Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Коммуналдық қызмет Шымкент қаласын қардан тазартуда

Қаланың коммуналдық қызметтері Шымкент қаласын қардан тазарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп отыр. Бүгінгі таңда тазалық жұмыстарын жүргізетін төрт компания 82 бірлік техника мен 660 адамды жұмысқа жұмылдырған. 156 көшеде тазалық жұмыстары 18 бағыт бойынша жүргізіледі. Қазіргі сәтте 1344 текше метр тазартылған. Автобустар өз бағыттары бойынша жұмыс жасауда.

«ЛТД ТУРМЫС», «ЮгДорСервис», «Байтерек ЛБ» және «СМД Құрылыс» компанияларының балансында небары 90 бірлік техника бар екенін естеріңізге саламыз, мұнда 1200 артық адам жұмыс жасайды. Коммуналдық қызмет қорында қармен және көктайғақпен күресуге арналған барлық қажетті материалдар бар, оның ішінде, 24 мың текше метрден артық құм, 3770 тонна техникалық тұз, 44 мың литр дизельдік отын және 50 мың литр бензин.

Қыс мезгілінде жұмыскерлерге барлық жағдайлар жасалғанын айта кету керек. Олардың жұмысқа қажетті барлық құрылғылары бар, автокөлік дөңгелектері қысқы түріне ауыстырылған, көлік құралдарындағы пештер толықтай іске жарамды. Сонымен қатар, компания аумағында демалысқа арналған бөлмелер мен тәулік бойы жұмыс жасайтын асхана бар.

Ақпаратқа сілтеме :http://shymkent.gov.kz/

 
0
0
480

Осы тақырып бойынша

Коммуналдық қызмет Шымкент қаласын қардан тазартуда - Yvision.kz