Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан және Израиль денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісті

Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтамақтастық жөніндегі комиссиясының 7-ші отырысы барысында Қазақстан және Израиль денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісті.

Комиссияны Қазақстан тарапынан Қазақтан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Израиль тарапынан Израиль Мемлекетінің Қоршаған ортаны қорғау және Иерусалим мен диаспора істері жөніндегі министрі Зеэв Элькин басқарды.

Комиссияның отырысы шеңберінде Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда, кәсіпкерлік пен инвестиция, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті және болашақ бағыттары, сондай-ақ Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі Б. Нетаньяхудың Қазақстан Республикасына сапары барысында екіжақты құжаттарды қол қоюға дайындау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, отырыс барысында Тараптар өзара сауданың қазіргі күйі мен көлемін қарады және екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайту маңыздылығы мен қажеттілігін бекітті.

Қаржы министрлігінде атап өткендей, 2016 жылдың 9 айы ішіндегі Қазақстанның Израильмен тауар айналымы көлемі 236,9 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 196,9 млн АҚШ долл., импорт – 40,0 млн АҚШ долл.), ол өз кезегінде 2015 жылғы ұқсас кезеңмен (239,9 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 1,3 %-ға аз (экспорт –
181,5 млн АҚШ долл., импорт – 58,4 млн АҚШ долл.).

Осыған байланысты, сауданы дамыту мақсатында Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері және Израиль Мемлекеті арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу бойынша келіссөздерді бастаудың маңыздылығын атап өтті.

Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, атап айтқанда қазақстандық мамандардың Израильдің алдыңғы қатарлы медицина орталықтарында біліктілігін арттыру және Израиль мамандарының қатысуымен шеберлік сағаттарын өткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Израиль тарапы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты. «Үшқоңыр» тамшылатып суару бойынша Қазақстан-Израиль орталығын Халықаралық орталыққа айналдыру, сондай-ақ Қазақстанда демонстрациялық ферма құрылысы бойынша біріккен консорциумды құруға ерекше назар аударылды.

Экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және қазақстандық және израильдік компаниялар мен бизнес-делагациялардың сауда көрмелері мен іс-шараларға белсенді қатысуын ынталандыру мақсатында екі тарап іскер орталар мен шешім қабылдау деңгейіндегі, оның ішінде үкімет өкілдері ішінен тұлғалардың 2017 жыл ішінде екі елде өтетін коммерциялық іс-шараларға белсенді қатысуына көмек көрсетуге келісті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
363

Британия Қызылорда облысында қара тақтатас өңдеу жобасына 125 мл доллар инвестициялайды

Британдық инвестор Қызылорда облысындағы «Баласауысқандық» кен орнында қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» инвестициялық жобасын іске асыруға 125 млн доллар бөледі, бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысқан Лондондағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысы барысында белгілі болды.

Комиссия отырысында Қызылорда облысындағы «Баласауысқандық» кен орнында  қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» инвестициялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Нәтижесінде жобаның ІІ және ІІІ кезеңдерін 125 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестормен қаржыландыру туралы шешім қабылданды.

Аталмыш жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңы аясында, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген талаптарға сай келгенде инвестициялық преференциялар беру мүмкіндіктері қарастырылады.

Қазіргі уақытта құрылтайшысы «Ferro-Alloy Resources Limited» компаниясы болып табылатын «Фирма Балауса» ЖШС Шиелі ауданындағы Баласауысқандық кен орнында құрамында ваннадий бар кварцтарды өндіру және қайта өңдеу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінде кәсіпорын құрылысында 150 адам жұмыс істейді. Ал зауыт пайдалануға берілген кезде 650 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Өндіріске отандық ғалымдардың посткеңестік кеңістікте  ғана емес, алыс шетелдерде де жоғары бағаланған жаңа зерттемелері  енгізілді. Бұл жаңа технология бойынша 13 патент алынды.

Қазақстандық аммоний метаванадаты, «қызыл сүзінді», феррованадийдің алғашқы тонналары алынды. Аммоний метаванадатының алғашқы партиясы АҚШ, Тайвань және Ресейге жіберілді.

