Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сирияға әскер жіберу-жібермеу мәселесі халықаралық құқық нормалары арқылы шешіледі. Н.Назарбаев

 

Кеше БАҚ өкілдерімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев біраз мәселенің нақты бетін ашып тастады. Солардың арасында Сирияға әскер жіберу\жібермеу мәселесіне қатысты сұрақтар еді. Нақтыласақ, Елбасы Қазақстанның Сириядағы деэскалация аймағына бітімгерлерді жіберудің шарттары туралы пікірін жеткізді. Елбасының айтуынша, бұл мәселеде Сирияға әскер жіберуді Қазақстан тек БҰҰ-ның шешімімен ғана қарай алады.

Назарбаев:

«Деэскалация аймағына қатысты бізге жиі сұрақ қойылады. Біріншіден, Конституцияға сәйкес, “қауіпті нүктелерге” әскерді тек парламенттің шешімімен ғана жібере аламыз. Екіншіден, Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарт ұйымының жарғысына сәйкес, мұндай күштер қарастырылмаған. Егер БҰҰ әскер жіберу туралы шешім қабылдайтын болса, біз БҰҰ-ның мүшесі ретінде бітімгерлік күшті жібере аламыз»

Былай ақылға салсақ, мәселенің бейбіт жолмен шешілуін бәріміз қалаймыз. Бірақ, Сирия мәселесіне келгенде, бейбіт өмірді ойлаудың өзі қиындау. Алайда, Сирия мәселесіне қатысты біздің елемізде бірнеше рет халықаралық шаралар өтіп жатыр, солардың барлығы елдің ынтымақ-бірлігін нығайту мақсатындағы шаралар екені анық.

 
0
0
384

Осы тақырып бойынша

Сирияға әскер жіберу-жібермеу мәселесі халықаралық құқық нормалары арқылы шешіледі. Н.Назарбаев - Yvision.kz