Мазмұнға өту

Жаңа

Дәстүрлі ІІІ республикалық пікір-сайыс турнирі

«БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қолдауларымен 2016 жылдың 26-27 қараша күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында дәстүрлі ІІІ республикалық пікір-сайыс турнирі өтті.

Пікір-сайыс турнирі парламенттік формат бойынша қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Іс-шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, төрелік етті.

Төрешілер шешіміне сәйкес турнирдің қазақ және орыс лигасы бойынша жеңімпазы атанған топтарға арнайы Кубок, жеңімпаз бен жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлеріне, «Үздік спикер», «Үздік төреші» номинациясының жеңімпаздарына арнайы дипломдар, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 
0
0
493

Есептік-сайлау конференциясы өтті

 

2016 жылдың қараша айының 14 жұлдызында  «Нұр Отан» партиясының Жарқайың аудандық филиалының ХХ есептік-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға Жарқайың ауданының әкімі , аудандық дилиалдың төрағасы Үйсімбаев Асқарбек Съезбекұлы төрағалық етті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының инспекторы Сарсембеков Н.Т. және Ақмола облыстық филиалының төраға орынбасары Біржанов А.Д. қатысты. Күн тәртібіне 4 сұрақ қойылған еді: 1. 2015-2016 жылдардағы есептік кезендегі Саяси кеңестің жұмысы туралы. 2. Нұр Отан» партиясының Жарқайың аудандық филиалының Саяси кеңсін сайлау. 3. Нұр Отан» партиясының Жарқайың аудандық филиалының төрағасын сайлау. 4. «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалының ХХVI есептік-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау туралы. Бірінші сұрақ бойынша Саяси кеңестің жұмысы  қанағатты болып танылды. Екінші сұрақ бойынша тізімге сәйкес Саяси кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Үшінші сұрақ бойынша Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев төраға ретінде тағы сайланды.

Конференцияның қонағы Сарсембеков партияның жаңа мүшелері А.Мұқанова, С.Исамаилов, П.Стефанюк, Р.Қуандықоваға партиялық куәліктерді табыстады. А.Үйсімбаев  Ақмола облыстық филиалының төрағасы, Ақмола облысының әкімі С.кулагин атынан Шәкірова Г.М. мен Нұрбеков Ә.Ғ. «алғыс» грамоталарымен және өз атынан Рамазанова Ж.Х., Меджидов Д.Г., Дощанов О.Ж., Жүсүпов А.С. «аЛғыс» грамоталарын табыстады.

 
0
0
612

«Елбасы өмірбаяны – ел тарихы»

Қазіргі таңда «Президент» сөзінің тұжырымдамасы туралы білмейтін жанды табу қиын. Тұңғыш президент туралы іс-шара жүргізе отырып, біздер кітапханашылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. А. Назарбаевтың Тәуелсіз Мемлекетті құру мен дамытуда тарихи рөлін көрсетуге тырыстық. Іс шараға 1 мектептің 3б сыныбы қатысты.

https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6356842235374851905?authkey=CMKYppW7r7JI

0
0
950

Жанат Мынбаев тіл саясаты туралы

Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Мәселен, ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді.

Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы – тіл. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі – ұлттық руханиятымыздың өзегі. Қазіргі кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орайда түрлі шара атқарылып жатқаны баршамызға аян. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның мүмкіншіліктерін барынша пайдалану – еліміздің әрбір азаматының абыройлы міндеті. Адамзат мәдениетінің негізі – тілде. Кез келген ұлттың басты ерекшелігі – оның ана тілінде. Ұлттың жаны мен жүрегі ары мен ұяты, қазына-байлығы мен атақ абыройы тілге байланысты. Жер бетіндегі сан мыңдаған ұлттардың ішінде тек қазақ халқы өз тілін ана тілі деп ардақ тұтып, қастерлейді. Қазақ үшін тілден құдіретті ештеңе болмаған.

Тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ана тілі – әр адамға ананың ақ сүтімен бойға жетіп, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан-балаға жетіп отыратын ұлы күш. Ана тілі – ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес байлығы, қуатты қайнар бұлағы. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағы, қазірге және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден-бір сенімді құрал. Тіліміз арқылы халқымыздың жан дүниесін танып білеміз, себебі, халықтың рухани байлығының сарқылмас бұлағы сонда жатыр. Туған жеріміз бен ел-жұртымызды да сол арқылы айтып жеткіземіз.

Тіл адам баласының басты қазынасы болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылымы мен әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам-құрылыстары мен салт-санасынынң, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екенін танытатын дәлелді көрсеткіші. Әр халықтың ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін «Ұлы» деп қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов айтқандай, тіл – ұлттың тірегі. Ол жан-дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаң. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалатыны белгілі. Барлық қазақстандықты біріктіретін – қазақ тілі сондықтан, егемен елімізді сақтап қалу үшін ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге ерекше ықылас қажет.

Қазақ тілі Қазақстан халқының ортақ тіліне айналып қоғамдық қатынаста мемлекеттік тіл мәртебесімен өз тұғырында нық орныққан тіл болып қалыптасуы үшін атсалысу әрбір қазақстандықтың мемлекет алдындағы жауапкершілігінің басты шарты деп айтсақ, артық айтқандық емес. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Елбасымыз атап көрсеткендей: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез кезген орайында әрі қарау, әрі қалқан, әрі байырғы, мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тіліміз» мәңгі жасасын демекпін.

«Ұлым тіліңді жаман сөзден, көзіңді жамандық бағудан сақта. Ұлым, сөзіңді жүрегіңмен тербеп, содан соң айт, бұлай етсең баршаға сүйкімді боларсың. Ұлым, біреуден жаман сөз естісең, оны жүрегіңнің жеті қарыс түкпіріне тұт, оған жаман болар, саған жақсылыққа қайтар», - деп дана Хикар ұрпағына осы бір даналық сөзді жадымызда мәңгі ұстап өзге тілдерді еркін меңгере отырып, өз ана тілімізді сақтап, айтар сөзімізді өз орнымен пайдалана білейік, ағайын!

 
0
0
765

Жеті бөлшек мобилдік ойынына шолу

Бүгін Сіздерді  балаларды дамытуға  арналған "Қадам" атты ойындар жинағының алғашқысы “Жеті бөлшек” мобилдік ойынымен таңыстырғым келеді. Отандық өнім ұлттық нақыштағы дизайнымен және құлақтың құрышын қандыратын әуенмен ерекшеленеді. Бұл ойын  балалары, сіңлілері, қарындастары мен інілерінің логикасын дамытқысы келетін, олардың тәрбиесіне аландайтын, жалпы отандық өнімді қолдайтын азаматтарға қызық болады.

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.insaai.kadam.tangram жүктеу.

Ойын балаларға ыңғайлы, әрі түсінікті етіп жасалған. Тіпті әріп танымайтын бала да, түк қиналмастан бір рет көрсеткеннен кейін өзі алып кете алады. Балалардың жағымды эмоция тудыру мақсатында, ашық жылы реңкті түстер ғана қолданылған. Әр  түстің  қолданудың өз мағынасы бар. “Құлақтан кіріп, бойды алар, тәтті ән мен сазды күй”- демекші, ұлттық музыкаға баулу мақсатында Құрманғазының таңдаулы деген 12 күйлері қосылған.

Мобилдік ойын “Инсаай” тобының логотипінің сәлемдесуінен бастталады. Одан кейін тілдерді таңдау панелдері, ойынның басты беті және ойынды түсіндіретін анимацияланған ойын шартын көруге болады.

Меню-әрқайсында  12 ойындары бар, 7 панелден құралған. Ойын панелінің дизайнын жасауға алқа, тұмар секілді бұйымдар арқау болды. Үйреншікті "Home" батырмасының орнына, этно стилді қолдау мақсатында киіз үйге ауыстырылды.

