Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жоғарғы Сот Судьялардың жетінші съезінің қарсаңында заң аясына арналған Интернет-викторинаны іске қосты

Бүгін Жоғарғы Сот жаһандық желіні пайдаланушыларға есептелген интернет-викторинаны іске қосты. Іс-шара 2016 жылғы қарашада Судьялардың жетінші съезін өткізуге арналған.

Осы акцияның мақсаты ел азаматтарының құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады. Ел азаматтарының белгілі бір бөлігі, әсіресе ол жастарға қатысты қандай әрекеттер құқық бұзушылықтарға жататынын біле бермейді. Жеткіншектердің математика пәнінің бақылау сабағына бармау үшін бомба салынғаны туралы телефон шалу жағдайлары осы күнге дейін кездеседі. Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Мұның проблемасы – жастарды заңдарды оқуға баулу қиынға түсіп отыр, ал оларды бірінші кезекте интернет-викторинаға жүлделер арқылы тартып, осылайша олардың заңмалық тұрғыдан білімдерін арттыру - ең пәрменді тәсіл.

Бұл білім деңгейін көтерумен шектелмейді, сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. «Сіз 16 жастасыз делік, және Сіз кездейсоқ өтіп бара жатқан адамнан ұялы телефонды тартып алып, өз қаржылық жағдайыңызды бөгде адамның мүлкін ашық ұрлау жолымен жөндемек болдыңыз. Сізге ең көп дегенде қанша мерзімге бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр?»,- деген сұраққа, көптеген жастар осындай теріс әрекетті жасаудың қызық тудырмайтын болашағын ескере отырып, «болмашы әрекеттерге» өз көзқарастарын өзгертеді.

Викторинаға қатысушылар үшін қомақты жүлделі қор көзделген. Күн сайын  жүздеген шағын жүлделер ұтыс ойынға түседі – бұл мобильді телефон нөміріне 200 немесе 500 бірліктер. Бұдан басқа, ағымдағы жылғы 10 қарашада көш бастап келе жатқан үш смартфон ойынға салынады.

Жүлдені алу үшін интернет пайдаланушылар қойылатын 10 сұрақтың басым көпшілігіне жауап беруге тиіс. Барлығы 100-ден астам сұрақ құралды. Олардың 10-ы кездейсоқ тәртіппен викторинаға қатысушыға түседі. Жеңіл қабылдау үшін сұрақтар қарапайым тілмен құрылған. Көптеген сұрақтар өзекті болып келеді. Мысалы, «Жалғысты басты ана айрылысқан және соттың шешімімен оның бұрынғы жұбайы ортақ кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуге міндетті, бірақ жұбайы бұл міндетті үш айдан астам орындамай келеді. Сотқа жүгінген жағдайда ол қандай жазаға тартылуы мүмкін?» деген сұрақ бар.

Аталған акцияға  қатысушылардың барынша көп санын тарту үшін жан-жақты интернет-реклама берілуде. Акция 2016 жылғы 24 қазан - 2 қараша аралығында өтеді. Викторинаға қатысу үшін танымал әлеуметтік желілер (фейсбук, вконтакте, мейл.ру, твиттер) арқылы авторландыру немесе http://sud-gov.kz сілтемесі арқылы қарапайым тіркелуден өту қажет.

Тұтастай алғанда, Жоғарғы Сот құқықтық мәдениеттің деңгейін көтеру үшін қазіргі заманғы форматтарды пайдалану құқық бұзушылықтарды төмендету есебінен оң нәтиже, оның ішінде экономикалық нәтиже береді деп сенім артады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sot-sudyalardyn-zhetinshi-sezinin-karsanynda-zan-ayasyna-arnalgan-internet-viktorinany

0
0
242

Осы тақырып бойынша

Жоғарғы Сот Судьялардың жетінші съезінің қарсаңында заң аясына арналған Интернет-викторинаны іске қосты - Yvision.kz