Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде әскери-патриоттық сайыстары болып өтті

Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде қала мектептері арасында «Айбын», «Мен – өз Отанымның батыл қорғаушысымын» әскери-патриоттық сайыстары болып өтті. Саттар Ерубаев атындағы № 24 мектеп-лицейдің спорт залында 200 жоғары сынып оқушылары автомат қаруын құрастыру мен бөлшектеу, пневматикалық винтовкадан ату, арқан тарту, белтемірге тартылу, кіртасын көтеру бойынша сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңіске № 133 орта мектеп оқушылары қол жеткізді. Екінші орынды № 7 мектеп-лицей және № 104 ОМ оқушылары бөлісті. Үшінші орынды № 52 мектеп-гимназияның жас Отан қорғаушылары қанағат тұтты.

Жеңімпаздарға салтанатты түрде кубоктар мен құрмет грамоталары тапсырылды.

Шымкент қ. Ішкі саясат бөлімінің ақпараты бойынша.


 
0
0
440

Осы тақырып бойынша

Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде әскери-патриоттық сайыстары болып өтті - Yvision.kz