Автордан:

Кеннеди : “Елің саған не істей алады деп сұрама, ал сен еліңе не істей аласын деп сұра”- дегендей, біз - елдің жанашыр жастары, тәуелсіздіктің құрдастары, программист пен дизайнер ойлана келе, баларға арналған, әсіресе, қазақ тіліндегі қосымшалардың аздығын байқап, осы саланы зерттеп, “Қадам” атты ойындар жинағын жасауға бел будық.Қадам сөзі - баланың алғашқы қадамы секілді, алға ұмтылу, өмірді тану, даму деген мағыналас ойды беруіжанымызға жылу ұялатты. Басты ниетіміз балалардың дамуына көмектесетін сапалы, көзге тартымды этно стиліндегі дизайны бар қосымшалар жасау және жасаған еңбегіміз нысанға дөп түсіп, балалар арасында көзайым болып жатқаның көрсек,таңдаған жолымыздың оң болғанына көз жеткізер едік.

Көш жүре түзеледі демекші,бұл ойынды шын көңілмен ұсынып отырған екі жастың еңбегін бағалауыңызды сұраймыз. Орынды сындардан қашқақтамай, керісінше құлақ салып, дамуға тырысамыз.Сіздердің тараптарыңыздан келетін ұсыныстар мен пікірлер назарсыз қалмайтынына кепілдік береміз.

P/s: Кез - келген жобаның дамуы қаражатқа байланысты екені анық. Егер осы жоба Сіздің көңіліңізден шықса, ойынды сатып алу арқылы бізді қолдай аласыздар!

1
0
1478

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында балалар арасында сальмонеллезбен сырқаттанушылық деңгейі 7 еседен аса төмендеді

Соңғы 25 жылда Қазақстанда балалар арасында сальмонеллезбен сырқаттанушылық деңгейі 7,5 есеге төмендеді. Сонымен, 1991 жылы ересектер арасында 8827 жағдай, соның ішінде балалар арасында - 3668 жағдай, ал 2015 жылы 1361 жағдай (балалар арасында 488 жағдай) тіркелген.

Сальмонеллез – Salmonella бактериясымен шақырылатын, температураның көтерілуімен, іш бөлігіндегі қатты ауру сезімнің болуымен, құсумен және іш өтумен сипатталатын  жедел жұқпалы ауру. Алғашқы белгілері жұқтырғаннан кейін  6-72 сағаттан соң (әдетте 12-36 сағаттан кейін) пайда болады және сырқат 3-тен 8 тәулікке дейін созылады.

Көп жағдайда сальмонеллезбен сырқаттанушылық жеңіл түрде өтеді, пациенттер арнайы емсіз айығып кетеді. Алайда аурудың салдарынан болған сусыздану жас балалар мен қарттардың өміріне үлкен қауіп тудыруы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген бағасы бойынша, әлемде жыл сайын  адамдар арасында сырқаттанушылықтың 10 миллиондаған жағдайы тіркеледі, ал аурудың 100 мыңнан аса жағдайы өліммен аяқталады.

Адамдар сальмонеллезді көбіне жануарлардан алынатын өнімдерді (жұмыртқа, ет, сүт және т.б.) пайдаланғанда жұқтырады, алайда инфекция жұғуына басқа да өнімдердің, нәжіспен ластанған жасыл жемістердің қатысы болуы мүмкін. Сонымен қатар адамдардың сырқаттанушылығы үй жануарларын қосқанда, инфицирлеген жануарлармен қарым-қатынас нәтижесінде болады. Жеке жағдайларда жұғу көзі  ауру адам болуы мүмкін.

