Шымкенттегі азаматтық қоғам күні
Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде азаматтық қоғамға арналған кезекті күн өткізілуде. Қалалық әкімдікте Республиканың тәуелсіздік жылдарында азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне сый көрсетілді. Сондай-ақ бұл жерде бейресми лидерлер мен қоғам белсенділері құқықтық мемлекеттің қалыптасуында үшінші сектордың рөлі мен мүмкіндіктерін талқылайтын дөңгелек үстел өтеді. Шымкенттің оқу орындарында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жауапкершілігі туралы сөзталастар мен дискуссиялар өтеді.
Іс-шаралар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және Шымкент қ. ішкі саясат бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған.
