Мазмұнға өту

Жаңа

ХКБ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты жоғары бағалады

Париж қаласында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов басқарған делегациясы Халықаралық Көрмелер Бюросының 160 Бас Ассамблеясына қатысты, деп хабарлады ұлтттық компания.

Ұлттық компания басшысы өз сөзінде көрмеге дайындық барысымен таныстырып, алдағы кезеңдегі компания жоспары туралы айтып өтті.

Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын 106 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады. 103 секция Комиссарлары тағайындалды, 89 қатысу келісімшартына қол қойылды. Ұлттық күнді өткізуге арналған 93 күннің 67-сі бекітіліп қойды. Дамушы мемлекеттерге қолдау көрсету бойынша жұмыстар жасалып жатыр.

Ұлы жібек жолындағы мемлекеттер, Египет, халықаралық ұйымдар, Кариб қауымдастығы, Африка, Тынық мұхиты мемлекеттеріне техникалық сессиялар өткізілді. Павильондар дизайны, қатысу тұжырымдамасы және тағы да басқа ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды. Көрме қатысушылары мен қонақтары мемлекеттік органдар қызметін жылдам әрі ыңғайлы формада ала алуы үшін бірегей қызмет көрсету орталығы ашылды. Бір аптадан кейін, 2016 жылдың 1 желтоқсанында бірегей қызмет көрсету орталығы жұмысын бастайтын болады.

Құрылыс жұмыстары бойынша, Басқарма Төрағасының сөзінше, кестеге сәйкес атқарылып жатыр. 90 пайызы аяқталды.

«Алғашқы 5 мемлекет өз павильондарын алды. Осы сәтті пайдалана отырып, қатысушыларды инсталляциялық жұмыстарды тездетіп бастауға шақырамын. Павильондар Сіздердің толық құзыреттеріңізде. Сондай-ақ, ЭКСПО қалашық құрылысы аяқталды. Біз қонақтарды қабылдауға дайынбыз. Қазіргі уақытта 360 пәтер бекітіліп, басқа мемлекеттерден тапсырыс күтудеміз», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар, ұлттық компания басшысы көрме контентіне тоқталды, «Қазақстан» павильоны мен Үздік тәжірибелер аймағы туралы айтты. Атап өту керек, халықаралық байқау жарияланып, 25 мемлекеттен 133 өтінімдер келіп түсті. Халықаралық іріктеу комиссиясы оның 24 үздік жобаны таңдап алды.

«Бұл павильон кәсіби қатысушылардан басқа көрме келушілерінің әрбірі үшін қызықты болатындығына күмән жоқ», - деді ұлттық компания басшысы.

Халықаралық Көрмелер Бюросының мүшелері ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты жоғары бағалады.

«Мейлінше әдемі, қызықты павильондары бар жақсы көрме ұйымдастырып, Қазақстан мен оның азаматтарын ілгерулету – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Астанаға әлемнің түкір-түкпірінен жиналған қонақтар үш жаңалық ашатын болады – Қазақстан, шын мәнінде тамаша мемлекет, Астана, жайлау ортасындағы ғажайып және сәтті өтетіндігіне сенім білдіретін ЭКСПО-2017 көрмесі», - деді Халақыралық Көрмелер Бюросының Бас Хатшысы Висенте Лоссерталес.

Сондай-ақ, ХКБ Ассамблеясында аталғандай, 2017 жылдың 1 қаңтарында Экономикалық серіктестік және даму ұйымы мемлекеттері, Малайзия, Монако, ОАЭ, Сингапур, Литва, Мальта, Болгария, Румыния, Кипр мемлекеттері үшін визасыз режим іске қосылатын болады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов айтты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
786

Жамбыл облысында мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт соғылады

Жамбыл облысында 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт соғылады, деп хабарланды өңірлік коммуникациялар қызметінде.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бірінші және екінші бесжылдығында жалпы құны 18211,7 млн теңгені құрайтын 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда.

