9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
Бүгін, яғни 6 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-иновациалық даму, Мемлекеттік сатып алу және Жер қатынастары басқармаларының ұйымдастыруымен 9 - желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкері Ерік Төлепқалиев бұл күн – мереке емес жершары халықтарының «Сыбайлас жемқорлықтың дамуға кедергі жасауына жол бермейміз!» деген ұранмен жанайқайын білдіретін айтулы күн екендігін тоқталып, 2003 жылдың 9 желтоқсанында БҰҰ қабылдаған Конвенциясына қол қойған мемлекеттер парақорлықты, бюджет қаржысын жымқыруды, заңсыз жолмен табылған табыстарды кәдеге асыруды қылмыс деп жариялауға міндеттейтіндігін айтты.
Сонымен қатар, әр басқарманың жауапты мамандары тақырып бойынша баяндама жасап, шара соңында қатысушылар сауалнамалар толтырды.
