Мазмұнға өту

Жаңа

Мәжіліс депутаттары 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына енгізілетін түзетулерді мақұлдады

ҚР Парламентінің Мәжілісі «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген түзетулермен келісті. «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы ағымдағы жылғы 17 қарашада ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында қаралды. Сенат 27 түзету енгізді, оның ішінде бір түзету Алматының бюджеттік алым көлемінің азаюына орай бюджеттің кіріс бөлігінің 1,8 млрд теңгеге азаюына қатысты, 13 түзету Үкіметтің резерв қаражатын қысқарту есебінен 26 млрд теңге жалпы сомасына 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қайта бөлуге қатысты», - деді депутат Омархан Өксікбаев төменгі палатаның пленарлық отырысында. Ол 13 түзету бөлінген қаражатты бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында қайта бөлумен, сондай-ақ…

0
0
643

Н.Назарбаев АӨК дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кеңеске Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Мамин, Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов, Премьер-Министрдің орынбасары И.Тасмағамбетов, Президенттің көмекшісі Ә.Смайылов, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев қатысты. Іс-шара барысында маңызды бағдарламалық құжаттарға қатысты негізгі ұстанымдар қарастырылды. Мемлекет басшысы жиналғандарға арнаған сөзінде биылғы қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында тиісті тапсыр…

0
0
565

Алматыда халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қаржылық қолдауға 6,2 млрд теңге бағытталған

Алматыда жергілікті бюджетті үнемдеу есебінен халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына қаржылық қолдау көрсетіледі, бұл жөнінде «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының ХIX есеп беру-сайлау конференциясы барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек айтты. Ол өзінің сөзінде қала бюджетін оңтайландыру арқасында дәрігерлерге, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, әлеуметтік сала қызметкерлеріне, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына сыйақы беру үшін қаржы бөлінгенін жеткізді. Алматыда 2016 жылы жергілікті бюджеттен 123 млрд. теңге үнемделген,яғни жолайрықтарын, құрылыс обьектілері мен Универсиаданы оңтайландыру барысында 60 млрд. теңге, МЖС аясындағы әлеуметтік обьектілер құрылыстары мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі есебінен 56,5 млрд. теңге, мемлекеттік сатып алу есебінен 6,5 млрд. теңге.…

0
0
644

Мәжіліс медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін ауыстыру туралы заң жобасын қабылдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыс барысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін аударымдар мен жарналарды төлеу мерзімін өзгертуді, осыған байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің барлық процестерінің іске қосылу мерзімін өзгертуді қарастырады. «ҚР заң жобасы 2016 жылғы 9 қарашада Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында мақұлданды. Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында комитет ҚР Бюджет кодексінің 53-бабы 1-тармағының 5-ші тармақшасына өзгеріс енгізуді ұсынды. Түзетулер ҚР Үкіметіне қорытынды алу үшін жолданды», – деді депутат Зәуреш…

0
0
462

Қ.Тоқаев және А.Гутерриш БҰҰ-ның келешегін талқылады

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұймының жаңадан сайланған Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті. Қ.Тоқаев португал саясаткерін БҰҰ басшысы лауазымына сайлануымен құттықтады және тәжірибелі дипломат, саясаткер әрі басқарушы ретінде оның Ұйымға қосымша серпін беретініне сенім білдірді, - деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы А.Гутерриштің штаб-пәтері Женевада орналасқан БҰҰ Босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымындағы тиімді қызметін атап өтті. Қ.Тоқаевтың пікірінше, А.Гутерриш босқындар саны адам айтқысыз (60 миллионға дейін) ұлғаюына әкеліп соққан халықаралық дағдарыстар мен қақтығыстардың барлық қатеріне табысты түрде қарсы тұрды. Қ.Тоқаев Қазақстан дипломатиясы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесінің күрделі миссиясын абыроймен атқ…