2015 жылы екінші бесжылдықта Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, ауданда жалпы құны 3,4 млрд теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді. «Жамбыл Недр» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цемент өндіреді. Зауыт құрылысына 4,0 га жер телімі бөлінді. Зауытты іске қосқан жағдайда 150 - 200 адам жұмыспен қамтылады. Шикізат көзі ретінде «Сулейменсай» карьерінің әктасы мен топырағы пайдаланылуда. Жалпы құрылыс жұмыстарының 100 пайызы жасалынып, монтаж қондырғылары қойылып, инфрақұрылымы жүргізілуде. Қазіргі таңда зауыттың құрылыс жұмысына 160 адам тартылған, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 99 адам жіберілді.

Зауыттың Қаратау қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан карьерге электр желілерін жүргізу үшін 97,0 млн теңге және зауыттың инфрақұрылымын жүргізуге 1,2 млрд теңгеге жобалық-сметалық құжаттары облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-иновациялық дамыту басқармасына тапсырылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімін алды. Қазіргі таңда бөлінген 1,2 млрд теңгенің 400 млн теңгесіне және 97 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, ауданда 2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, жалпы құны 1946,0 млн тенгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді. «Қаратау Про» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт соғу. Қазіргі таңда зауытқа Итальяндық құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Зауыт іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
625

Е. Сұлтанов: Бiздiң астанамызды құруда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың рөлi зор

Астана барша халықтың мақтанышы, деді өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов «Нұр Отан» партиясының Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының XXIV есеп беру-сайлау конференциясы барысында.

Күн тәртiбiндегi маңызды мәселе партияның саяси кеңесiнiң 2015-2016 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы болды.

Ең алдымен, өз баяндамасында Ерiк Сұлтанов Парламент депутаттары қабылдаған ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған Декларацияға қолдау бiлдiрдi.

Өңiр басшысы Қазақстан Президентi ең қиын кезеңде қабылдаған маңызды шешiмi елiмiздiң жаңа даму мен гүлдену кезеңiне есiк ашқанын атап өттi.

«Саяси және әлеуметтiк-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заңын қабылдау, жоғары халықаралық беделге жету — Елбасының жоғары саяси ерiк-жiгерiнiң көрiнiсi екенi декларация мазмұнында нақтыланған.

Бастысы, декларацияда Елбасы басшылығымен құрылған тиiмдi демократиялық институттар — президенттiк институт, Парламент, сот жүйесi мен белсендi азаматтық қоғамның жоғары саяси қоғамдық мәнi айғақталған.

Мұның барлығы, экономиканың барлық саласының дамуын, қазақстандықтардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз етедi», — деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.

Сонымен қатар, облыс әкiмi бұл жетiстiктердiң негiзi Елбасының бастамасымен салынған Астана қаласы екенiн жеткiздi.

«Астана барша халықтың мақтанышы. Бiздiң астанамызды құруда , сөзсiз Мемлекет басшысы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың рөлi зор. Бүгiнде Астана жаңа технологияларды, әлемдiк дипломатияны бiрiктiрген, маңызды халықаралық кездесулердi өткiзетiн орталыққа айналды. Келесi жылы бiздiң Елордада «ЭКСПО-2017» әлемдiк көрмесiн өткiзу мiндетi тұр», — деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.

Бүгiнде Солтүстiк Қазақстан облыстық партия ұйымындағы 46 мың адам 389 алғашқы партиялық ұйымға бiрiктiрiлген. Партияның өңiрлiк филиалының төрағасының айтуынша, олардың көбiсi партияның сайлау алды жұмыстарында және партиялық жобаларында белсендi қатысады.

«Өңiрде экономика, әлеуметтiк, көлiк саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Үстiмiздегi жылы 170 мың шаршы метр тұрғын-үй тапсыру жоспарланған. Облыс аудандарында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жастарға арналған 6 жатақхана мен 5 жеке тұрғын үйдiң құрылысы жүргiзiлiп жатыр. Петропавл қаласында салынып жатқан «Солнечный» ықшамауданында үстiмiздегi және келесi жылы 500-ден астам жер телiмдерi бөлiнедi. Халықты жұмыспен қамту саласында 15 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етiлдi. Бiлiм саласында 3-тен 6 жасқа дейiнгi балалардың 97%-ы мектепке дейiнгi бiлiммен және тәрбиемен қамтамасыз етiлген. Облыс орталығында 140 орынға шақталған балабақшаның құрылысы басталды, кезекте тағы 230 орынға шақталған 2 жобаның жүзеге асырылуы күтiлуде», — дедi Ерiк Сұлтанов.