Үкіметаралық комиссия отырысы аясында ЕҚДБ Президенті Сума Чакрабартимен Қызылорда қаласының жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және құрылысын қаржыландыру, Қызылорда облысының электрмен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.

Сондай-ақ осы күні IPC компаниясы басшылығымен қуаттылығы 50 және 30 мВт екі газ турбиналық станцияның құрылысы мәселелері бойынша кездесу өтті.

Келіссөздер нәтижесінде IPC жобаны 100 пайыз қаржыландыруға және жобаны қысқа мерзімде  жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
473

Қазақстан БҰҰ ҚК жұмысына халқыралық ынтымақтастық пен қауіпсіздік салаларында серпін беруге ынталы – Нығматулин

Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР Парламентінің Мәжілісі.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі отырысында сөз сөйлеп, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты емес мүшелігі аясында аймақтық өзара іс-қимылдың өзекті сұрақтарын талқылауға қазақстандық парламентшілердің де белсене қатысуына қатысты бірқатар ұсыныстарды алға тартты.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай біздің еліміз БҰҰ ҚК жұмысына халқыралық ынтымақтастық және қауіпсіздік, қарусыздану, терроризммен күрес және аймақтық қақтығыстарды ретттеу салаларында серпін беруге ынталы», - деді Н.Нығматулин.

Сондай-ақ, осы күні Санкт-Петербор қаласында өтетін ҰҚШҰ тоғызыншы пленарлық отырысында ұйымға мүше-мемлекеттердің төтенше жағдайдағы қауіпсіздік бағытында кадрларды қайта даярлау мәселесінде ұлттық заңнаманы үндестіру жолындағы ұсыныстар талқыланады. Сондай-ақ, басқа да әлеуметтік-экономикалық мәселелер назардан тыс қалмайды.

ҰҚШҰ ПА құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан парламенттерінің өкілдері кіреді.

Үш тұрақты комиссия жұмыс істейді. Олар әлеуметтік-экономикалық және құқықтық, саяси және халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөнінде.

ҚР Парламенті Мәжілісінің ақпараты бойынша, парламенттік делегациялардың ТМД ПА және ҰҚШҰ ПА күзгі сессиясы аясында өткен кездесу барысында Мәжіліс Спикері әріптесін қызметімен құттықтай отырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынасты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Қос мемлекет басшыларының өзара түсіністік пен достығы негізінде құрылған екіжақты байланыстың стратегиялық маңызына баса назар аудара келіп, Н. Нығматулин тығыз саяси үнқатысу мен экономикалық қарым-қатынас жайына тоқталды.

Вячеслав Володин өз сөзінде екі мемлекет арасындағы достық байланысқа баса мән бере келіп, қазақстандық-ресейлік парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі ынталандыру жайын алға тартты. Мәжіліс Төрағасы әріптесін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
671

Н.Назарбаев: Өңірлік туризмді ілгерілету қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту үшін маңызды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының мәселелері жөніндегі кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кеңеске Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдар басшылары қатысты.

Қазақстан Президенті «100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылуы заңның үстемдігі қағидатын нығайтуға, мемлекеттік қызмет сатыларынан өту жүйесін жетілдіруге, бизнестің дамуына жағдай жасауға, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ азаматтар алдында есеп беретін ашық Үкімет қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

«Бұл бес тармақтың орындалуы Қазақстанның дамыған 30 ел қатарына қосылу кезеңі болып саналады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы мемлекеттік қызметшілерді қызмет нәтижелері бойынша көтермелеудің бонустық жүйесіне көшудің маңыздылығын, Әдеп кодексінің мүлтіксіз орындалу керектігін, өзге өңірге қызмет ауыстыру барысында мемлекеттік қызметкерлерді жекешелендіруге жатпайтын қызметтік баспанамен қамтамасыз ету ісін жандандыру қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы конкурстық іріктеу негізінде мансаптық ілгерілеудің маңызды екеніне тоқталып өтті.

«Төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкердің конкурс бойынша ілгерілеуі меритократия қағидатын нығайтудың қазіргі тиімді тетігі отыр», – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарына қызметке қабылдау барысында конкурстық рәсімдерді қолдану қажеттігіне назар аударды.

«Полицияның елімізде қалыптасқан келбеті өзгеруге тиіс. Қызметкерлер азаматтардың сеніміне ие болып, олардың қызметі ең алдымен халыққа көмек көрсетуге бағытталуға тиіс», – деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жергілікті полиция қызметінің құзыретін белгілеп, олардың есептілігіне қатысты еліміздің құқық қорғау органдарын жаңғырту мәселелерін қосымша тағы пысықтауды тапсырды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығы жанынан Халықаралық арбитраждық орталық құру жөніндегі жұмыстарды тездету керектігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларды тартудың, сондай-ақ республика бойынша өндіріс күштерін жүйелі түрде бөлудің айрықша мәні бар екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Елбасы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөнінде жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығына тоқталды.

«Мен осы мәселенің шешіміне қатысты ерекше түсіністік танытқандарыңызды қалаймын. Қазіргі кезде қиындықтар бар екеніне қарамастан, бұл – өте прогрессивті бағыт. Халық арасында тиісті дайындық өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Кейбір қадамның іске асырылуын талқылау барысында Қазақстан Президенті Үкімет пен басқа да мүдделі органдар жұмысындағы кемшін тұстарды атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

Сондай-ақ, Елбасы Туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын ішкі туризмнің басымдығы бар бағыттарын ескере отырып жаңартуды тапсырды.

«Өңірлік туризмді ілгерілету үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру қажет. Бұл экономикамыз үшін де, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту үшін де маңызды», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті «Үкімет – азаматтар үшін» бағдарламасы арқылы халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды да одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев кеңеске қатысушыларға Ұлт жоспарының барлық бағыты бойынша жұмысты ілгерілетіп, бақылау жүргізуді күшейту қажеттігін айтты, сондай-ақ басшылардың дербес жауапкершілігі жөнінде ескертті.

Соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикасы үшін маңызды жетістіктерге қол жеткізу және еліміздің әр азаматының әл-ауқатын арттыру Ұлт жоспары мен басты мемлекеттік бағдарламалардың түпкі| мақсаты болып саналатынын айтты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
473

Қ.Тоқаев Санкт-Петербургте ҰҚШҰ ПА аясында бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жоғарғы Палатаның делегациясы ТМД және ҰҚШҰ парламентаралық құрылымдарының жұмысына қатысу үшін Санкт-Петербургке келді, деп хабарлады Сенат.

Шараның күн тәртібіне ұйымдастыру, заң жобалары және ережелер әзірлеу сипатындағы мәселелер кірді. Атап айтқанда, дағдарысты жағдайларда әрекет жасау; мамандар даярлау және білімін жетілдіру; технологиялық терроризмге қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету; есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымын бақылау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды нормативтік-құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету бағытында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру бойынша құжаттар қабылданды.

Отырыста «Заңды тұлғалардың және (немесе) оның активтерін заңсыз иелену және басқаруға қарсы іс-қимыл туралы» үлгі ретіндегі заң жобасы қаралды. Сондай-ақ, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын еңбек мигранттарын зейнетақымен қамтамасыз ету және адам саудасының түрлі әрекеттеріне қатысты бөлігіне жетілдіру жөніндегі ұсынымдар да қабылданды.

Қ.Тоқаевтың Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесуінде Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығының маңызды мәселелері талқыланды. Қ.Тоқаев әріптесін Қазақстан Парламенті қабылдаған, еліміздің жетістіктері туралы ауқымды құжат мазмұндалған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясымен таныстырды.

Төраға атап өткендей, Парламент депутаттары Елордада «Тәуелсіз Қазақстан» монументін орнату, еліміздің Конституциясында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа мемлекет құрудағы қомақты үлесін атап өту, Елорда және еліміздегі басқа да маңызды нысандарда Мемлекет басшысының есімін көрсету туралы ұсыныс айтты.

