Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы әйел ұйымдарының, этномәдени және діни бірлестіктерінің қоғамдағы рөлі туралы
А.ж. 25 қарашада Департамент Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2016 жылға арналған кешенді жоспарда белгіленген шараларды орындау мақсатында Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберіндегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы әйел ұйымдарының, этномәдени және діни бірлестіктерінің қоғамдағы рөлі» тақырыбындағы диалогтық алаң өткізді..
Диалог алаңын өткізудің негізгі мақсаты – тұрмыста (отбасында), сонымен қатар, өскелең ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністерге шыдамау қатынасының құндылығын үйрету және тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде шыдамсыздық ахуалын қалыптастыру, діннің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратынын жариялау.
Іс-шараға департамент қызметкерлері, Ақмола облысы конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының бөлім басшысы, Қазақстан халқы ассамблеясының Ақмола облысы бойынша хатшылығының меңгерушісі, әйелдер ұйымдарының, этномәдени және діни бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, бұқаралық ақпарат құралдары, облыстың ЖОО студенттері қатысты.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының м.а. М.Ахметқалиев өз сөзінде отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы мен отбасының ұйытқысы болып табылатын аналардың өскелең ұрпақтың көзқарасының қалыптасуындағы рөлі туралы айтты. Сонымен қатар, Қазақстан халқы ассамблеясының Ақмола облысы бойынша хатшылығының меңгерушісі М.Жақыпованың «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі» тақырыбындағы және Ақмола облысы конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының бөлім басшысы Д.Тоқсанбаевтың «Дәстүрлі құндылықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретінде» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.
Іс-шара жылы шырайда, жарқын әңгіме мен пікір алмасу түрінде өтті.
Диалог алаңының соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ісінде азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың бірігіп жұмыс істеуі керек деген ортақ пікірге келді.
Іс-шараға 70 адам қатысты.