Сальмонеллездің алдын алуы, жануарларды союдан тушаларды өңдеуге дейінгі және коммерциялық орындарда, үйде тамақ өнімдерін дайындау кезіндегі тамақтану тізбегінің барлық буындарында бақылау шараларын қабылдауды қажет етеді. Қолды, әсіресе үй жануарларымен  немесе ауыл шарушылығындағы жануарлармен қарым-қатынаста болғанда, сонымен қатар әжетханада болғаннан кейін, мұқият жуу керек. Жеміс-жидектерді әсіресе шикі түрінде пайдаланар алдында мұқият жуу.

 
0
0
354

Қ.Тоқаев: Халықаралық қауымдастық терроризмге қарсы іс-қимылды құқықтық тұрғыдан жетілдіруі қажет

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты 2016 жылғы 31 мамырда Астанада болған «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясы материалдарынан жинақ әзірледі. Форум Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің аясында өтті және қырықтан астам елден келген парламентшілер, діни қайраткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары мен сарапшылар бір үстелдің басына жиналды.

Басылымда Қазақстан Республикасы Президентінің конференцияға қатысушыларға үндеуі, мәртебелі меймандар мен шараға қатысушылардың сөздері, сондай-ақ Қорытынды мәлімдеменің мәтіні бар.

Басылымның кіріспе сөзінде Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың терроризмге қарсы әлемді елең еткізген бірқатар ұсыныстары жария етілген маңызды сөзінен кейін осы форумды шақыру идеясы туындағанына назар аударды. Өрістеген пікірсайыстың ерекшелігі туралы айта келіп Қ.Тоқаев: «Діни қайраткерлердің террормен күрестегі негізгі рөлін айқындаумен қатар конференцияда антитеррористік қызметтің парламенттік өлшемін нығайту да көзделді. Халықаралық қауымдастық терроризмге қарсы іс-қимылды құқықтық тұрғыдан жетілдіріп, осы қатерге қарсы күресте парламенттік дипломатия әлеуетін іске қосуы қажет», - деп атап өтті.

Мүдделі пікіралмасу барысында экстремизм мен терроризмнің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іс жүзіндегі қадамдардың ауқымды салалары талқыланды. Конференцияға қатысушылардың пікірлерін қорытындылай келіп Қ.Тоқаев жастардың әлеуметтік және экономикалық жағдайы, білім, мәдениет, бала тәрбиесі, діни сауаттылық, құқық үстемдігі, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде әдеп қағидаларын сақтау мәселелері қамтылған кешенді шаралар қажет екенін атап өтті.

Конференция материалдары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. БАӘ Парламенті Төрағасының, Ресей, Әзербайжан заң шығару органдары төрағалары орынбасарларының, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Ауғанстан және басқа мемлекеттер парламенттері депутаттарының, ЕКПА, ЕҚЫҰ, АӨСШК, ШЫҰ секілді құрылымдардың басшылары мен жетекші мамандарының мазмұнды баяндамалары оқырмандардың ықыласын туғызады.

Ислам, христиан, буддизм және басқа да діндер қайраткерлерінің сөздерінен терроризм зұлматына діни тұрғыда қарсы тұрудағы маңызды идеяларды табуға болады.

Кітап халықаралық ұйымдарға, біздің еліміздегі және шет елдердегі діни және қоғам қайраткерлеріне, саясаткерлер мен сарапшыларға таратылатын болады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
758

М.Құл-Мұхаммед: Қазақстан 25 жыл ішінде күшті әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айналды

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының есептік-сайлау конференциясына қатысты.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары жасалған жұмыс туралы есепті тыңдап, келешектегі басым бағыттарды айқындап берді.

«Елбасымыз бүгінде бүкіл әлем таныған әсем Астанамызды салып, оны дүние жүзіне жарқырата көрсетті. Астана бүкіл өңірлеріміз үшін дамудың даңғылына айналды. Сондықтан «Нұр Отан» партиясының астаналық филиалы Елбасымыздың бағдарламалары мен стратегиялық курсын орындауда облыстық партия ұйымдары үшін үлгі-өнеге болуға тиіс. Бұл, әсіресе, миллиондаған EXPO қонақтарын қарсы алу кезінде ерекше мәнге ие», – деп атап өтті партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Бүгінгі таңда «Нұр Отанның» астаналық филиалы 350 бастауыш партия ұйымының басын біріктіреді. Соңғы екі жылда Астана қаласында жетекші саяси партия мүшелерінің саны 12195-тен 45501 адамға дейін артты.

