Мазмұнға өту

Жаңа

«Отарқа» талапты жастардың мектебі еді

Иә, шын мәнінде солай болды. «Отарқа» жаңадан ашылған тұста қалада кәсіби журналисті ашық күнде шаммен іздесе де табылмайтын. Бірақ Аманкелді аға әдебиеттен аз кем хабары барларды газетке тарта білді. Жассерік Сәдуақас газетке біржола орналасты, редактордың орынбасары болды. Оған әр басшының табалдырығын тоздыра жүріп, қоярда қоймай үш бөлмелі пәтер алып берді. Екібастұз ауданына қарасты Өлеңті орта мектебінде ағылшын тілінен сабақ беріп жүрген менің әдебиетке деген қызығушылығымды, сөз саптасымды байқап (аудандық байқауға қатысып, баллада оқып, жүлделі орын алған едім) газетке – журналистикаға келуіме бірден бір себепкер болған, осы мамандықтың әліпбиінен бастап тәрбиелеген осы Аманкелді Қаңтарбаев болатын. Ол жылдары шет тілінің маманы аз, Екібастұз аймағындағы көптеген мектептерде шет…

0
0
978

Игі қадамдар

Газеттің алғашқы нөміріне Аманкелді Қаңтарбайұлы «Ағайынға арнау сөз» атты сүйіншілеген мақаласы мен газеттің екі құрылтайшысының, облыстық, аудандық газеттердің құттықтаулары, жерлес жазушы, белгілі қаламгер Қалмұқан Исабаевтың «Өткір бол, «Отарқа» атты құттықтау-батасы жарияланды. Иә, айтары жоқ, уақыт өте келе «Отарқаның» мән-мазмұны жақсара түсті. Бір атап өтерлігі, «Отарқа» облыстағы қазақ басылымдарының арасында алғашқылардың бірі болып, 1996 жылдан бастап компьютермен теріліп, беттеліп, офсеттік басылыммен шыға бастады. Мемлекеттік тілдің қанат жаюы, ата дәстүр, ата кәсіп, ұлттық руханият сынды тақырыптар бірінші кезекте қамтылды. Халқымыздың тарихына, тарихи тұлғаларға газетте көп орын беріліп, ұлттық мәселелердің жүзеге асуына айтарлықтай ықпал жасады. Мәселен, қала мен ауылдарда…

0
0
581

Отты Арқада «Отарқа»!

Себепсіз салдар жоқ, қоғамдағы сан қилы жағдаяттар газет сипатының өзгеруіне мүмкіндік жасады. Бұған дейін «Алға» - «Вперед» газеттерін қаржыландырып тұрған Екібастұз ауданының бюджеті нашарлай бастады. Міне, осы кезеңде Аманкелді Қаңтарбайұлы әлі ешкім ойға ала қоймаған тың қадам жасады. «Впередті» жауып тастап, «Алғаның» негізінде қала мен ауданға бірдей тарайтын қазақ газетін ашуды қолға алды. «Впередтің» жабылып қалуынан ештеңе жоғалмайтын еді, өйткені Екібастұз қаласында сол жылдары қалалық «Заветы Ильича», «Шахтастрой», «Ленинская Искра», «Угольный Экибастуз», «Огни Экибастуза» дейтін салалық орыс тілді газеттер бар. Редактордың бұл ұсынысын сол кездегі беделді, ұлтжанды азаматтар мен ақсақалдар - Адам Мұхамеджанұлы, Көбен Төлепбергенұлы, Серік Жақсыбаев, Нұржан Тишпаев, Іргебай Сат…

0
0
657

Назар аудар, есіңде сақта! Пара беру – бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады!

А.ж. 31 наурызда  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Көкшетау қаласының тұрғындарымен кездесті.

Мобильді топ бірінші кезекте азаматтарды қабылдаудың жылжымалы пунктін   «ENKI» ЖШС кәсіпорнының жанынан ұйымдастырды.Содан соң «Авиценна»медициналық орталығына бағыт алды. Еңбек ұжымдарында  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде түсіндіру-әңгімелер жүргізілді, Департамент қызметі туралы ақпарат берілді, ең көп  қажеттілікке ие болып отырған мемлекеттік қызметтер туралы конскультациялық кеңестер берілді.

