ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мобильдік топ азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізуде

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен «Болашаққа жемқорлықсыз! Бірге!» мобильді тобы құрылып өз жұмысын бастады.

Топ құрамы 27 адамнан құралған. Оған Департамент қызметкерлерінен бөлек құқық қорғау, облыстық басқармалар, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қосылды.

Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мобильді топ мүшелері мини автобустарда көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізуде.

Орал қаласы бойынша азаматтарды қабылдау апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері өткізілетін болады.