Филиал жұмысының басым бағыттары: Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру, партияның сайлауалды бағдарламасы мен Төрағаның тапсырмаларын орындау, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын қадағалау және қоғамдық қабылдау арқылы халыққа көмек көрсету.

2015-2016 жылдары 5 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіліп, 400 мыңнан аса адам қамтылды. Соның ішінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында қабылданған заңды түсіндіру жұмыстары бойынша 80 мыңнан астам адамның қатысуымен 463 кездесу ұйымдастырылды.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды тұрақты бақылау мақсатында қалалық мәслихаттағы партия фракциясы жанынан төрт инспекциялық комиссия құрылды. Олар бүгінге дейін Астанадағы құрылыс нысандарын аралап, 22 рейд жүргізді.

Партияның астаналық қоғамдық қабылдау бөлмесіне соңғы екі жылдың ішінде 26 мыңнан астам азамат көмек сұрап келді. Олардың 38 пайызының мәселесі сол жерде оң шешімін тапты. Қалғандары тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, партиялық бақылауға алынды.

2016 жылы мемлекеттік органдардың жетекшілері мен Мәжіліс және мәслихат депутаттары Астана қаласы бойынша 433 қоғамдық қабылдау өткізді.

Есептік-сайлау конференциясында таяуда Қазақстан Парламенті қабылдаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясына ерекше көңіл бөлінді.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасымыз ширек ғасырда Қазақстанды қуатты, біртұтас, қарқынды дамыған мемлекетке айналдырғанын тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда Елбасымыз алдымызға Бес институционалдық реформа, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Нұрлы Жол», индустриалды-инновациялық бағдарламасы, әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу сияқты жаңа ауқымды міндеттер мен мақсаттар қойып отыр. «Нұр Отан» партиясының басты міндеті – Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу сапасына қатаң әрі тұрақты бақылау орнату», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
672

Ұлттық валюта күні

Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберіндеҰлттық валюта күні атап өтілуде. Қалалық әкімдікте ҚР қаржылық жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан экономика және қаржы саласының ардагерлері мен еңбегі сіңген қызметкерлерінің құрметіне салтанатты іс-шаралар өткізілді. Шымкенттің мектептері мен оқу орындарында «Ұлттық валюта тарихы» - ашық сабақтары өткізілді. Оқушылар ұлттық валюта теңгенің және Қазақстанның тұтас экономикасының аяққа тұру кезеңдері және ерекшеліктерімен қызығушылықпен танысты. Іс-шаралар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды

фото с сайта  newtimes.kz

0
0
272

Шымкентте ауыл шаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтті.

Қаланың барлық аудандарында, аязды күнге қарамастан, ауыл шаруашылық тауарларының жексенбілік жәрмеңкесі өтті.Жалпы алғанда облыстық орталық маңынан және шалғай аудандардан 5 мыңнан астам ауыл шаруашылық өндірушілері өз тауарларын ұсынды. Қала тұрғындары Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілген тағам өнімдерінің түрлеріне, сапасына және бағасына жағымды таңқалды. Жәрмеңкенің ерекшелігі өңірдің жылыжай шаруашылықтарында өсірілген балғын көкөністер болды. Бұл ОҚО жекеменшік және фермерлік шаруашылықтарында жылыжайлық ауыл шаруашылық өндірісті дамыту бойынша жоспарлы және кең ауқымды жұмыстың қорытындысы десе болады. Жәрмеңке «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде өтті.

Шымкент қ. ішкі саясат бөлімінің ақпараты бойынша

фото с сайта otyrar.kz

0
0
429