Іс-шара қорытындылары бойынша барлық қатысушыларға  сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы «Назар аудар, есіңде сақта! Пара беру – бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады!», «Внимание, помни! Дача взятки лишает свободы и будущего!» ақпараттық плакаттары таратылды.

Іс-шараға 153 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
509

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық басымдығы

А.ж. 31 наурызда Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының м.а. М. Ахметқалиев Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық басымдығы» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістен тыңдаушылар сыбайлас жемқорлық туралы, оның түрлерімен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы және бұзушылықтың осы түрлері үшін жауапкершілік шаралары жөнінде мәлімет алды. М. Ахметқалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы екенін атап өтті. Дәріс барысында спикер мемлекеттік мекеменің мамандарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, оның міндеттері, таяудағы он жылға арналған түйінді бағыттары мен негізгі әдістері туралы баяндады, сонымен қатар ол қа…

0
0
352

Әр азамат орындауға міндетті заңдылық

А.ж. 31 наурызда Департаменттің бас маманы Д. Каконов Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында Департаменттің өкілі кәсіби мемлекеттік аппарат, қолжетімді әрі есеп бере алатын мемлекет құрудағы мемлекеттік қызметшілердің алатын орнының ерекше екенін атап өтті, сонымен қатар, Департаменттің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы атқарлған қызметімен таныстырып өтті. Мұрағат қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді, сонымен қатар, іс-шараның соңында олар департамент тарапынан жүргізіліп отырған іс-шаралардың маңыздылығы туралы сұрақтар қойылған сауалнамаларды толтырды. Қойылған сұрақтарға нақты жауаптар мен…

0
0
326

Жемқорлыққа қарсы күрес – заман талабы

А.ж. 31 наурызда Балкашин №1 орта мектебінде «Адал жол – Честный путь» атты облыстық жемқорлыққа қарсы марафонның аясында 11-сынып оқушыларының арасында  «Жемқорлыққа қарсы күрес – заман талабы» тақырыбында  пікірталас өтті. Пікірталастың басты мақсаты – жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын өткізу, өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру  және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Талқылауға 2 команда қатысты, қатысушылардың жалпы саны – 36 адам.
Департамент госслужбы

0
0
458

Тағы кеттің жүрекке, жара салып...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Chris Spheeris “Eros” Бейнематериал авторы – Ильяз Андаш «Коштошуу» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – Мен осылай боларын, сезіп едім, Неге келдің сен маған, елес болып? Аласұрттың көңілімді, бар ойымды, Тағы кеттің жүрекке, жара салып. Аласұрам қашанғы, айтшы жаным? Бітерме екен, бұл тағдырдың азабы? Көрмей, құшпай, сағынам, неге тозам? Жетер енді, бұл тағдырдың мазағы. Басыла ма, шіркін-ай, бұл құмарым? Елемеймін, неге көрмеймін басқаны. Сен дегенде, алып ұшады мынау жаным, Болмасақта, болмадың ғой, сыңарым. Бұл көңілімнің бұлттарын, қуам қалай? Найзағайын жанымның, баса аламба? Мүмкін бекер, мүмкін бекер мен талай, Күнді өткіздім деп, бүгін айта алам ба? Мен қашаңғы шыңғырам, ішімнен, Мұң айқайды, тек қағазбен бөлісіп. Жоқ, жете…

1
1
846

Теннис турнирі

А.ж. 30 наурызында облыстық «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының  іс – шарасын жүзеге асыру барысында Балкашино селосындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде теннистан аудандық турнир өтті. Аталған жарысқа 17 адам қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Каримов Ерлан – 1 орын, Қалияқпаров Дархан – 2 орын, Шамиғанов Марат – 3 орын.

Шараға 30 адам қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
305

Білім басқармасының кеңейтілген отырысы

А.ж. 30 наурызда Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Д.М. Хайруллин Ақмола облысының білім басқармасының кеңейтілген отырысына қатысып, «Білім саласында сыбайлас жемқорлықты ескерту және қызметтік әдеп норма бұзушылықтарын алдын алу жөніндегі қолданылатын шаралар туралы» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Аталмыш іс-шараға барлығы 527 адам қатысты, оның ішінде Ақмола облысының мектеп директорлері және аудан, қала әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері. Кеңес барысында мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.
Департамент госслужбы

0
0
352