Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шымкент билігі Англия астанасының тәжірибесін зерттеуде.

Лондонда  сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени серіктестік бойынша қазақстандық-британдық үкіметаралық комиссияның ІІІ отырысы өтіп жатыр. Оның жұмысына Шымкент қаласының әкімі Габидулла Абдрахимов қатысуда. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында қала әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюпов хабарлайды.

Ұлыбритания Қазақстан экономикасына инвестиция көлемі бойынша бесінші орынды иеленеді, оның үлесіне тікелей шетелдік инвестицияның 14% келеді. Сауда көлемі бойынша Ұлыбритания Қазақстанның Еуропадағы үшінші сауда серіктесі болып табылады.

Шымкент әкімдігінің өкілдері қаладағы көлік инфрақұрылымы мен туризмді, ауыл шаруашылығы мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және білім және ғылым саласындағы серіктестікті дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді.

Шымкент қаласының әкімдігінің өкілдері айтып кеткендей Лондон тәжірибесі қала инфрақұрылымын дамыту идеялары мен шешімдерін жүзеге асыруға жақсы мүмкіндік болар еді, оларды болашақта Шымкент қаласын дамыту тұжырымдамасында қолдануға болады. Осы бағыттағы жұмыстар басталып кетті – қалада білім беру мен қала көлігі саласындағы смарт технологияларды енгізу жобалары жүзеге асырылып, «Shymkent City» құрылысын бастау, «саналы қала» ұғымын жүзеге асыру қолға алынған. Оларға қатысу көптеген британдық инвесторларды қызықтыруы мүмкін деп есептейді сарапшылар.

Комиссия жұмыстарының қорытындысы бойынша достық қатынастарды дамыту туралы келісімдер мен меморандумдарға қол қою күтілуде, сонымен қатар, бірлескен инвестициялық жобалар құру қарастырылған. Шымкент билігі AECOM  ірі британдық компаниясының инвестициясына сенім артып отыр.

Дерек көзіне сілтеме: http://shymkent.gov.kz/

   
0
0
233

Осы тақырып бойынша

Шымкент билігі Англия астанасының тәжірибесін зерттеуде. - Yvision.kz