4-ші топтама
Қазақша “сөйлеген” киноцитаталардың 4-ші топтамасы.
P.S. Сыни пікірлерге тек қана “вәлкім”
1. Әлемдегі зұлымдықты жеңу үшін, алдымен өзіңдегі зұлымдылық, қараңғылықты жеңу қажет.
Нарния жылнамалары (хроники)
2. Өткен шақтағы жағдайлардың бәрінен мән-мағына іздеудің қажеті жоқ. Кешкі экспресс
3. Қорқыныш – тек қана сенің ойлау жүйеңнің жемісі. Біздің эрамыздан кейін
4. Жалғыздық – менің барым. Ол мені қорғайды. Шерлок
5. Өз қателіктеріңді мойындамау – ең үлкен қателік. 21
6. Бәрін қайтадан басынан бастау үшін ешқашан кеш деген ұғым болмайды. Жаз. Сыныптастар. Махаббат
7. Еркек әйелсіз жылдам жабайыланады: жалғыздықта өткізген аз ғана күнде – жуынуды, қырынуды қояды, жыртқыш аңдай ыңыранады. Өркениетке жету үшін адам баласына миллиондаған жылдар қажет болды, ал неандертальдық күйге оралуға 6-ақ күн жетеді.
Махаббат үш- ақ жыл өмір сүреді
8. Жер бетінде тірі қалудан асқан қалау күші жоқ.
127 сағат
9. Нағыз жентілмендердің қаруы – костюм.
Кингсман: Құпия қызмет
10. Аузыңа келгенді оттай беруіңе болады, алайда сендегі нағыз көрсеткіш – сенің іс-әрекетің.
Кингсман: Құпия қызмет
11. - Сіз қай жерде білім алдыңыз?- Өмір мектебінде, шынын айту керек, үздік болмадым.
Сезімді тәрбиелеу
12. Бұл өмірде бәріміз таңдау жасаймыз, ең қиыны- сол таңдаумен өмір сүру. Сөз
13. Сенімсіздіктерден алға оз....
Тағдырына көмек қолын соз...
Макбет
14. Көптеген дұшпандарыңды жеңіп, тірі қалуға болады, ал өз болмысыңа қарсы күресте сен жеңілістен басқа ешнәрсе ұтпайсың. Қарулы барон
15. Кез-келген адамдай, менде белгілі бір уақытта үлкен адамдар тобырында жалғыздықты қатты сезінемін.
Менің сол аяғым
16. Мен атақты болғым келмейді,өз күшіммен белгілі бір нәрсеге қол жеткізгім келеді.
Ғажайып Төрттік
17. Бүкіл ережелерге бағынсаң бар қызықты жіберіп аласың.
Қағаз қалашықтар
18. Кешірім қорқынышты талқандап, рухты бостандыққа жібереді, сол себепті бұл ең жойқын қару.
19. Қиындықтан қорқатын адам көшбасшы болуға лайықты емес.
Жеңілмеген
20. – Құпия сөзді айтыңыз?
- НЕ дейсің ?
- Қате.
- Аш есікті жылдам!
- Мүлдем қате.
Рапунцель: Шым-шытырық оқиға.
(Менің ең сүйікті мультфильмімнен алынған бұл күлкілі үзіндіні осы мультты мұқият көргендер түсінеді)