Қ.Тоқаев В.Матвиенконың биылғы мамырда Қазақстанға сапары жемісті болғанын және оның Сенатта сөз сөйлегенін атап өтті. Қазақстан Сенатының Төрағасы сондай-ақ Астанада өткен «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференцияға қатысқаны үшін ресейлік парламентшілерге алғыс айтты. Жүздесу барысында 2016 жылғы 4 қазанда екі мемлекет басшыларының қатысуымен Астанада өткен Қазақстан мен Ресейдің XIII аймақаралық ынтымақтастық форумында қабылданған шешімдерді іске асыруға да ерекше назар аударылды.

Санкт-Петербургте Қ.Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Сардар Айяз Садикпен кездесті. Төрағалар Қазақстан мен Пәкістанның парламентаралық диалогын үдету туралы уағдаласты. Жүздесу барысында екі жақтың халықаралық терроризмге қарсы іс-қимылы жөніндегі тиімді құрылымдарды қалыптастырудың келешегі туралы пікір алмасты.

Депутаттар Әли Бектаев пен Михаил Бортник ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының әлеуметтік-экономикалық және құқықтық, сондай-ақ саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты.

Сенаторлар Сергей Плотников, Серік Бектұрғанов, Серік Жақсыбеков, Жеңіс Нұрғалиев және Владимир Редкокашин ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мемлекет құрылысы мен жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі, аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі, ғылым және білім беру жөніндегі Тұрақты комиссияларының отырысына қатысты. 24 қарашада кешкісін қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Ресей империясы Тұңғыш Мемлекеттік Думасының депутаты Әлихан Бөкейхановтың бюстін ТМД Парламентаралық Ассамблеясына тарту ету салтанаты болады. Сондай-ақ, бүгін ТМД ПАА Кеңесінің отырысы жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
374

Голландиялық компаниялар Қазақстанның индустриялық жобаларына қатысуға шақырды

Амстердамда Корольдік Индустриялық клубында (Амстердам қ.) 100-ден астам голландиялық кәсіпкердің, қазақстан-нидерланд Іскерлік кеңесі мен «KAZNEX INVEST» агенттігі өкілдерінің қатысуымен Қазақстан күні атап өтілді.

Іс-шараны Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстанның Нидерландыдағы елшілігі ұйымдастырды.

Қазақстанның Нидерландыдағы елшісі Мағжан Ілиясов кездесуге қатысушыларды тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің қалыптасуы мен дамуындағы рөлімен, сондай-ақ Нидерландымен іскерлік ынтымақтастық мүмкіндіктерімен таныстырып өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ.

М. Ілиясов голландиялық компанияларды Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму жобаларына және инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» бағдарламасына белсенді қатысуды шақырды. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі, сондай-ақ оның негізінде құрылатын Астана халықаралық қаржы орталығы аясында ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктері атап өтілді.

Корольдік Индустриялық клубтың Орталық Азия және Кавказ елдерімен ынтымақтастық жөніндегі директоры Хелин Овер де Линден голландиялық кәсіпкерлердің Қазақстанмен экономикалық және сауда ынтымақтастығын дамытуға деген қызығушылығының өсіп келе жатқанын атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның 25 жыл ішіндегі экономикалық және әлеуметтік даму қорытындыларын атап өтіп, өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.

Анықтама үшін: Корольдік Индустриялық клуб 1913 жылы құрылған; Нидерландыдағы ең көне қоғамдық бірлестік болып табылады. Клубтың мақсаты –  шет елдермен іскерлік байланысты дамыту, бизнесті жүргізуге жәрдемдесу және іскерлік қарым-қатынастарды реттеу.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
491

ҚР-да медкадрларды даярлау шетелдік медуниверситеттермен әріптестікке негізделеді - Дүйсенова

Қазақстанда медкадрларды даярлау қазақстандық және шетелдік медуниверситеттердің әріптестігі негізінде жүзеге асырылады, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова «Жетекші шетелдік университеттері мен медициналық ЖОО арасындағы стратегиялық серіктестіктің бірінші кезеңінің қорытындылары туралы» халықаралық конференциясы барысында.

