Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әкімшілік тәжірибені жетілдіру сұрақтары бойынша құқықтық оқыту

2017 жылдың 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен әкімшілік тәжірибені жетілдіру сұрақтары бойынша құқықтық оқыту өткізілді.

Оқыту жұмысына Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов, Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.К.Сисенғали, Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының аға прокуроры Т.Т.Жылқыбаев және Департаменттің жеке құрамы қатысты.

Департамент басшысы өз сөзінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына қарсы іс-қимылда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары ең алдымен, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының және мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп кодексін» сақтауды жүзеге асыру жөніндегі шараларға негізделген жүйелі және кешенді сипат қабылдағандығын атап өтті.

 
0
0
398

Осы тақырып бойынша

Әкімшілік тәжірибені жетілдіру сұрақтары бойынша құқықтық оқыту - Yvision.kz