Мазмұнға өту

Жаңа

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Тұңғыш Президент кітапханасында «Қазақстандағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараны Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен ұйымдастырды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/zhol-kozgalysy-kauipsizdiginin-mseleleri-boyynsha-dongelek-ustel-otyrysy-turaly

0
0
400

«Талғар» ортағасырлық қалашығы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінен алынбайды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Париж қаласында ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Боковамен кездесті. Сапар барысында тараптар Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі орынбасарының хатшылығы. Кездесу барысында вице-премьер ЮНЕСКО мандаты және жалпы БҰҰ аясындағы еліміздің бастамаларына көрсеткен тұрақты қолдауы үшін ризашылығын білдірді. Атап айтқанда, ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде болды. Онда Мемлекет басшысы Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның басшылығымен 2-ші санатты Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығын құру бастамасын ұсынған еді. Иманғали Тасмағамбетовтің айтуынша, ҚР Президентінің сапа…

0
0
427

Н.Назарбаев: Кез келген сот реформасының мақсаты – тәуелсіз, тұрақты сот билігі

Заң бұзылған жағдайда адам сотқа барып, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай алуы тиіс. Кез келген сот реформасының түпкі мақсаты – тәуелсіз, тұрақты сот билігі, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика судьяларының VII съезі барысында. «Заң бұзылған жағдайда адам сотқа барып, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай алуы тиіс. Кез келген сот реформасының түпкі мақсаты – тәуелсіз, тұрақты сот билігі. Демек, кез келген сот реформасының түпкі мақсаты – тәуелсіз, тұрақты сот билігі», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. «Ұлт жоспарында: бірінші – заманауи мемлекет және қызмет, екінші – заңның үстемдігі; үшінші – мемлекетіміздің біртұтастығы мен тұрақтылығы, төртінші – халыққа есеп беретін ашық үкімет қамтылғанын білесіздер. Халыққа қызмет ететін мемлекеттік қызметке тұрақты әрі әділ ад…

0
0
637

Қазақстанның сот билігі үздік әлемдік стандарттарды қабылдады – Назарбаев

Қазақстанда тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде күшті сот билігі қалыптасты, ол үздік шетелдік тәжірибе мен әлемдік стандарттарды қабылдап, жүргізіліп жатқан реформалар барысында сапалы жаңа көрініске ие болды, деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика судьяларының VII съезі барысында. «Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан халқының игілігіне едәуір жұмыс жүргізілді. Бүгін Қазақстан – әлемдік қоғам мойындаған, қалыптасқан және бәсекеге қабілетті мемлекет. Біздің жетістіктеріміздің бірі күшті сот билігі болып табылады. Реформаларымыздың алғашқы күндерінен бастап экономикада ілгерілеу бар екенін айтқан болатынмын, барлық жағдайлар жасалған, біз әлеуметтік саладағы халықтың әл-ауқатын жақсарттық, алайда, сот жүйесі жетілдірілмейінше, біз реформалардың нәтижелеріне…

0
0
432

Н.Назарбаев: Қалған реформалардың сәттілігі заң үстемдігіне байланысты

Заң үстемдігі «100 нақты қадам» ұлт жоспарының негізгі бағыты болып табылады, қалған 4 реформаның сәттілігі осыған байланысты. Ұлт жоспарының толық іске асырылуы Қазақстан азаматтарының соттар мен құқық қорғау органдарының қызметін бағалауының түбегейлі жақсаруына әкелуі тиіс, қоғам қазақстандық заң бұлжытпай орындалатынын, ал соттар заңдылық пен әділдікті қорғайтынын білуі тиіс, деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика судьяларының VII съезі барысында. «Біз қалған төрт реформаның сәттілігі оған тәуелді болатын заң үстемдігі сияқты негізгі бағыт бойынша Ұлт жоспарының іске асырылуын жіберіп алмауымыз қажет», - деп мәлімдеді Президент. Мемлекет басшысы атап өткендей, соттар мен құқық қорғау органдары алдында қойылған міндеттерден, 100 қадамның ішінен 19-ы со…