Рrimeminister.kz хабарлағандай, конференцияда сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова медициналық білімнің ары қарай жетілдірілуі клиникалық тәжірибе, медициналық білім мен ғылыми қызметтің үшбірлігінің негізінде  отандық медициналық ЖОО-ның әлеуетін нығайтуды қарастыратынын атап өтті.

Медициналық кадрларды дайындау саласында үздік халықаралық тәжірибені енгізу қазақстандық медицина университеттерінің шетелдік ЖОО-мен стратегиялық серіктестік негізінде жүзеге асырылады. Бұл ішкі және сыртқы нарықта отандық медициналық ЖОО-ның позицияларын нығайтуға, білім процесінің сапасын қамтамасыз етуге, ғылыми-зерттеу және  оқу-әдістемелік қызметті дамытуға мүмкіндік береді.

«Стратегиялық әріптестіктің бірінші кезеңінде ағымдағы жылы әрбір медициналық ЖОО    стратегиялық серіктестігін анықтап, келіссөздер жүргізді, меморандумдарға және келісімдерге қол қойды, ЖОО-ның қазіргі жағдайларының басым бағыттары бойынша стратегиялық серіктестермен бірлесе талдау жүргізген, жақсарту бойынша ұсыныстар берілген. Стратегиялық серіктестікті іске асыру бойынша негізгі шаралар 2017-2019 жылдарға белгіленген, соның ішінде, Дүниежүзілік даму банкі және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қоса қаржаландырған жоба аясында. Серіктестің негізгі нысаны консалтинг, менторлық, бірлесіп және сенiмгерлiк басқару болуы қажет» - деді Тамара Дүйсенова.

Конференция барысында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті және Дюк университеті (АҚШ), Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті және К. Марцинков атындағы Познан медициналық университеті (Польша), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы және Гдан медициналық университеті (Польша), Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті және Лунд университеті (Швеция), Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті және Сент-Луис университеті (АҚШ), Астана медицина университеті және Ла Сапиенца университеттерінің (Италия) стратегиялық әріптестіктің 2016 жылға жұмысын қорытындылады. 2017-2018 жылдарға арналған ЖОО-ның стратегиялық серіктестіктерінің мақсаттарымен міндеттері, сонымен қатар Қазақстандағы медициналық білімді реформалаудың негізгі кезеңдері  талқыланды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
305

Қазақстанда 560-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған

2016 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша 564 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген, деп хабарлады ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов ОКҚ баспасөз конференциясы барысында.

61-қадамда шикізат базасын дамыту және өңделген өнімді экспорттау міндеті белгіленген.

Кремонини компаниясы Алматы облысында ет өңдеу кешенінің құрылысын жобалап бастады. Рифа Холдинг компаниясы «Еуразия Агро Холдинг»  ЖШС компаниясымен бірлесіп жылына 17 мың тонна қой етін өңдейтін ет өңдеу кешенін жобалауда.

Сондай-ақ аль Рамиз Интернейшнл компаниясымен бройлерлік бағыттағы құс фабрикасының құрылысы бойынша келісімшарт жасалды. Оның қазақстандық әріптесі - «Ak Kazyna Group» ЖШС.

Ұлт жоспарының 35-қадамы бойынша Министрлік жер реформасы шеңберінде қазақстандықтар үшін ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіруді көздейтін заң жобасын әзірледі. Осылайша, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін жердің шекті мөлшері белгіленіп, шекара маңы аймақтарынан жер беруге қойылатын талаптар қатаңдатылды, елді мекендердің айналасынан тұрғындарға қажетті мал жайылымдары айқындалды.

Сондай-ақ конкурстық негізде ауыл шаруашылығы жерлерін жалға берудің жекелеген тәртібі әзірленді және елді мекендердің маңайындағы мал жайылатын жерлерді жалға беруге тыйым салуды белгілеу, отарлардан мал жайылатын жерлер бөлу көзделген. Жайылымдардағы мал басының шекті саны белгіленді, соған сәйкес мониторинг жүргізіледі.

