ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қазақстандықтарға 23 млрд. теңгеден астам төлем жасады

әлеуметтік төлемдері

2017 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жасаған төлемі 23,5 млрд. теңгені құрады. Жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жұмсалған қаржы 9,6 млрд. теңгеге жетсе, баланың бір жасқа толуына байланысты күтіміне 11 млрд. теңге қарастырылып, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 1,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 1,1 млрд. теңге, жұмыссыз қалу жөнінен 0,2 млрд теңге шығындалған.

Аталған қордан жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жасалған орташа 315 мың 973 теңге төлемді 15,2 мың қазақстандық алды.

Бір жасқа толуға байланысты бала күтіміне қажет 23 мың 478 теңге әлеуметтік төлем 197,9 мың азаматқа берілді.

Жұмыссыз қалу жөнінен 4,4 мың адамға бөлінген әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 19 мың 696 теңгені межеледі.

Асыраушысынан айырылу бойынша 32,8 мыңнан астам қазақстандыққа төленген сома көлемі орташа алғанда 15 мың 367 теңге болды. Сонымен қатар, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 62,7 мың азаматты қамтамасыз еткен әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 11 мың 806 теңгені көрсетті.

Еске сала кетсек, елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың жұмысшы табын әлеуметтік қорғаудың қосымша тетігі ретінде енгізілді. ҚР ЕХӘҚМ құрамындағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тәуекел жағдайы туындаған қатысушыларына әлеуметтік аударымдар мен төлемдер жасаумен айналысады.