Мазмұнға өту

Жаңа

2017 жылғы ақпанның 24-інен бастап 30-ын қоса алғандағы кезең ішінде

1. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде 260 нормативтік құқықтық акті тіркелді;

2. Құқықтық ақпараттық қызмет азаматтардың 2627 сұрақтары бойынша консультация көрсетті;

3. «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде 257 нормативтік құқықтық акті ресми жарияланды.

0
0
345

Мобильдік топтың сауда-ойын-сауық орталықтарындағы қабылдаулары

2017 жылдың 30 наурызда «Болашаққа жемқорлықсыз! Бірге!» мобильдік топтың мүшелері «City Center» сауда - ойын-сауық орталығында азаматтарға көшпелі қабылдау өткізді.

Қабылдау кезінде сауда-ойын-сауық орталығына келушілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жадынамалар таратылды.

0
1
381

БҚО-да мобильдік топ базарларда азаматтарды қабылдауда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен «Болашаққа жемқорлықсыз! Бірге!» мобильді тобы құрылып өз жұмысын бастады. Топқа Департамент қызметкерлерінен бөлек құқық қорғау, облыстық басқармалар, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері қосылды.

Мобильді топ мүшелері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүргізе отырып, азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдайды.

2017 жылдың 30 наурызда мобильді топ мүшелері орталық «Мирлан» базарында азаматтарға қабылдау өткізді.

0
0
295

Мобильдік топтың ХҚКО-дағы қабылдаулары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Болашаққа жемқорлықсыз! Бірге!» мобильді тобы тұрақты түрде азаматтарға қабылдау өткізеді.

2017 жылдың 30 наурызда мобильдік топтың қабылдауларының бірі Орал қаласындағы екі Халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілді.Қабылдаудан кейін орталыққа келушілерге жадынамалар таратылды.

0
0
319

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2017 жылдың 30 наурызында өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым және Теректі аудандық аумақтық инспекция басшылары мен Орал қаласының Круглоозерный кенті әкіміне қатысты тәртіптік істері қаралды. Алдымен, кеңес отырысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарының талабын сақтамау, яғни көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару және полиция қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау бойынша әкімшілік құқық бұзушылыққа жол беру мәселесі негізінде, О…

0
0
459

Мобильдік топ азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізуде

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен «Болашаққа жемқорлықсыз! Бірге!» мобильді тобы құрылып өз жұмысын бастады.

Топ құрамы 27 адамнан құралған. Оған Департамент қызметкерлерінен бөлек құқық қорғау, облыстық басқармалар, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қосылды.

Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мобильді топ мүшелері мини автобустарда көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізуде.

Орал қаласы бойынша азаматтарды қабылдау апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері өткізілетін болады.

0
0
424

Павлодарда «Generation Next» Республикалық журналының таныстырылуы өтті

31 наурыз күні «Жастар бастамларын дамыту орталығы» КММ-де жастар мен студенттерге арналған «Generation Next» Республикалық жастар журналының өңіріміздегі таныстырылуы өтті. Жобаның басты мақсаты – білім мен ғылым, спорт, қайырымдылық саласындағы өзекеті жаңалықтармен бөлісудің онлайын-платформасын құру. Жобаны құрастырушылар Алилия мен Амина Нарықбаева атты мектеп оқушылары. Әрбір 10 және 19 жас араылығындағы қазақстандық қызықты жаңалықатарымен бөлісе отыра, журналдың тілшісі атана алады. Павлодар өңірі әрқашан жас таланттарымен танылған. Бізде сіздерден жаңа материалдар мен жаңалықтар күтеміз! Жаңалықтарды үш тілде жариялаймыз, - деді журналдың шығарушы редакторы Сайран Кильдибекова. Айта кетерлігі, 18 наурызда Астанада тұсауы кесілген басылым, өңірлер арасында алғаш болып Павлодар обл…

0
0
869

Жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қазақстандықтарға 23 млрд. теңгеден астам төлем жасады

2017 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жасаған төлемі 23,5 млрд. теңгені құрады. Жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жұмсалған қаржы 9,6 млрд. теңгеге жетсе, баланың бір жасқа толуына байланысты күтіміне 11 млрд. теңге қарастырылып, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 1,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 1,1 млрд. теңге, жұмыссыз қалу жөнінен 0,2 млрд теңге шығындалған. Аталған қордан жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жасалған орташа 315 мың 973 теңге төлемді 15,2 мың қазақстандық алды. Бір жасқа толуға байланысты бала күтіміне қажет 23 мың 478 теңге әлеуметтік төлем 197,9 мың азаматқа берілді. Жұмыссыз қалу жөнінен 4,4 мың адамға бөлінген әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 19 мың 696 т…

0
0
248

АҚШ-тың Калифорниядағы Федералдық апелляциялық соты Қазақстан Республикасының Храпуновтарға қарсы ісіндегі позициясын қолдады

2014 жылы Алматы қаласының әкімдігі Калифорния штатының (АҚШ) сотында қаланың бұрынғы әкімі Виктор Храпунов, оның отбасы мүшелері және олардың АҚШ-та тіркелген жалған компанияларына қарсы талап-арыз берді. Талап-арызда талапкердің құқығын қорғау жөніндегі алты талап жасалған, соның ішінде Бопсалаумен және жемқорлықпен күрес туралы АҚШ заңын бұзу, Алматы қ. тұрғындарының мүдделеріне және пайдасына қызмет ету жөніндегі міндеттерді бұзу, біреудің меншігін заңсыз иемдену осы мақсатта қылмыстық келісімге түсу. Храпунов жанұясы және олардың жалған компаниялары Алматы қаласы бюджетінен ұрланған ақшаны пайдалана отырып, Калифорнияда жылжымайтын мүлік және қымбат көліктерді меншікке алды. Алайда Калифорния штатының Округтік соты Алматы қаласының өтінішін қабылдамай тастады. Сот аталған талқылауды…

0
0
402

«Сыбайлас жемқорлықтың салдары бар»

Сыбайлас жемқорлық марафонының  іс – шарасын жүзеге асыру барысында «Адал жол - Честный путь» тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көз қарасты қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 29 наурызында Сандықтау ауданы тұрғындарының арасында мемлекеттік қызметшілер, белсенділер, еңбек жастарының қатысуымен ақпараттық парақшалар таратылуымен «Сыбайлас жемқорлықтың салдары бар» атты акция өткізілді.

Акция барысында 200 – ге жуық «Сыбайлас жемқорлықтың салдары бар» қазақ және орыс тілдерінде ақпараттық парақшалар мен буклеттер, парақшалар, таратылды. Сыбайлас жемқорлық буклеттерін тарату барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы мамандармен түсіндіру сұхбаттары мен тұрғындар арасында сенім телефоны  call-center 1424 түсіндірілді.
Департамент госслужбы

0
0
681