ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мобильдік топтың квазимемлекеттік сектормен кездесуі

2017 жылдың 31 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Болашаққа парасыз.Бірге!» мобильдік топтың «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-да кездесу өткізілді.

Шара Департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақовтың төрағалығымен және «Нұр Отан» партиясының БҚОФ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жаңару» қоғамдық бірлестігі және құқыққорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Кездесу квазимемлекеттік сектордың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың субъектілері үшін ұйымдастырылды.

Департамент басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында елдің үшінші модернизациясының басталғандығын хабарлай отырып, еліміздің дамуының негізгі басымдығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталғандығын түсіндірген болатын. Сондықтан, ұлттық заңнамамызда көрсетілгендей, жұмыстың басымдығы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге бағытталатын болады. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қабылданған заңдардың ойы мен қажеттілігі қазақстандықтар үшін түсінікті болуы керек».

Ол мобильдік топтың негізгі міндеті қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне нөлдік төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдауды жүзеге асыру екендігін нақтылап өтті.

Кездесу кезінде мобильдік топтың мүшелері «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, бейнероликтер көрсетіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар таратылды.