ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мобильдік топтың әкімшілік полицейдегі азаматтарды қабылдауы

2017 жылдың 31 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік топ әкімшілік полицейде азаматтарға кезекті көшпелі қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдау кезінде Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов жеке сұрақтар бойынша 3 азаматты қабылдады.

Бұдан бұрын мобильдік топ мүшелері ХҚКО-да, базарларда, сауда-ойын-сауық орталықтарында және өзге де қоғамдық орындарда көшпелі қабылдаулар өткізгендігін атап өткен жөн.