0
0
397

Қазақстанда 2 357,6 млрд теңге жария етілді – ҚР ҚМ

Қазақстанның мемлекеттік кірістер органдары 2 357,6 млрд теңге сомасына ақша жария етті, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі. Ағымдағы күнге барлығы 3 806,1 млрд тенге сомасында 132 031 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 3 430,6 млрд. тенге. Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 1 372,6 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 124 310 өтініш (декларациялар) түсті, соның ішінде сомасы 1 013,4 млрд. теңгеге 102 489 тұрғын үй объекті, сомасы 312,3 млрд теңгеге 55 086 тұрғын үй емес объект. Бұдан бөлек, 11 464 млрд теңгеге 209,2 коммерциялық объект, сомасы 20,3 млрд теңгеге заңды тұлғалардың 108 қатысу үлесі, сомасы 26,7 млрд теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті. 1…

0
0
381

Алматы-1-Шу екінші жолының бірінші өткізу кешені құрылысы аяқталып келеді – ҚТЖ

Алматы-1-Шу учаскесінде екінші жолдың бірінші өткізу кешенінің құрылысы аяқталып келеді, деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы- «Темір жол желілері құрылысы дирекциясының» басқарма бастығы Рүстем Молдағұлов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен өткен Алматы-1- Шу екінші темір жол желісі құрылысы барысымен танысу қорытындылары бойынша кеңес барысында. 21 қарашада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаев Алматы-1- Шу екінші темір жол желісі құрылысы барысымен танысты. Қ. Алпысбаев бірінші өткізу кешені нысандарын аралаған соң, Отар станциясында кеңес өткізіп, «Нұрлы жол» бағдарламасына кіретін жобаның маңызына тоқталды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы- «Темір жол желілері құрылысы дирекциясының» басқарма бастығы Рүстем Молдағұлов барлық жоспарланған жұмыстардың то…

0
0
558

Ақтөбе облысы ЕАЭО елдеріне 274 млн долларға тауар экспорттады

2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Ақтөбе облысынан ЕАЭО елдеріне 274 млн долларға тауар экспорттады, деп хабарлады өңірдің статистика департаменті. «2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Ақтөбе облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 601,6 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 274 млн АҚШ долларын, импорт 327,6 млн АҚШ долларын құрады», - делінген хабарламада. Ақтөбе облысы экспортының құрылымында басым бөлігін пайдалы қазбалар алады, олардың экспорттың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 91% құраса, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары 2% құрады. Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан, негізінен, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары ЕАЭО елдерінен келетін импорттың жалпы көлемінен 18% құрайды, пайдалы қазбалар ж…

0
0
442

Ұлыбританияның инвесторлары Қызылорда облысында қара тақтатас өңдеуге 125 млн доллар салмақ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Лондонда сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысына қатысты. Комиссия отырысында Қызылорда облысындағы «Баласауысқандық» кен орнында «Қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» инвестициялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Нәтижесінде жобаның ІІ және ІІІ кезеңдерін 125 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестормен қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Аталмыш жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңы аясында, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген талаптарға сай келгенде инвестициялық преференциялар беру мүмкіндіктері қарастырылады. Қазіргі уақытта құрылтайшысы «Ferro-Alloy Resources Limited» компаниясы болып табылаты…

0
0
371

Қазақстанның инвестициялар тарту саласындағы тәжірибесі ЭЫДҰ елдерінің ерекше қызығушылығын туғызды

Қазақстанның инвестициялар тарту саласындағы тәжірибесі ЭЫДҰ елдерінің ерекше қызығушылығын туғызды, бұл жөнінде Ұйымның Бас хатшысының төрағалығымен Париждегі штаб-пәтерде өткен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Еуразия аптасы барысында белгілі болды. Бұл жыл сайынғы іс-шараның мақсаты – әлемдік қоғамның назарын еуразиялық континенттің жаһандық маңыздылығына аударту және Еуразия елдерінің ЭЫДҰ мемлекеттерімен нәтижелі ынтымақтастығы үшін жағдайлар жасау. Жыл сайын осы алаң негізгі елдердің жоғары өкілдерін бір үстелдің басына жинайды. Биылғы жылы ЭЫДҰ Еуразия аптасына Польшаның Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ұлттық мұра министрі П. Глинский, Қырғызстанның вице Премьер-Министрі О. Панкратов, Украина, Чехия, Монғолия және басқа елдердің министрлері қатыст…

0
0
484