Yvision.kz
ru
Разное
399 781 жазбалар43 тіркелуші
Всяко-разно
0
21:37, 30 наурыз 2017

АҚШ-тың Калифорниядағы Федералдық апелляциялық соты Қазақстан Республикасының Храпуновтарға қарсы ісіндегі позициясын қолдады

2014 жылы Алматы қаласының әкімдігі Калифорния штатының (АҚШ) сотында қаланың бұрынғы әкімі Виктор Храпунов, оның отбасы мүшелері және олардың АҚШ-та тіркелген жалған компанияларына қарсы талап-арыз берді. Талап-арызда талапкердің құқығын қорғау жөніндегі алты талап жасалған, соның ішінде Бопсалаумен және жемқорлықпен күрес туралы АҚШ заңын бұзу, Алматы қ. тұрғындарының мүдделеріне және пайдасына қызмет ету жөніндегі міндеттерді бұзу, біреудің меншігін заңсыз иемдену осы мақсатта қылмыстық келісімге түсу.
Храпунов жанұясы және олардың жалған компаниялары Алматы қаласы бюджетінен ұрланған ақшаны пайдалана отырып, Калифорнияда жылжымайтын мүлік және қымбат көліктерді меншікке алды.
Алайда Калифорния штатының Округтік соты Алматы қаласының өтінішін қабылдамай тастады. Сот аталған талқылауды АҚШ-та қарастыру қолайлы болып табылмайды дешен шешімге келді.
Алматы қаласының әкімдігі және Әділет министрлігі Калифорния штатының апелляциялық сотына наразылықпен жүгінді. Екінші инстанциядағы сот Қазақстан Республикасының аталған өтінішін қанағаттандырып, төменгі Округтік сот шешімінің күшін жойды.
Қазақстан Республикасы АҚШ-тың соттарын өз позициясының дұрыс екендігіне көз жеткізе білді. Аталған шешім жемқорлықпен күрес саласындағы үздіксіз жұмыстың нәтижесі болып табылады. Енді Алматы қаласының Храпуновтарға қарсы шағымы Калифорния сотында қарастырылатын болады.
Әділет министрлігі аталған жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады. АҚШ-тағы заң консультанты болып Latham&Watkins LLP табылады.
0
280
0