Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өңір басшысы Даниал Ахметовтің шығысқазақстандықтарды Жаңа 2017 жылмен құттықтауы

Ардақты ағайын!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Аяқталып қалған жыл еліміз үшін берекелі болып, ынтымақтың ырысқа, берекенің бақытқа бастарын тағы бір айқындап берді.

Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығын атап өтті. Бұл тарихи кезеңнің әрбір жылы жарқын істермен есте қалды. Ширек ғасырда Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен әлем таныған мемлекетке айналды.

Отанымыздың дамуына жерлестеріміздің қосқан үлесі мол. Облыста жаңа кәсіпорындар салынып, көптеген жұмыс орындары ашылды. Тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халық игілігіне берілді.

Мұның барлығы, ортақ істің оң нәтижесі!

 

Құрметті жерлестер!

Келе жатқан Жаңа жыл – әрбір үйге бейбіт өмір, қуаныш пен шаттық, баянды бақыт тарту ететін берекелі  жыл болсын! Баршаларыңызға толайым табыс тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын!

0
0
403

Осы тақырып бойынша

Өңір басшысы Даниал Ахметовтің шығысқазақстандықтарды Жаңа 2017 жылмен құттықтауы - Yvision.kz