Ол басты бағыттарының бiрi партиялық жобалардың жүзеге асырылуы екенiн атап өттi. Бұл ҰОС ардагерлерi мен тыл еңбеккерлерi, жалғызбасты қарт адамдар, мүмкiндiгi шектеулi жандар, жастар, жетiм балала р мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылардың мәселесiн шешуге мүмкiндiк бередi.

Сондай-ақ, партиялықтар өңiрлiк партия филиалының 2015-2016 жылдарындағы жұмысы туралы iс-шара аясында бақылау-тексеру комиссиясының есебiн тыңдап, Саяси кеңес пен өңiрлiк партия филиалының бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамын сайлады.

Iс-шара барысында конференция делегаттары, түрлi салалардың өкiлдерi Декларацияның негiзгi аспектiлерiн бiрауызды қолдады.

Конференцияға Саяси кеңес бюросының мүшесi Анатолий Башмаков қатысты. Ол қатысушыларды Тәуелсiздiктiң 25 жылдығымен құттықтап, декларация жайында өз ойымен бөлiстi.

«Тәуелсiздiк туралы қабылданған декларация — аса маңызды тарихи құжат. Бұл құжаттың құрылымы мен саяси толықтылығы бойынша тарихи маңызы зор. Бұл құжаттың жолы 1991 жылы 29 тамызда Президент Семей ядролық полигонын жабу шешiмiн қабылдағаннан басталған болатын. Бұл бiздiң Тәуелсiздiгiмiздiң бастауына белгi болған. Қазiр бiзде 17 миллионнана астам халқымыз бар. Барлық табыстар — Нұрсұлтан Назарбаевтың азаматтық жауапкершiлiгiнiң қорытындысы.

Жиын соңында облыстық партиядық ұйымның дамуына қосқан үлесi үшiн 26 солтүстiкқазақстандық Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының төрағасының атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
566

2016 жылы ҮЕҰ жобаларын қаржыландыру көлемі 23%-ға ұлғайды

2016 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қаржыландыру көлемі 23%-ға өсіп, 9 280,4 млн теңгені құрады. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Астанада VII Қазақстанның Азаматтық форумы барысында хабарлады.

«ҚР Қаржы министрлігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы деректері бойынша, 2016 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қаржыландыру көлемі 23%-ға өсіп, 9 280,4 млн теңгені құраған (2015 жылы – 7 143,9 млн теңге). Соның ішінде республикалық деңгейде – 534,8 млн теңге (2015  жылы – 914,8 млн теңге), өңірлік деңгейде – 8 745,6 млн теңге (2015 жылы – 6 229,1 млн теңге)» деді ол.

И. Тасмағамбетов мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – бұл «мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылының тиімді тетіктеріні бірі» екенін атап өтті.

Қазақстанда 18 мыңнан аса қоғамдық ұйымдар тіркелген, оның ішінде 8 мың үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс жасайды. Азаматтық секторда 30 мың адам жұмыспен қамтылған. Негізінен бұл жастар саясаты мен балалар бастамасы, халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қолдау, білім және ғылым, спорт және дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың өмірі мен құқықтарын қорғау саласындағы қызметтер.

Форум барысында үкіметтік емес ұйымдары жетістіктерін көрсететін көрме өтті. Онда Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы қоғамдық бірлестіктердің қосқан үлесі таныстырылып, форум делегаттары министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен кездесті.

Сонымен қатар, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ҮЕҰ-нан 25 бастама» Республикалық акциясы өтті. Яғни, әрбір өңірлік форум барысында ҮЕҰ өкілдері бірігіп аймақтың нақты бір проблемасын шешуге бағытталған жобаны жүзеге асыру бастамасын көтерді. Өңірлік 16 бастамамен қатар, 9 республикалық қоғамдық бірлестік әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған 9 бастама көтерді. Осылайша, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ҮЕҰ-нан 25 бастама» Республикалық акциясы салтанатты түрде бастау алды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
415

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда кедейлік деңгейі 17 еседен астам азайды – ҚР ДСӘДМ

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда кедейлік деңгейі 17 еседен астам азайды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.

Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан кешенді шаралар нәтижесінде 2001-2015 жылдары кезеңінде табыстары ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аз тұрғындардың үлесі 46,7%-дан 2,7%-ға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш қазақстандықтардың өмір сүру сапасының және кедейлік деңгейінің азайғанының дәлелі.

2002 жылы әртүрлі объективті (жасы, уақытша еңбекке жарамсыздығы, денсаулығының жағдайы, жұмыстың жоқтығы және т.б.) себептермен өзінің тіршілік әрекеттерінде жағдай жасауда қиындықтарды бастан кешкен аз қамтылған отбасыларына  атаулы әлеуметтік көмек қарастыратын «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың айтарлықтай үлесін балалар құрастыратыны ескеріліп, «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2006 жылдың 1 қаңтарынан 18 жасқа дейiнгi балаларға ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы енгізілді. Нәтижесінде АӘК алушылардың саны 30,9 есе азайды (2002 жылы 1,18 млн. адамнан 2015 жылы 38,2 мың адамға дейін).

Сонымен қатар, аз қамтылған азаматтарды қолдау мақсатында, 1997 жылдан бері тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызмет төлемдері осы мақсаттарға кететін шекті шығындардан артқан  отбасылары үшін тұрғын үй көмегі енгізілді. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тәртібі жергілікті өкілді органдармен белгіленеді.

Осы шаралардың барлығы жан басына шаққандағы шығыны шығындарыдың белгіленген мөлшерінен төмен отбасыларына әлеуметтік қолдаудың элементтері болып табылады.

Сонымен қатар, қазіргі заман жағдайын есепке ала отырып, қолданыстағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды қайта қарау қажеттілігі туындап отыр, атаулы әлеуметтік көмекпен қолдауды күшейту, пассивті көмектен белсенді саясатқа өту, яғни өмірлік қиын жағдай туындаған кезден өту үшін еңбек белсенділігін ынталандыру.

Осыған байланысты, ұсынылатын әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығын күшейту үшін, аз қамтылған азаматтарға шартты ақшалай көмек көрсету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Өрлеу» жобасы 2014 жылдан бері іске асырылады. Ол атаулы көмек шартты нысанынан «өзара міндеттемелер» (әлеуметтік келісімшарт жүйесі) қағидаттарына өтуді қарастырады.

Жобаның іске асырылуы оған қатысушылардың орта есеппен жан басына шаққандағы табысын 2 есе жоғарылауына әсер етті, жұмыспен қамту шараларына 90% жуық еңбекке белсенді қатысушыларды жұмылдыру, жалпы мемлекет бойынша АӘК және 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақылар алушыларын қысқарту - 31,8% және 2,1%  сәйкесінше.

Сонымен, кедейлікпен күресу бойынша тиісті шаралардың қабылдануы, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсуіне, жұмыспен қамтудың және халықтың табысының өсуі, кедейлік деңгейінің айтарлықтай қысқаруына алып келді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
418

Мәскеуден қос жүлдемен оралды

Главное » Тыныс

23 Ноября 2016 (15:31) | 216 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Мәскеуде бір аптаға созылған самбодан өткен Әлем Чемпионаты мәресіне жетті. Дүбірлі додада маңғыстаулық балуан, облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің самбошысы Айболат Мұратұлы топ жарып, қос медальдың иесі атанды. Жерлесіміз әмбебап жекпе-жектен күміс және самбодан қола медальдарды қоржынға салды.

15-21 қараша аралығында өткен байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей, Болгария, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Иран, Финландия, Латвия барлығы 22 мемлекеттен 238 балуан қатысты. Олардың арасынан әмбебап жекпе-жектен +95 келі салмақта еліміздің намысын қорғаған Айболат Мұратұлы жеңімпаз атанып, күміс медальді иеленді. Жерлесіміз ирандық, латвиялық, белоруссиялық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп, финалға жолдама алды. Шешуші сәтте ресейлік балуанға есесін жіберіп, күміс медальді қанағат тұтты.

