ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Ойұшқын» ток-шоуында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі талқыланды

А.ж. 15 наурызында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының телеканалының «Ойұшқын» ток-шоуында «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» тақырыбы талқыланды. Ток-шоудың басында қазіргі уақытта өткізіліп отырған мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау, аттестаттау комиссияларының жұмысы жайында сюжет көрсетілді. Ток-шоуға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Братаева қатысып, мемлекеттік қызметті реформалаудың аймақта орындалу барысы жөнінде айтып өтті. Р.Братаева әңгіме барысында мемлекеттік қызметшілердің аттестаттауына баса назар аударды.