Жоспардың 36-қадамы бойынша қоғамдастықтың қатысуымен арнайы құрылған комиссияның тұрақты мониторинг жүргізуі жолымен ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалануды мемлекеттік бақылауды күшейту, жалға берудің үлгілік нысанын белгілеу жоспарлануда.

Ұлт жоспарының 55-қадамы бойынша экспорттық тауарлар жасау және Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы үшін өңдеуші секторға кемінде он ТҰК тарту көзделген.

Бүгінгі таңда осы аталған қадам шеңберінде Вилмар (Сингапур) компаниясымен «Май мен соя өңдеу жөніндегі май экстракциялау зауытын құру», «Агромашхолдинг өндірістік алаңында комбайн жасау», «СиЭнЭйч индастриал» (Нидерланды) жобалары бойынша келіссөздер жүргізіле бастады.

АШМ «Eurazia Agro Holding»   ЖШС бірлесіп томат пастасын өндіретін зауыттың құрылысы жөніндегі Кофко ТҰК (КНР) жобасы бойынша мониторинг жүргізуде.

2015 жылы Кофко ТҰК (ҚХР) және «Eurazia Agro Holding» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 2015 жылы Атырау облысының Махамбет ауданында және Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында томаттың 12 сортын өсіру бойынша эксперимент жасалғанын атап өту керек.

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
514

Дипломатиялық корпуспен ЭКСПО өткізу уақытындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлескен мәжіліс өткізді, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу барысындағы аккредитация мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Негізгі атқарылған жұмыс қарқыны туралы ұлттық компания Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Шорманов тоқталып кетті. Сондай-ақ, ол іс-шараға дайындықтың кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығын, әрі барлық сала бойынша жұмыстың күшейтілгендігін айтты.

«Көрмеге дайындық қарқынды жүріп жатыр. 31 қазаннан бастап халықаралық қатысушыларға павильондарды тапсыру рәсімін бастап кеттік. Көрмеге келушілердің қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылуда. Оны өз деңгейінде іске асыру үшін халықаралық тәжірибе, атап айтар болсақ, Шанхай, Йосу, Миландағы экспо көрмелерінің, сондай-ақ, Сочи мен Бакудағы спорттық жарыстарды өткізу тәжірибелері толық ескерілді», - деді Басқарма Төрағасының орынбасары Е.Шорманов.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап «Аккредитация» жүйесі іске қосылады. Сонымен қатар, «Call centre» жұмыс жасайды. Барлық нысандар бейнебақылау, өрт сөндіру мен күзет сигнализациясымен жабдықталған. Көрме қонақтарының ыңғайы үшін логистика жүйесі жасалды. Өрт сөндіру мен медициналық қызмет көрсету тәулік бойы жұмыс жасайды.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы Египет Елшісі  Хайзам Салах Ибрагим (Haitham Jakah Kamel) ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындыққа оң бағасын берді.

«Біз көрмеге қатысатындығымызды ресми растағаннан кейін ұлттық компаниямен бірлесе отырып, көптеген жұмыстар жасалды. Бұл ретте, көрменің жоғарғы деңгейде өтетіндігіне сенімдімін. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесіне біздің елдің бірқатар компаниялары қатысатындығын растады».

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
264

ТОО «Ақтөбе Сапа»

ТОО «Ақтөбе  Сапа» начало свою деятельность в марте 2016 года.
Наша компания специализируется на производстве  новых инновационных стройматериалов  такие как : теплоблоки, камни стеновые, гиперпрессованные огнеупорные кирпичи.

ТОО «Ақтөбе  Сапа» радо представить на рынок строительства Западного региона Казахстана свою продукцию  и создать долговечные взаимовыгодные  партнерские отношения!

Обращаться по адресу:
г.Актобе, 41-разъезд , база «ОПС» ,  д.354
телефоны:8(7132) 738-769, 8(702) 269-09-62
Электронный сайт: aktobe-sapa.kz/
e-mail : [email protected]

 
0
0
293