- Жарысқа Маңғыстаудың атынан жалғыз өзім қатыстым. Жарыстың алғашқы күні самбодан өткен белдесуде қола медальді иелендім. Жарыстың екінші күні әмбебап жекпе-жектен өткен кездесуде күміс медальді еншіледім.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрама командасы екінші орыннан көрінді. Жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Қ. Дәлбековке, облыстық спорт басқармасына, белгілі бапкер, спорт жанашыры М. Бисекеновке алғыс айтамын. Жеңісімді ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймын, - дейді Айболат Мұратұлы.

Айболат - бұған дейін Атырауда ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан өткен Ел біріншілігінде топ жарып, ҚР-ның чемпионы атағын иеленген болатын.

 
0
0
576

Айтыскер-ақын Мұхамеджан Тазабекпен сұхбат

«Өткір тіл» сұхбат алаңының қонағы – айтыскер-ақын, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сінген қайраткері, «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабек мырза.

0
0
603

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ел Тәуелсіздігінің құрдастарымен бейресми кездесу өтті. Олардың ішінде жас болғанына қарамастан бүгіннің өзінде қандай да бір салада өз-өзін үздік көрсете алған мемлекеттік марапаттардың иегерлері, ғылыми жұмыстардың авторлары, өнер жолында жетістікке жеткен 1991 жылы туылған азаматтар жастар орталығында бас қосты.

Кездесу екі кезеңнен тұрды. Бірінші блок – тимбилдинг, бұл жерде жиналған жастармен түрлі командалық жұмыстар мен тренингтер жүргізді. Құрдастар бір-бірімен таныстырып, өмірлік ұстанымдарын жеткізді. «Біз кімбіз?»  деп аталатын тренингте жастар берілген сауалдарға жауап беріп, Асия Мұқашеваның жүргізген ойындарына белсенділік танытты.

Топтық жұмыспен «Бірлігіміз жарасқан» тренингіне де қатысушылардың қызығушылығын танытты. Егемен елімізбен бірге ержеткен жастар қазір әр салада табысты еңбек етіп жүр. Араларында әлі де болса білім алып жатқандары да бар. Олар қазақ тілінің мерейі мен рухын асқақтата түсу үшін үндеу тастады.

Аздаған кофе-брейк үзілісінен кейін  кездесудің екінші кезеңі жалғасты. «Бізге 25 жыл» атауымен Қазақстан тарихынан білімдерін қайталауға және арттыруға  интелектуалды викторинасы өтті. 5 топқа бөлінген құрдастар 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін елімізде болған басты оқиғалардан құралған сұрақтарға жауап берді.

Аталмыш кездесу жылы, еркін түрде Тәуелсіздік құрдастарын біріктіре түседі және алдағы жылдары үшін жарқын әсерлерімен, естеліктер қалдырды деген сенімдеміз.

 
0
0
1684

Президенттік резервті даярлау курстарының кезекті ағымының аяқталуы туралы баспасөз ақпараты (Астана, 25 қараша 2016 ж.)

Бүгін Бас прокуратурада Құқық қорғау органдарының академиясында өткен Президенттік резерв кадрларын даярлау курстарының үшінші ағымының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/prezidenttik-rezervti-dayarlau-kurstarynyn-kezekti-agymynyn-ayaktaluy-turaly

0
0
429

Шымкентте Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған әйелдер форумы өтті.

Шымкентте Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған әйелдер форумы өтті. 200-ден астам қатысушылар өткен ширек ғасыр ішіндегі қазақстандық әйелдердің жетістіктері мен табыстары туралы өз ойларымен бөлісті. Форумда елдің қоғамдық, іскерлік  және саяси өмірінде әйелдің рөлі арта түскені  атап өтілді. Алайда, форумға қатысушылардың  ортақ пікірі бойынша, қазақстандық әйелдің  отбасы  ошағын сақтаушысы, адал өмірлік серік және мейірімді ананың үздік үлгісі  болуы - ең басты жетістік. Форумда сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шара «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің  25 негізі»  науқаны шеңберінде өтті, және  Шымкент қ. ішкі саясат бөлімімен  ұйымдастырылды.

 
0
0
232