0
0
576

Қазақстанда 5 жылда санавиация 8,6 мыңнан астам ұшырылым жасады

Қазақстанда санитариялық авиация қызметі құрылғаннан бастап (бірінші ұшырылым 2011 жылғы 12 шілдеде жасалған) 8643 ұшырылым жасалған: 2011жылы – 323, 2012 жылы – 1005, 2013 жылы – 1355, 2014 жылы – 1875, 2015 жылы – 2149, 2016 жылғы 10 айға – 1936 ұшырылым. Жоғарыда көрсетілген уақыт ішінде санитариялық авиация мамандарымен барлығы 10938 медициналық қызмет көрсетілген, оның ішінде 7850 науқас тасымалданып, 2434 - іне кеңес берілді және 654 ота жасалды. Нақты сол жерде көрсетілген көмек барлық медициналық қызметтің 28 % -ын құрайды. Сондай ақ, Астана қаласынан 2721 ұшырылым, Алматы қаласынан – 582, өңірлерде – 5301 ұшырылым, өңіраралық – 39 ұшырылым жасалған. Санитариялық авиация шақыртуларының ішінде бірінші орынды балалар жасындағы патология алады 22%; екінші орында - жарақаттанушылық, қ…

0
0
376

«Әнім шарықта» атты облыстық Музыкалық Премиясы

Тұңғыш рет Павлодарда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, қала әкімдігінің қолдауымен «Әнім шарықта» атты облыстық Музыкалық Премиясы өткізілді. Қазақ даналығында «Өнер сатылмайды, Өнер бағаланады», деген қағида бар. Өнер адамы үшін халықтың қошеметі, тыңдарманның махабатынан биік баға жоқ шығар. Керекулік өнерлі, әнші, сазгер, ақын ұл – қыздарымыз түрлі номинацияларға лайықталып, марапатталды. Музыкалық премия басталмас бұрын жұлдыздарымыз қызыл кілемнен өтіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Кеш шымылдығын әнші Маусым Шәкім «Аманат» әнімен ашты. Көңілді кешті белігілі жүргізушілер Айдар Құрымбаев пен Елдос Төлеубаев жүргізді. Ал, қатысушы жұлдыздарымызды Қазақ өнерінің майталмандары құттықтады. «Үздік жас әнші» номинациясына ие болған Адина Жиенбаеваны белгілі айтыскер ақын Рин…

1
0
1770

Орал қалалық эстетикалық бағыттағы гимназиясы ата-аналар комитетімен кездесу.

2016 жылдың 18 қараша күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің БҚО бойынша департамнетінің қызметкері Орал қалалық эстетикалық бағыттағы гимназиясы ата-аналар комитетімен кездесті.

Кездесу барысында Е.Төлепқалиев демократиялық қоғам қалыптастырудағы басты бағыттың бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу екендігіне тоқталып, сыбайлас жемқорлық профилактикасының негізгі тетіктері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы ата-аналардың рөлі туралы анықтама берді.

Шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

0
0
341

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медениетті қалыптастыру жөніндегі диалог алаңы

2016 жылдың 15 қараша күні қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберіндегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы құқық қорғаушы, кәсіподақ мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының, кәсіпкерлік субъектілерінің рөлі» тақырыбында диалог алаңы өткізіліп, оған департамент басшысының орынбасары М.Нұртазин қатысты. Диалог алаңы барысында мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, әскери қызметшілер, құқық қорғау және басқа да органдардың қызметшілері арасындағы ұжымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік басқарудың ашықтығын, бизнес транспаренттілігін, бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсылығын, әкімшілік кедергілерді азайтуды көтеру бойынша қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә…

0
0
380

Астанада алғаш рет Кәсіпкер әйелдер күні атап өтілуде

Қазақстан алғаш рет Women's Entrepreneurship Day (WED) кәсіпкер әйелдерді қолдаудың жаһандық бастамасының бөлігіне айналды. Осыған байланысты, астанада Кәсіпкер әйелдер күні атап өтілді. «Кәсіпкер әйелдер күнін тойлау жөніндегі халықаралық ұйым кәсіпкер әйелдерді уәждемелеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін 140-тан астам елде ресми өкілдерін тағайындады. Бұл күні 144 елде, 110 университетте кәсіпкер әйелдерді құттықтау бойынша іс-шаралар бір мезгілде өтеді. Қазақстан осы бастамаға алғаш рет қосылып отыр және мен оның Қазақстандағы ресми өкілі болып табыламын. Біз кәсіпкер әйелдерді қолдау, жаңа идеялар бастау, жаңа бизнес ашу үшін оларға арналған алаң құру қажет деп шештік», - деді Women's Entrepreneurship Day Қазақстандағы ресми өкілі Мерей Мұстафина. Оның айтуы бойынша…

0
0
448