ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2017 жылдың 30 наурызында өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым және Теректі аудандық аумақтық инспекция басшылары мен Орал қаласының Круглоозерный кенті әкіміне қатысты тәртіптік істері қаралды.

Алдымен, кеңес отырысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарының талабын сақтамау, яғни көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару және полиция қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау бойынша әкімшілік құқық бұзушылыққа жол беру мәселесі негізінде, Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің міндетін атқарушы Салтанат Ескендировтың тәртіптік ісі қаралып, нәтижесінде Әдеп кодексінде белгіленген талапты сақтамағаны үшін, аталған тұлғаға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы қала әкіміне ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.

Әрі қарай, кеңес отырысында Теректі және Сырым аудандық прокуратураларының, ЖШС-не тиісті аумақтан алынған рұқсатынсыз, ірі қара малды экспортқа тасымалдау үшін ветеринариялық сертификатты негізсіз беру мәселелеріне қатысты ұсыныстары негізінде Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы басшысы Тлек Мухатовпен осы инспекцияның бас маманы-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Юлия Назарованың және Сырым аудандық аумақтық инспекциясы басшысы Бауыржан Бисенғалидің тәртіптік істер қаралып, нәтижесінде Әдеп кодексі талаптарын, соның ішінде өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы атқармағаны үшін талған тұлғаларға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы облыстық Инспекция басшысына ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.