Мазмұнға өту

Жаңа

БҚО колледждерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары өткізілді

2016 жылдың 18-19 қараша күндері Департаментпен Орал қалалық колледждерінің (Батыс Қазақстан инженерлі-технологиялық колледжі, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі) оқытушылар, студенттер және ата-аналар құрамына жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шаралар өткізілді. Шаралар барысында департаменттің жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілдері бала тұлғасын қалыптастыруда оқытушылардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейту және баланың тәрбиесі үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша баяндамалар жасады. Сонымен қатар, шара соңында қатысушыларға тақырыптық бейнеролик көрсетіліп…

0
0
235

Қазіргі заманғы бала мен ұялы телефон

Баланың қандай ойын түрін ойнауға қызығушылығын көру арқылы, болашақта қандай маман иесі бола алатынын болжауға болады деп естігем. Бұл ойдың қазіргі заманда қаншалықты өзекті екенін айту қиын. Иа, әрине өзіміз бала болғанда, конструктордан неше түрлі динозавр, робот, көліктерді жасағанбыз, ал, жаздың жақсы ауа райында, құмнан сан түрлі құрылыстарды көтеріп жарысатынымызды 90 жылдардың кезіндегі балалық шақтары өткен қазіргі жастар естерінде бар шығар. Алайда, қаншалықты біз өзіміздің балаларымызға сондай өзіміз көрген тәрбие беруге тырысамыз. Инновациялық дамудың жаһандануы кезінде, тілдері енді шығып жатқан балалар, туған күнге немесе жаңа жылға сұрайтын сыйлықтардың арасында көп кездесетіні планшет пен ұялы телефон екеніне көпшіліктеріңіз келісетін шығарсыз! Солай деп, балаларға планше…

2
0
2889

«Жастар Отанға» жастар лагері

Қазақстан Республикасы Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысымен ағымдағы жылдың қараша айының 10-15 аралығында ОҚО Төле би ауданында орналасқан "Бəйшешек" спортты-сауықтыру орталығында "Жастар Отанға" жастар лагері ұйымдастырылды. Лагерь аясында жастар саясаты саласында тəжірибесі бар мамандармен сұхбат құрып, түрлі тақырыптарда пікір бөлісу, сонымен қатар, спорттық ойындар мен тренингтер өткізілді. Еліміздің 14 облысынан келген белсенді жастар "Жастар Отанға" ұранын ұстанды. Жас буынның саяси сауаттылығын арттырып, патриоттық рухын ұлықтайтын жоба елу елдік мәселелерді, жастар проблемасын шешуге мүдделі. Жастар саяси лагерінде əлеуметтік тапсырыс бойынша қатысушылар көкей кернеген, өзек өртеген мәселелерін ортаға салды. Әлеуметтің әлді тобы – жастар. Оларда кез-келген…

0
0
868

Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық қызметкерлердің рөлі

А.ж. 18 қарашада Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберінде «Өрлеу» БАҰО «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің білімін арттыру институты» филиалында «Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық қызметкерлердің рөлі» тақырыбындағы диалог алаңы өтті. Іс-шараға Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев, «Өрлеу» БАҰО «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің білімін арттыру институты» филиалының директоры Е. Исимбаев, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушылары – облыстың орта білім мекемелерінің басшылары, департамент қызметкерлері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік атмо…

0
0
434

Өзекті әңгіме

А.ж. 15 қарашада  Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  2016 жылға  арналған кешенді жоспарда белгіленген шараларды орындау мақсатында Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаевтың қатысуымен «Актуальная тема» тікелей эфир бағдарламасын ұйымдастырды.

Бағдарлама барысында Е. Жайықбаев «ҚР мемлекеттік  қызметі туралы»  Заңдағы өзгертулер  жайлы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен міндеттері туралы,  сыбайлас жемқорлықты алдын алу шаралары,  мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, заңнамаларды білу бойынша тестілеуден өту жөнінде  толық ақпарат берді.

Департамент госслужбы

0
0
214

Үндінің үймелеуі...

