«Жастар және жемқорлық: проблемалар мен аргументтер» пікірсайысы
А.ж. 30 қарашасында, сыйбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» атты марафоны аясында М.Ғабдуллин атындағы Зеренді қазақ орта мектебінің оқушыларының қатысуымен, Зеренді ауданының Достық орталығында «Жастар және жемқорлық: мәселелер мен аргументтер» тақырыбындағы пікірталас жиыны болып өтті. Шараға қатысушылар қазіргі таңда қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі болып саналатын жемқорлық туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар назарына жемқорлықтың адам өміріне тигізер зияны туралы баяндайтын видеороликтер көрсетіліп, олардың тәрбиелік мәні мен мағынасы талқыланды.

