Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО мемлекеттік қызметшілеріне «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі түсіндірілді

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті 2016 жылдың 29 желтоқсан күні орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшілерінің басшылары, персоналды басқару қызметінің өкілдері, соның ішінде құқық қорғау органдарының, тексеру комиссиясы мен облыстық мәслихат аппаратының қызметшілерінің қатысуымен алдағы уақытта өткізілетін «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестаттау мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар-кеңес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә. Исақовтың төрағалығымен өтті.

Семинар-кеңес барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В.Н.Масимова аттестаттаудың негізгі бағыттарына тоқталып, аттестаттау тәртібін, оның мерзімдерін және аттестатталатын мемлекеттік қызметшілердің санаттарын, аттестаттау комиссиясының шешіміне қатысты шағым жасай алатын мүмкіндіктер түсіндірілді.

Аттестацияны тоқтаусыз және сапалы өткізу мақсатында Департамент басшысы Б.Ә.Исақов мемлекеттік органдардың басшыларына аттестация бойынша іс-шаралардың уақыттылы және сапалы өткізілуін жеке бақылауына алуларын тапсырды.

Семинар-кеңес соңында қатысушылармен қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

   
0
0
359

Осы тақырып бойынша

БҚО мемлекеттік қызметшілеріне «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі түсіндірілді - Yvision.kz