Зеренді ауданы жастарының «Жастық! Жігер! Еңбек!» V форумы
А.ж. 30 қарашасында «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесіне орай, Зеренді ауданының Мәдениет үйі ғимаратының салтанат залында, жыл сайынғы Зеренді ауданы жастарының "Жастық! Жігер! Еңбек!" атты тақырыптағы V Форумы болып өтті. Осымен бесінші рет өткізіліп жатқан аталмыш шараның басты мақсаты еліміздің қалыптасып, күллі әлем мойындаған мемлекет болуындағы Елбасының айрықша рөлі мен көреген саясатын өскелең ұрпаққа үлгі ету. Жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне қажетті мәселелерді талқылау болып табылады. Форумға Зеренді ауданының әкімі Мұратұлы Асқар, аудандық мемлекеттік мекемелердің басшылары, аудандық маслихат депутаттары, «Жұмыспен қамту 2020», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», бағдарламаларының қатысушылары, «Жасыл Ел» еңбек жасағының сарбаздары, халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО 2017» көрмесінің еріктілері, аудандық біріңғай М.Ғабдуллин атындағы жастар патриоттық клубының мүшелері, ауылдық округтерден келген жастар, студенттер мен оқушылар қатысты.
