Ұлт жоспарының 15 қадамының іске асырылуы Жарқайың ауданында түсіндірілді
Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Жарқайың ауданында 100 нақты қадам ұлт жоспары «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» реформасының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырды.
Семинардың жұмысында жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының, орталық мемлекеттік органдардың аймақтық аудандық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, БАҚ өкілдері қатысты. Семинардың модераторы Департаменттің басшысы Б.Беспалинов болды. Семинар барысында 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіруге баса назар аударды.
Семинар қатысушыларына аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері бойынша кеңес берілді. Уәкілетті органның, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіретін аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына толық жауап берілді. Іс-шараға жалпы 154 адам қатысты.
