Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттен көрсетілетін қызметтер: қолжетімді, ыңғайлы, тез

2017 жылдың 14-15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Департаментінің директоры С.С.Мүксімов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Агенттік өкілі жұмыс сапары шеңберінде келесідей нысандарды аралады:

- Орал қаласының әкімдігі;

- БҚО бойынша Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихандау бөлімдері;

- Орал қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ БҚО филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің №1 бөлімшесі.

Орал қаласының әкімдігінде «Ашық әкімдік» жобасы жүзеге асырылуда, бұл жоба мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ыңғайлы жағдайларда алуға мүмкіндік береді.

Қала әкімдігінің бөлімдерімен баламалы түрде мемлекеттік қызметтерге көрсету бойынша жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдау және өңдеу үшін алаң құрылды, операциялық залда электронды кезектер қойылып, қызмет ұсынудағы кедергілер барынша азайтылып, жайлы күту орындары, кондиционерлер орнатылды. Сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында күту залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтерді алу және олардың нәтижесіне шағымдану тәртібі тақырыбында келушілерге видео роликтер көрсету қамтамасыз етілген.

«Ашық әкімдік» жобасы шеңберінде жер қатынастары, сәулет, және қалақұрылысы бөлімдерімен 10 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. «Ашық әкімдік» жобасы іске қосылғалы 2466 мемлекеттік қызме көрсетілді. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыру кезінде жеке тұрғын-үй, шаруашылық құрылысқа рұқсат беру және т.бқосымша қызметтер көрсетіледі.

Орал қаласының әкімдігінде кездесу барысында С.С.Муксимов «Ашық әкімдік»жобасының негізгі жұмыс көрсеткіштері және талдау нәтижелерімен танысып жобаның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Автокөліктерді тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қазіргі таңда ең үлкен сұранысты талап етеді. Осы мемлекеттік қызметтердің сапалы түрде көрсету мақсатында еліміздегі облыстардыңбасым бөлігінде арнайы ХҚКО ашылды. Алайда Батыс Қазақстан облысында арнайы ХҚКО әзірше жоқ, мемлекеттік қызметтер БҚО бойынша Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихандау бөлімдері үш жерде көрсетеді (Орал қаласы, Бөрлі және Казталов аудандарда).

Сол күні ол Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихандау бөлімінде кездесу барысында бөлімнің жұмысын, атап айтқанда автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бөлігіндегі жұмыстармен танысты, сондай-ақ қызмет алушылармен кездесу жүргізілді.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті басшысы С.С.Муксимов, Арнайы ХҚКО-ның болмауына қарамастан тіркеу-емтихандау бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында қызмет алушыларға барынша қажетті жағдай жасауды ұйғарды.

Мемлекеттік қызметті алуда кең таралған орындардың бірі халыққа қызмет көрсету орталықтары болып табылады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ыңғайлы және сапалы мемлекеттік қызмет алу үшін жағдайлар жасалуда.  Батыс Қазақстан облысында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 14 бөлімшелері бар, ағымдағы жылдың 8 айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 993529 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Орал қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ БҚО филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің №1 бөлімшесіне сапар барысында С.С.Муксимов облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысымен танысып, Халыққа қызмет көрсету орталығындағы мемлекеттік қызмет алушылармен сұхбаттасып, қызмет берушілердің жұмыстарын жақсарту бойынша халықтан конструктивті ұсыныстар алуғадайын екендігін білдірді, соның ішінде Агенттіктің интернет-ресурсындағы арнайы рубрика арқылы.

2017 жылдың 8 айында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдары  2 571 578 мемлекеттік қызмет көрсеткен, оның ішінде қағаз жүзінде - 592126 болса (немесе жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтерден 23 %), Мемлекеттік корпорация арқылы – 887929(немесе 34,5%)қызмет көрсетілген, ал электронды форматта 1091523 (немесе 42 %)қызмет көрсетілді.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіменмемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша заңнамалардың сақталуына 34 тексеру шараларын жүргізілді, оның ішінде 26 жоспардан тыс (9 жоспардан тыс шағымдар бойынша, 17 жоспардан тыс Агенттіктің тапсырмасы бойынша), 8 ішінара тексерулер. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 1971 бұзушылықтар анықталды. 12 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды (7ішінара және 5жоспардан тыс).

   
0
0
413

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттен көрсетілетін қызметтер: қолжетімді, ыңғайлы, тез - Yvision.kz