Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Спорт барлығына қол жетімді.

Шымкентте  мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық сайыстар өткізілді. 100 астам бойжеткендер мен бозбалалар волейбол, суда жүзу, садақ және пневматикалық мылтық ату, шағын футбол, белтемірге тартылу, кеудені жерден көтеру , спорттық эстафетадан сайысқа түсті. Шахмат, шашки, ұлттық үстел ойындары бойынша спорттық-зияткерлік сайыстар зор құлшыныспен өтті. Көру мен есту мүшелерінің кемістіктері бар мүгедектер арбасына таңылған жастар мықты ерік-жігері мен жеңіске деген талпынысын көрсете білді.

«Шынайы ер мінезге ешбір сынақ қорқынышты емес!» - дейді сайыс қатысушылары.

Іс-шараларды «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған және олар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған.

 
0
0
271

Осы тақырып бойынша

Спорт барлығына қол жетімді. - Yvision.kz