Мазмұнға өту

Жаңа

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес

А.ж. 29 наурызда Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Д.М. Хайруллин Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес отырысына қатысты, онда жер қатынастары саласындағы аймақтың кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалары қаралды.

Отырыстың қорытындылары бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

Департамент госслужбы

0
0
367

«Ойұшқын» ток-шоуында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі талқыланды

А.ж. 15 наурызында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының телеканалының «Ойұшқын» ток-шоуында «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» тақырыбы талқыланды. Ток-шоудың басында қазіргі уақытта өткізіліп отырған мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау, аттестаттау комиссияларының жұмысы жайында сюжет көрсетілді. Ток-шоуға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Братаева қатысып, мемлекеттік қызметті реформалаудың аймақта орындалу барысы жөнінде айтып өтті. Р.Братаева әңгіме барысында мемлекеттік қызметшілердің аттестаттауына баса назар аударды.

0
0
364

Мобильдік топтың әкімшілік полицейдегі азаматтарды қабылдауы

2017 жылдың 31 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік топ әкімшілік полицейде азаматтарға кезекті көшпелі қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдау кезінде Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов жеке сұрақтар бойынша 3 азаматты қабылдады.

Бұдан бұрын мобильдік топ мүшелері ХҚКО-да, базарларда, сауда-ойын-сауық орталықтарында және өзге де қоғамдық орындарда көшпелі қабылдаулар өткізгендігін атап өткен жөн.

0
0
368

Мобильдік топтың квазимемлекеттік сектормен кездесуі

2017 жылдың 31 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Болашаққа парасыз.Бірге!» мобильдік топтың «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-да кездесу өткізілді. Шара Департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақовтың төрағалығымен және «Нұр Отан» партиясының БҚОФ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жаңару» қоғамдық бірлестігі және құқыққорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Кездесу квазимемлекеттік сектордың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың субъектілері үшін ұйымдастырылды. Департамент басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында елдің үшінші модернизациясының басталғандығын хабарлай отырып, елім…

0
0
469

Ақын Қалижан туралы бірер сөз

Шілде айының соңында күні-түні үзбей жауған жаңбыр әп - сәтте-ақ қырдың үгіле бастаған көдесін көтеріп, жасыл құрақ жайқалып, арнасы кепкен бұлақтарға кәдімгідей жан бітіп,сарқырап, күркіреп тасқындай ағып дала сәнін арттыра түскен. Тұлпарлар тұяғының дүбірі мен жылына бір рет дүр сілкініп, сонан кейінгі кезеңде өлі тыныштық құшағына жататын Мойылды алқабында киіз үйлер тігіліп, ат шабыс өтетін айналым тазартылып тегістеліп, мұқият тексерістен өткен. Міне, жылдағы еңбек озаттарының дәстүрлі аудандық слетінің жалауы желбірей көтерілді. Аудан басшылары, еңбектерімен ерекше көзге түскендер, еңбек ерлері атанғандар, әр деңгейдегі депутаттар, бір сөзбен, ауданның бетке ұстарлары Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданынан арнайы келген өкілдер алаңдағы президиумға жайғаса бастады. Тек жиын баста…

0
0
1102

«Тың өлкесі»: Қаймана қазақтың жоқшысы тарихы

Журналист Сая Молдайып өзінің облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 14 ақпан 2017 жылғы №17 санында жарық көрген «Жұртыңмен талай заман көрдің» атты мақаласын «Ойға өріс беріп көрейік» деп бастаған екен. Саяның осы сөзі сырласуға, бүкпесіз сыр ашуға шақырып тұрғандай көрінді. Тек... тақырыбы... оқи келе мұның белгілі айтыс ақыны Қуаныш Шармановтың: «Жай күйін толғап жағадағы елдің, жұртыңмен талай замана көрдің», -деген өлең шумағының алғашқы екі тармағы екенін түсіндім. Ал мақала авторы мен қатарлылардың кезінде балаң ойын тербетіп, әдебиет атты қияға көз тіктіріп, қанатымыздың қатаюына ықпал еткен «Тың өлкесі» газеті туралы сөз бастамастан бұрын біз жоғарыда келтірген жалғыз сөйлемде әншейін сөздің сыралғысы ретінде жаза салмаған екен. Оған «Сарыарқа самалының» маңызы қандай, қажеттілігі…

0
0
903

Академиялық адалдық және таза сессия – жоғары білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырудың негізгі факторы

2017 жылдың 30 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Батыс Қазақстан инновациялық-гуманитарлық университетінде «Академиялық адалдық және таза сессия – жоғары білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырудың негізгі факторы» атты облыстық конференция өтті. Конференцияға Департамент, ЖОО басшылығы және облыстағы М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, ҚазИТЖУ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Өз сөзінде Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі А.Жұбаныш «құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық аудит, мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысын қарастыру, саты…

0
0
1188

Констиуция мен өзге де заңдардың өзгеруіне орай Жоғарғы Сот өзінің бірқатар нормативтік қаулыларына түзетулер енгізді

Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Мәми жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді. Оның жұмысына Жоғарғы соттың алқа төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Ұлттық Банктің, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ Жеке сот орындаушылары республикалық палатасы мен Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты. Жалпы отырыс жұмысын аша келе, Қайрат Мәми республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысы жүктеген құқықтық айқындылық деңгейін арттыру, тұрақты әрі болжамды сот практикасын қалыптастыру жөніндегі міндеттерін іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Күн тәртібінде – Жоғарғы Соттың бірқатар нормативтік қаулыларының жобасын талқылау. «Соттардың атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнамасының кейб…

0
0
566

Жоғарғы Сот А.Айтбаеваға, М.Рассохинға, Л.Оттқа және бірқатар өзге де тұлғаларға қатысты істі қарады

Бүгін Жоғарғы Соттың кассациялық сатысы Бас прокурордың наразылығы, сондай-ақ сотталғандар А.Т.Айтбаеваның, М.М.Рассохиннің және Ж.А.Шәріповтың өтінішхаты бойынша келіп түскен сотталғандар А.Т.Айтбаеваға, М.М.Рассохинге, Л.В.Оттқа, Ж.Т.Кәкенге, Ж.А.Шәріповке қатысты қылмыстық істі қарады. Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Әсемгүл Төлеубекқызы Айтбаеваға, Максим Михайлович Рассохинге, Жолдыбай Тоқсанұлы Кәкенге қатысты Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 5 наурыздағы үкімін, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2016 жылғы 27 маусымдағы қаулысын өзгерту туралы қаулы шығарды. Бас Прокурордың наразылығы, сотталғандар А.Т.Айтбаеваның, М.М.Рассохиннің өтінішхаты ішінара қанағаттандырылды. С…

0
0
363