық Икс оқиғасы”
2. Ең жаман нәрсенің не екенін білесің бе? Ұзақ уақыт бойы бар сеніп келгенің түкке тұрғысыз болғанын сезіну.
3.Көп адамдар жалғыздықтың кереметін түсінбейді.
“Жаздың 500 күні”
4.Құрбандықсыз сүйіспеншілік болмайды.
“Аватар”
5.Бақыттың шынайы бағасын басқа жанмен бөлісе алғанда ғана түсінесің.
6.Мені бүкіл әлем, адамдар сүйеді, менде оларға сүйіспеншілікпен жауап беруді қалаймын.
“Жабайы жағдайларда”
7.Өмір тәуекелсіз солғын тартады.
“Гарри Поттер және Феникс зүмресі”
8.Сіздің әрбір ойыңыз – үлкен шынайы күш!
“Құпия”
9.Даңқ – сенімсіз жолдас, Гарри.
“Гарри Поттер және Құпия бөлме”
10.Құдай 7 күнде Әлемді жаратты, мен 7 секундта өз өмірімнің күл-талқанын шығардым.
“7 Өмір”
11.Сенің тірегің болып, шынайы сүюге, махаббатымызға сабырлықпен қорғаныш болуға, керек уақытында сөйлеп, керек емес уақытта үндемеуге уәде беремін. Сонымен қатар, сәбіз шырынын ішуге, сенің жүрегім қалаған жерге қоныстануға және сол жерді өз үйім деп санауға келісемін.
“Ант”
12.Өмір сүрудің жалғыз жолы – ережесіз өмір сүру.
“Бэтмен”
13.Махаббат найзағай секілді, оның қай жерге ұратынын кім білген?!
14.Кез-келген адамның өмірін бастан- аяқ толықтай өзгертуші бір-ақ күш бар. Ол – махаббат.
“Махаббатым үшін кешір”
15.Көз жасыңды көлдетумен ұрыстарда жеңіске жетпейсің.
“Алиса Таңғажайыптар Елінде”
16.- Мен саған қалай көмектесе аламын?
- Жай ғана құшақташы.
“Қарғыс атқыр махаббат”
17.Жеңіске жету үшін қолайлы төбелес алаңын таңдау керек.
“Күнәлар қаласы (мекені)”
18.Басқалар өмірдің қадірін түсіну үшін бір адамнын өлуі қажет.
“Сағаттар”
Осымен бұл топтамада аяқталды. Келесі пост қандай тақырыпта жазылғанын қалайсыздар құрметті оқырман? Өз пікірлеріңізді қалдырсаңыздар, сол бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады.
P.S. Тек қана Қазақша, тек қана Қардқор!)))