Әлеуметтік мәселе!!!Жалпы Әлеуметтік мәселе деген сөзге тоқтала кетсем, Әлеуметтік мәселе қоғамда жиі талқыға түсетін немесе сынға ұшырайтын басты проблема. Қазіргі таңда менің көтеріп отырған басты проблемам ол Қазақстан телеарналарының барлық арналарында үнді сериялардарының қаптап кетуі. Қаптағаны соншалық кез-келген арнаға көз салсаң үнділерден көз ашылмайды.Бұл әрине көре келе өскелең ұрпақтың санасын улайтыны анық. Мысалға алатын болсақ 6 немесе 7 жыл қатарынан Қазақстан арнасынан үзбей көрсетіліп келе жатқан «Келін телехикаясы өз мәресін әлі табар емес. Бастапқыда көрермен саны жоғары болғанымен қазіргі таңда күрт төмендеді, Бұған себеп бір ғана сөйлем « жалықтырып жіберді», Халқымыз бұлмен тоқтап қалған жоқ. Келін жалықтырса басқасы бар емес пе? Деген ойды ұстанып ,Бірінен кейін б…

0
0
620

Жоғарғы Сотта заң жобалары бойынша жария тыңдау өтті

2016 жылғы 18 қарашада Жоғарғы Сотта «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық заңның және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңына өзгерістер енгізу туралы» заңның жобалары бойынша жария тыңдау өткізілді. Іс-шараға Қазақстан Судьялар Одағының, Жоғары Сот Кеңесінің, Қазақстан Заңгерлер одағының мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері, жергілікті соттардың судьялары қатысты. Заң жобалары судьялардың кәсіби қызметін мерзімді бағалау қорытындысы бойынша қабылданатын шараларды жетілдіру мақсатында әзірленді. Заң жобасы судьялар корпусының сапалық құрамын одан әрі арттыру, кәсіби біліктілігін бағалау және оны көтеруге ынталандыру тетіктерін жетілдіру, істерді қарау кезінде заңдылықты нығайту үшін суд…

0
0
497

Астанада республика судьяларының VII съезі өтті

Бүгін Астанада ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен республика судьяларының VII съезі өтті. Съезд жұмысына судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ заңгерлер қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың, БАҚ пен ҮЕҰ өкілдері қатысты. Барлығы 600-ден астам делегат пен форум қонақтары. Ресей, Қытай, Қырғызстан, Корея, БАӘ, Венгрия, Сингапур, Беларусь Жоғарғы Соттарының төрағалары, сондай-ақ Халықаралық судьялар қауымдастығының, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің, ГФР судьялары бірлестігі мен Әзербайжан судьялары қауымдастығының басшылары мен өкілдері съезд қатысушыларына арнап өз құттықтау лебіздерін жолдады. Съезд жұмысының басталар алдында Мемлекет басшысына электронды сот төрелігінің жетістіктері, сондай-ақ Қазақстандағы сот билігі…

0
0
794

Біткенде жалған өмір...

Досым ау сен де өлерсің, мен де өлермін Сен өлсең жоғың жоқтап мен келермін Сен ауырды дегенде, жан ауырды Алыстан сонау кеткен мен келермін. Алыстан сонау кеткен мен келермін Пұшпағын ауырыңның көтерермін Мен біттім, қош бол досым, дегеніңде Жер түбінен болса да жетер едім. Жер түбінен болса да жетер едім Ой-қиял, мені қайда жетеледің Досы үшін, жанын берер аңқылдағым Жасырып көзден жасты, жөтелермін. Жасырып көзден жасты жөтелерміз Қалғандар, қол ұстасып жетелерміз Тірліктің бір бітпейтін тауқіметі Қош бол деп, жөнімізбен, жөнелерміз. Қош бол деп, кете барар, жөніміз бар Ажал деген ақиқат жөнге салар Ажалдан қашып кетер шама болмай Бас иеміз, жол бітсе, ұзақ сонар. Жолы бітер әркімнің ұзын сонар Біреуге ұзақ біреуге шолақ болар Бұл жалған, өмір қызық өтер кетер Біткенде жалған деген, өм…

0
0
1551