ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Академиялық адалдық және таза сессия – жоғары білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырудың негізгі факторы

2017 жылдың 30 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Батыс Қазақстан инновациялық-гуманитарлық университетінде «Академиялық адалдық және таза сессия – жоғары білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырудың негізгі факторы» атты облыстық конференция өтті.

Конференцияға Департамент, ЖОО басшылығы және облыстағы М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, ҚазИТЖУ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Өз сөзінде Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі А.Жұбаныш «құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық аудит, мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысын қарастыру,  сатып алынатын қызметтер және тауарлардың дәлелденген бағаларына мемлекеттік сатып алуларды мониторингтеу, еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, «Жолдарда» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 10 қадам» Жобалары жөнінде ақпараттандырды.

Конференцияда М.Өтемісов атындағы БҚМУ аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі А.Есенгазиева, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ маманы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты А.Монтаев, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының БҚО филиалының төрағасы Н.Жолдасқалиев, Қазақстан студенттер Альянсы БҚИТУ штаб көшбасшысы Қ.Мақсотовтар баяндама жасады.