Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Патронаттық ата-аналарға кеңес беру бөлімшелері

Біз шілде айында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың деректер базасының (http://www.bala-kkk.kz/ru/node/578) іске қосылуына байланысты асырап алатын балаларды іздеу процессінің біраз жылдамдағанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Асырап алу – бала үшін де, болашақ ата-аналар үшін де күрделі мәселелердің бірі. Отбасына келмес бұрын болашақ ата-ана баламен, сәйкесінше – бала да асырап алушы ата-анасымен танысып, қарым-қатынас жасауы керек. Олардың арасындағы танысу кезеңі 2-ден 6 аптаға дейін, бір-біріне үйренісіп, бауыр басқанша созылуы мүмкін. 

Бала асырап алу барысында туындауы ықтимал түрлі қиындықтарға дайын болу мақсатында еліміздің 17 қалаласында мемемлекттік емес ұйымдармен бірлесіп патронаттық ата-аналарға кеңес беру бөлімшелері ашылды. Онда ата-аналарға психологтар мен мамандар кәсіби қолдау көрсетуге дайын. Баламен қарым-қатынас кезінде туындаған кез-келген түсініспеушілік жағдайында ата-аналар кеңес беру бөлімшелеріне хабарласып, психологиялық және моральдық қолдау табады. Жоғарыда айтылған орталықтардан бөлек, елімізде бірыңғай сall-орталығы (1422) қызмет көрсетеді. Бұл қызметтің мамандары бала асырап алғысы келген әрбір адамға пайдалы нұсқаулар мен қажетті кеңестер береді.

0
0
548

Еще по теме

Патронаттық ата-аналарға кеңес беру бөлімшелері - Yvision.kz