ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

БҚО-да мобильдік топ базарларда азаматтарды қабылдауда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен «Болашаққа жемқорлықсыз! Бірге!» мобильді тобы құрылып өз жұмысын бастады. Топқа Департамент қызметкерлерінен бөлек құқық қорғау, облыстық басқармалар, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері қосылды.

Мобильді топ мүшелері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүргізе отырып, азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдайды.

2017 жылдың 30 наурызда мобильді топ мүшелері орталық «Мирлан» базарында азаматтарға қабылдау өткізді.