Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қандай зейнетақы алатаныңды біл» акциясы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған  үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  коммерциялық емес акционерлік қоғамы Астана қаласы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментімен бірігіп ағымдағы жылдың 18 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында «Қандай зейнетақы алатаныңды біл» атты акция өткізеді.

Осы акция барысында қала тұрғындары әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден сағат 12:00-ге дейін  Сол жағалау, Достық, 13 көшесі мекенжайы бойынша орналасқан  Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының Алматы ауданы бойынша бөлімшесінде Департамент және Мемлекеттік корпорация мамандарынан зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кеңес ала алады.

 
0
0
188

Осы тақырып бойынша

«Қандай зейнетақы алатаныңды біл» акциясы - Yvision.kz